3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогикалық үдерістің негізгі бір бөлігі-оқыту үдерісі



бет29/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

1.6. Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. Тұтас педагогикалық үдерістің негізгі бір бөлігі-оқыту үдерісі.
Педагогика деңгейінде оқыту-қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті-педагогикалық әрекеттің тұтас қыры.
Дидактика деңгейінде оқыту-білім беру мазмұнын үйрену мен үйретудің бірлігі.
Әдістеме деңгейінде оқыту-оқыту сабақ беру әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.
Психология деңгейінде оқыту-мұғалім мен оқушының нәтижесінде оқушының интелектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын өзара іс-әрекетінің жиынтығы.
Тұтас педагогикалық үдерістің келесі бір бөлігі – тәрбие үдерісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі-еліміздің болашағын біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеялогиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» - ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.
Педагогикалық үдерістің психологиялық құрылымы: танымдық үдерістер (қабылдау, ойлау еске сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі дене мен күш-қуаты,белсенділік,еңбекқорлық не шаршау динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымын жан-жақты ашуға тырысқан.
Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдеріс, сонымен қатар педагогикалық үдерістің тұтастығығы, педагогикалық үдерістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі мектеп мұғалімі сияқты жүйе ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық үдеріс - «мұғалім-оқушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагогикалық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Педагогикалык әдебиеттердегі анықтамаларды оқыту жеке субьектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқыту- оқушы мен мұғалім жүзеге асырылатын екі жақты үдеріс;» «Оқыту үдерісі мұғалімнің, сол сияқты оқушының іс-әрекеті»; «Оқытуда барлық уақытта екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту-мұғалімнің материалды балаға түсіндірудегі, пінді оқыту барысында оқушының әрекетін бақылаудағы, оқушының материалды оқып үйренуі мен алған білімдерін қолдана қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олардың білімдері, біліктері мен дағдыларын тексерудегі іс-әрекеті. Оқу- оқушылардың белгілі бір пәнді және оқытушының түсіндіргенін қабылдаудағы, өтіліп отырған фактілер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды жасайтын саналы қызметі». Оқыту өзара баланысты, бірақ екі дербес субьектінің – мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы ретінде көрсетілген.
Педагогикалық үдеріс- «мұғалім-оқушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагогикалық үдерістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Педагогикалық үдеріс көп деңгейлі және көп құрылымды жүйе, онда жеке бір оқуш, жеке дара бір мұғалім бірінші реттегі дербес жүйе болады.
В.А Кан-Калик «ұстаздың шығармашылық үдерісі оқушылардың шығармашылық үдерісін тудыратын үдеріс... сонымен бірге бұл қзара әрекет әрбір нақтылы жағдайда байқалады, өз жағынан ол, бір сыныпта жүмыс істейтін ұстаздар ұжымының және үжымдаңы барлық оқушылардың ұжымшыл шығармашылық іс-әрекеттерінің арасындағы ерекшеліктері» деп пайымдайды.
Педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері бар (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер немесе технология). Педагогикалық үдеріс- мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәййкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің дидактикалық талаптарының педагогикалық-психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Педагогикалық үдерістің тәрбиелік тетіктері- педагогтар мен оқушылардың арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар.
Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерттеген Л.И. Новикова: «оларды мақсатты басқарудың тиімділігі көбінесе балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-психологиялық үдерістерді білуге және оларды тәрбие себьектісі ретінде сипаииауға байланысты»,- дейді.
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің негізгі қағидалары бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіндігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдылық рөлін атқаруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады: үлгілі және өзекті, соңғысы тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және тәрбие қоғамдық құрылыс ретінде өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты тарихи үдеріс. Ол жас ұрпақтың қоғам өміріне қосылуына, тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық үдерісте қызметте араласуына, шағармашылық пен рухани мәдени игіліктерді игеруіне, қоғамдық болмыстың негізін игеріп, жеке тұлға ретінде дамып , адамзат ретінде қалыптасып жетілуіне негіз болады.Ол әрбір жеке тұлғаның, қоғамның маңызды өндіргіш күшінің бөлшегі ретінде өз бақытын өзі құруға көмектеседі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық үдеріс ұғымының мәнін ашыңыз.
2. Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі дегеніміз не?
3, Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттеріне тоқатлыңыз.
4.Білім беру парадигмасы дегеніміз не?
5. Педагогикалық үдерістің субьект-субьектілі қатынас ұғымының мәнін ашыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет