2. Тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогикалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меігеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Әлеумдік жаҺандану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минимтрлігі бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдалық негіздерінде» анықталған мақсатар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым бағыттары Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, эконогмикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер; олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады, тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
И.П. Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асатыны тоқталады:
1. тәрбиеленушіге төмендегі үш бағыт; олардың санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ету арқылы;
2. жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы ішкі пеагогикалық әрекеттесу және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы жетеміз;
3. тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институтар мен бірлесіктерді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп құқық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру;
4. тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады
5. кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.
Қазіргі мектептегі ізгілендіру мен демократизация идеясы мұғалім мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыттарын әртүрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, дифференциялық білім беруді таңдап алуға еркіндік құқығын беріп отыр. Мұның өзі үлкендермен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жағдай туғызады. Шығармашылық, еркіндік пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушысының кәсібі мен жалпымәдениетіне жоғарғы талап қойып отыр.
Тәрбие жұмысы - бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын баита қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болуы қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмеседе оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субьектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орнының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері т.б. енеді.
«Мектеп гимназиядағы тәрбие үдерісіндегі жаңашылдық неде?», - дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда, сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселелері негізгі орын алады, сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді, әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясын іске асыру.
Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үдерісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушылардың білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет.
Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үдерісіне ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іске асады. Яғни, сабақ үдерісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) негізінде іске асырылады.
Оқушы гимназистердің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:
1.Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.
2.Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.
3.Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиетерін қалыптастыру.
4.Жеке тұлғаның бойындағы құндылықтарды қалыпатастыруда рухани сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.
5.Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді, құзыреттілікті қалыптастыру.