3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет4/7
Дата20.05.2022
өлшемі128,01 Kb.
#35182
1   2   3   4   5   6   7

Алашордашылдар И.Сталиннің ұсынысын талқылап, автономияға қатысты өз шешімдерін мәлімдеді. Ол қаулы төмендегідей еді: 1918 жылы наурыздың 21-інде Алашорданың мүшелері ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталиннің Алаш автономиясы туралы айтқан сөзінен кейін Кеңес өкіметін Ресейдегі барлық автономиялы халықтардың кіндік өкіметі деуге қаулы қылып, төмендегі өз шарттарын білдіріп: “Желтоқсанның 5-нен 13-іне шейін Орынборда болған жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жариялайтындықтарын, Алаш автономиясының құрамына: Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Ферғана, Жетісу, Бөкей ордасы, Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, Самарқанд облысының Жизақ уезі, Әмудария бөлімі, Алтай губерниясына қараған Бийскі, Барнауыл, Змеиногор уездеріндегі қазақтар мекендеген аудандар енуге тиістігін, Алаш автономиясында заң шығаратын, ел билейтін үкімет Алашорда болатындығын, Қазақ-қырғыз істері туралы елші ретінде совет өкіметінің қасында болуға Алашорда мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтар жіберілетіндігін ескертіп, жергілікті Советтердің бұйрығы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Алашорданың мүшелерін тоқтаусыз босатып, мұнан былай оларды өтірік шағым, жаламен қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуды” талап етті. Өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап- шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді.

5- бет

  • 2. Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы
  • Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің “әскери үкіметі” және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш “әскери үкімет” Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялық офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен ““Алаш партиясыының жетекшілерінен қолдау тапты.
  • 1918 жылдың көктемінде кеңестік билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Алашорда, енді большевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге ұйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаш орда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алды және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын ұйымдастыруға уәде береді. Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20000 патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біріншісі - Қостанайда, екіншісі – Ырғызда құрыла бастады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында құрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген Алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет