10. Кәсіптік бағдар жұмысының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы Конституциясында «Әркімнің еңбек ету бостандағына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар», - деп атап көрсеткендей болашақ маманның кәсіби құзіретті болып шығуы қоғамның негізгі сұранысы болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру дегеніміз – мектеп директоры, мектептің оқу және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасырлары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру қызметкерлерімен бірлесе отырып оқушылардың бойындағы темперамент, мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастау алады. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру теориясы мен әдістемесі А.Е.Голаншток, Е.А.Климов, П.П.Костенков, А.Д.Сазонов, В.Ф.Сахаров, С.Н.Чистякова т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Кәсіптік бағдар беру оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогогикалық, медициналық- биологиялық, өндірістік-техникалық жүйелерді негіздеп түсіндіру негізгі орын алады. Дұрыс таңдалған мамандықтың, оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес келуі, болашақта оған қуаныш пен қанағат сезімін сыйлайды. Заман ағымына қарай қоғамда түрлі мамандыққа сұраныс өзгеріп отырады, солай болған жағдайда да, оқушылардың өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, мамандық таңдауға дер кезінде ақпараттық көмек беру керек.
Оқушы жастарға кәсіби бағдар беружүйесінің құрылымы. Оқушы жастарға кәсіби бағдар беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады: кәсіби ағартушылық, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби таңдау, кәсіби бейімділік.
Кәсіби ағартушылық жұмыс оқушыларға қоғамда қалыптасқан мамандықтар жүйесімен таныстыра отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері туралы талаптармен таныстырылуы тиіс. Мектеп пен ата-аналар бірлесе келе, оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына белсенді түрде түрткі тудырып, мамандық таңдауға жан-жақты көмек көрсетуі қажет.
Кәсіби диагностикалық жұмыс арнайы мамандардың олардың мінез құлқын зерделей отырып, жастардың таңдаған кәсібіне жарамдылығын белгілі әдістер арқылы тексерілуі көзделеді. Жоғары жүйке жүйесінің ерекшеліктері, денсаулығы, қызығушылығы, мотиві, құндылық бағдары, мамандық таңдаудағы басты ұстанымы ескеріледі.
Кәсіби кеңес арнайы мамандардың (психолог, педагог, дәрігер, сала мамандры) кеңес беруі, таңдаған кәсібіне қойылатын талаптармен, жеке басынан талап етілетін ерекшеліктермен таныстыру.
Кәсіби таңдау жеке тұлғаның еркімен өзіне қажетті мамандықты таңдауы. Жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының оқуға түсушілерге қоятын талаптарына сай болуы.
Кәсіби бейімділік мектеп түлегінің кәсіби қызметке араласуына, өндіріс жүйесіне, еңбек ұжымына, жұмыс жағдайына, мамандықтың ерекшеліктеріне бейімділігі.адамның бейімділік сапасы мамандықтың дұрыс таңдалғанын көрсетеді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысында тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы негізгі орын алады. Егер мектепте тұлғаның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, кәсіби таңдауы дұрыс қалыптасса оның өмір жолын айқындаудың негізі қалыптасты деп тұжырымдауға болады. Мектептің әр сатысында қарай жүргізілетін кәсіби бағдар беру еліміздің түрлі саладағы жетістіктерінен оқушыларды хабардар етіп, өмірдегі өз жолын табуға көмектеседі.
Бұл жерде тәрбиенің ұстанымдары: теория мен практиканың, ғылым мен білімнің, адам мен табиғаттың, еңбекке деген сүйіспеншілік, өзін-өзі дамыту, жетілдіру негізінде дамиды.
Мектептегі кәсіптік бағдар бойынша сынып жетекшілері мен педагогтардың негізгі функциялары:
Оқушы қызығулары, икемділіктерін, мінезін, тұлғаның моральдық сапасын және бағытын айқындау;
Кәсібилік туралы әңгімелесу, белгілі бір кәсіпке (мамандыққа) бағытын анықтау;
Оқушының кәсіптік қызығулары және икемділіктерін тексеру;
Кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтермен, мамандықтармен таныстыру;
Белгілі бір кәсіп және мамандық қоятын білім, іскерлік, дағдыны сипаттау;
Жаңа техника мен технологияға байланысты кәсіптің сипатының өзгерулерімен таныстыру.
Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, кәсіптік бағдар мектептің барлық оқу және тәрбие бағдарламасында мектептегі және мектептен тыс жұмыстарда басты орын алуы қажет. Бастауыш сыныптардан баланы мектепке тәрбиелеу және дамытудан оқудың алғашқы жылдарынан бастап жүргізу, оқу-тәрбие процесінде мамандық таңдау мотивтерін қалыптастыруға және дамытуға аса көңіл бөлу қажет.
Кәсіптік бағдар беру – көп сапалы әрі қиын үрдіс. Мектепті бітірген жастардың алдында қаншама кәсіптің ішінен өзіне қажетті біреуін таңдау міндеті тұр. Оқушылардың мамандық әлемінде адаспауы үшін оларға бағыт бағдар беру керек.
Оқушылардың кәсіби бағдар берудің негізгі факторлары: оқу дәрістері, саяхаттар, пәндік сабақтар және техникалық үйірмелер, кәсіптік бағдар әдебиеттерді, кино және сахналық қойылымдар, курстар, оқу өндірістік практикасы, конференциялар, олимпиядалар, тақырыптық кештер, диспуттар, әр-түрлі маман иелерімен, оқушылардың ата-анасымен мектеп түлектерімен кездесулер, қоғамдық пайдалы еңбек, әр түрлі жиындар, кәсіптік бағдар кабинеті немесе кітапханаларда орналасқан кәсіп таңдау бұрышы.
Кәсіптік бағдар әдістері оқушыны зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс-әрекет қорытындысын оның анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психо-педагогикалық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады.
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының негізі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу арқылы тұлғаның қандай мамандыққа бейім екенін айқындау үшін диагностика әдісін жүргізу ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Әр оқушыны бақылау әдісі арқылы оның бойындағы темпераментке, іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттің, ішкі жан дүниесінің сұрансын нақтылау үшін және арнайы мамандар арқылы медициналық диагностика әдісі жүргізіледі. Сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен, мектептің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлесе отырып сауаланамалар жүргізу арқылы, яғни қандай мамандықтар сізді қызықтырады, болашақта қандай маман болар едіңіз, еліміздің әлемдік білім көшіне еркін араласу үшін қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыз, елімізді өркендету үшін қазіргі таңда қандай мамандықтарды жетілдіру қажет деп тұлғаның бейімділігін айқындай алады. Диагностикалық әдісті қолдану арқылы оқушының мамандық таңдауда қателіктерін алдын ала болжау, болдырмауға мүмкіндік туады.
Мектептерде оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмысында әдістемелік жүйе толығымен қамтылады. Бірінші, пән сабақтарының мүмкіндіктері, мұғалмнің педагогикалық шеберлілігі, құзыреттілігі, екінші тәрбие және сынып сағаттары, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие шаралары ерекше орын алады. Мектептерде кәсіптік бағдар беруге байланысты мектепшілік кәсіби бағдар беру жоспары, сыныпта кәсіби бағдар беру бағдарламасы, кітапханаларда кәсіби бағдар беруге байланысты бұрыш, көрмелер ұйымдастырылады және білім бері мекемелермен тікелей байланыста жұмыс бағыттарын айқындайтын іс-шаралар жоспары дайындалады.
Арнайы кәсіби білім беретін оқу орындарына бару, олардың келіп мектептердегі ашық есік күніне қатысуы, оқушылардыңбілім беру мекемелеріндегі ашық есік күндеріне қатысу іс-шаралары оқушының болашақ кәсіп таңжауына маңызы зор. Сынып жетекшісі, пән мұғаләмдерімен, білім беру мекемелері қызметкерлерімен, оқу орындарымен көптеген өндіріс орындарымен кездесу, кәсіби кеңес алу, кәсіптік бағдар беру формалары арқылы әңгімелесу, диспуттар өткізу, дөңгелек үстелдерге қатысу оқушының болашақ мамандық таңдауына игі ықпал етеді.
Сонымен қатар, оқушының болашақ кәсібін таңдауда отбасында ата-ана, ата-әже, туыстарының, мамандық таңдауда әулеттің кәсіби династиялық жалғастығы да әсер етеді.
Жаһандану заманында оқушыға кәсіптік бағдар беруде ақпараттық жүйенің алар орны ерекше. Ақпараттық жүйедегіорта кәсіптік және жоғары оқу орындары туралы мәліметтер де болашақ кәсіп таңдауға ықпалы зор. Интернет жүйесінде кез-келген оқу орындары туралы мәліметтер оқу орнының тарихы, ондағы мамандықтар, сол мамандықтарға білім беретін профессор – оқушылар құрамы, мамандықтардың керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, тұлғаны әлеуметтендіруге байланысты іс-шаралар, оқу орнының әлемдікбілім мекемелерінің байланыс т.б. жан-жақты ақпараттандырылған. Мектептегі кәсіптік бағдар беру тұлғаның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі қарым-қатынасындағы қасиеттер мен қабілеттерін, ішкі жан дүниесінің сұранысын негізге ала отырып болашақ мамандық таңдауға ықпал ету, көмектесу арқылы тәуелсіз елімізді құзіретті кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ететін неізгі жұмыс болып табылады.