3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін –өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету



бет24/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

Білім алушыларға дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін –өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету. Педагогикалық қолдау - қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасы. Педагогикалық қолдау баланы дамуына көмектесу және оның денсаулық, қарым-қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас, педагогикалық әдеп және т.б қамтиды. Педагогикалық қолдау мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, педагогикалық технологиялардың толыққанды сәтті пайдалану, оқушының ішкі жан-дүниесін, қабілетін түсіне отырып ықпал етуі.
Педагогикалық қолдау негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастан басталады. Мұғалім сыныпта педагогикалық-психологиялық жағдай жасау; тұлғаның ішкі жан – дүниесін сезіну; тұлғалық қасиеттерді түсіну; кедергілерді жеңе білу; көмек көрсету; қоғамнан өз орынын табуға көмектесуге бағытталады. Педагогикалық қолдау көрінісінің формалары- мейірімді жылы қатынас, жылы ишрат, жылы лебіз, құлақ сала білу, кеңес беру, тәрбиелеушіге сенім, оның құқығын қорғау, тәрбиешінің балаға қамқорлық қатынасы, шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруі т.б.
Педагогикалық қолдау оқушының танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуыға дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуіне ықпал етеді, педагогтың қазіргі педагогиканы гуманистік парадигмасын іске асыратын шаралары болып табылады. Гуманистік парадигма ізгілікті жеке тұлғаны дамыту, білімді, іскер жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, мектеп мұғалімдерінен тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсініп, біліп, оны жүзеге асырулары талап етіледі. Педагогикалық қолдаудың әдістеріне тәрбиенің әдістері ынталандыру, бағалау, мақтау т.б негізінде басшылыққа алынады.
Педагогикалық қолдауда баланың білімге қызығушылығын оятудың ең басты мәселесі деп қарайды. Сондықтан да тәрбиеленуші өз ынта ықыласымен жетістікке жету мүмкіндігне басшылық жасауға ерекше мән беріледі. Осыған орай тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады:
1. Қоғам алдындағы жалпы мұратқа қол жеткізу
2. Көкейкесті мақсат- жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Соңғысы тұлғаның даму мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тұлғаның өзіндік үдерістерін қолдау өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б негізгі орын алады.
Педагогикалық қолдауда өзін-өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстығын саналы сезінуге қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары педагогикалық әдепте негізгі орын алады. Әдеп-этиканы зерттеу нысаны, қоғамдық сана сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастың бір түрі. Әдеп дегеніміз- адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Яғни бір кісінің басқа кісілермен инаббатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекетінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептілік нышаны болып табылады.
Әдептілік турашылдық, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға қарсы тұру тілегі, ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандық көрсету, қанағатшылдық, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзін ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық, т.б сияқты ұғымдарды қамтиды.
Қарым-қатынас стилі- мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен шығармашылық іс- әрекеттер, білім, білік, дағды, тәлімдік тұрғыда алмасуы, мұғалімнің бағалаушылық әрекетіндегі табыстылығы қамтылады.
Педагогикалық әдеп - мұғалімнің педагогикалық үдерістегі іс-әрекетінің, қарым-қатынастағы мәдениеттілігі, әділеттілігі, адалдылығы т.б. адамға тән рухани-адамгершілік құндылықтардың бойынан табылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет