Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері. Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.Қазіргу кезеңде педагогикалық үдеріс немесе жалпы оқу тәрбие үдерісі біртұтастықта қаралды.Біртұтастық дегеніміз-оқу мен тәрбиенің олардың мақсаты,міндетң,мазмұны,әдісі,құралы,түрі,ұстаз бен шәкірт,шәкірт пен ата-ана,сынып жетекшісімен сынып ұстаздары,қоршаған орта,тәрбиенің мазмұны және тағыда басқа біртұтастықта алынып, жеке жеке қаралады.
Ғалымдар М.А.Данилов, В.С.Ильин, В.В.Краевский, Б.Т.Лихачев, Н.В.Кузьмина, Ю.П.Сокольников, Н.Д.Хмель педагогикалық үдерістің тұтастығын алуан түрлі әдіснамалық тұғырлар түрғысынан түсіндірді.
Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты - пәнаралық байланыс. Бүгінгі мектеп оқушысының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеру керек: ең бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде рухани дүниесі бай және адамгершілігі мол, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру білім мазмұнын таңдауда қатаң ескертілетін мәселе екенін баса айтқан жөн.
Пәнаралық байланыс оқушылардың жеке тұлғасын дамытуда, білім мен тәрбие беру міндеттерін шешуде де өте маңызды болып табылады және педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізде ұйымдастырылуына көмектеседі.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне сәйкес дүниеде барлық заттың,құбылыстың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де тығыз байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Философия адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастырады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы-тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогиканың, оның ішінде пәннің оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс қазіргі замманғы мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Пәнаралық байланысты мазмұны бойынша төмендегіше төрт түрге бөлуге болады:
а) түсініктердің, заңдылықтардың және теориялардың жалпыға ортақтығы бойынша
б) бір ғана обьектіні оқып үйренуге қатысты жалпы ғылыми фактілер бойынша
в) жалпы ғылыми әдебиеттерді қолдану бойынша
г) ойлау іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері бойынша
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.