3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет39/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

4. Тәрбиенің заңдылықтары. Заңдылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құбылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді. Тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.
Заңдылық дегеніміз – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шақпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие үдерісінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.
Заңдылықты айқындау дегеніміз педагогикалық үдерісті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбиені бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқаратын іс-әрекет.
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы т.б. жатады.
Тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелері мен тығыз байланыстылығы.
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген («БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», «Бала құқықтарының Конвециясы») құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясымен, тәрбиенің мұраттарымен рухани құндылықтарының үлгісін жасауға жаңаша бағыт белгіледі.
Тәрбие үдерісінің диалектикасы. Тәрбие үдерісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Тәрбие үдерісінің негізгі өмірде кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үдерісінің диалектикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылықтарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының бірі - жеке тұлғаның даму үдерісінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Ал сыртқы қарама –қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үдерісінің қозғаушы күші болып саналады.
Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерінің ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы. Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар,түрі мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінездерін , өз бойындағы қасиеттерді сезінуін биік руханилыққа жетістіктерге дейін дамыту керек.
Тәрбиенің екі жақты сипаты. Тәрбиеші тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үдерісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықтың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс табады:тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үдерісінде мұғаліммен оқушының екіжақты байланысты қызметін сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінің өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.
Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас. Тәрбие үдерісі ізгілікке септігін тигизеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенң негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде адамгершілік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.
Әрбір адам ұжымына қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш қуатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару жұрттың бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжым мен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет