9. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы. Тұлғаның әлеуметтік белсенділігі. Қоғамдағы күрделі өзгерістер мектеп қабырғасынан шығатын оқушылардың тұлғалық сипатына мынадай талаптар қояды: өз денсаулығын сақтап нығайтуда салауатты өмір салтын өмірлік ұстанымның құрамдас бөлігі ретінде тануы тиіс; өз құқығын қорғай білуі, түрлі өмірлік қиындықтарды жеңе білуі қажет; әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, өз сезімін басқалардың өміріне ықпалын түсініп, белгілі қоғамдық тәжірибені игеруі тиіс. Қорыта келе, оқушы жастар әлеуметтік қатынастардың мәдениетін меңгеріп, оны өмір талабына сәйкес жетілдіріп отыруы, өз өмірін құруға дайын болуға бағытталады.
«Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. Socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді. Әлеумет – адамды қалыптастыратын орта; адамның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты ортасы; кеңістік –заттық, мәдени, рухани – өз белсенділігін жүзеге асырады. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өз бетінше дамуы мен мүмкіндіктерін өз бетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Әлеуметтік тәрбие – әлеуметтендірудің негізі. Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, яғни адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеуметтік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарастыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан; әлеуметтік институттар және оның субъектісі ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі қарастырылады.
Әлеуметтік тәрбиенің маынасы – баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге ең алдымен, бірінші орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптастыруға бағытталады.
Әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағымдар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХІХ ғасырдың соңында ғана қоғам оны қабылдады. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік түрінде дами бастады.
Әлеуметтік тәрбинің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жолын қарастыруға болады.
Әлеуметтік тәрбие (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский т.б.) бағытын қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге асыратын мемлекет және мектеп. Олар қоғамдық өмірді және мемлекетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оны қоғамды өзгерту құралына айналдырады. Мәдениетті және тәрбиелі ұрпақ, өзі өмір сүріп отырған қоғамды жағымды даму бағытына өзгертеді. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:
Білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қызметі арқылы жүзеге асырады;
Оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін ұйымдастыруы;
Әлеуметтік психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылардың еркін қарым-қатынастары.
Мектептегі тәрбиенің осылай бөліп көрсету арқылы оқушылардың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары жетілдіріледі.
Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынадай жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
Мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
Мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;
Педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығармашылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;
Сабақ пен сабақтан тыс іс шараларды мектептен тыс орындарда жүргізу: шеберханалар, зертханалар, табиғат аясында.
Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие – әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп таныды (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский және т.б.). әлеуметтік тәрбиенің негізгі міндеті – әлеуметтік белсенділікты дамыту, әлеуметтік әрекетті түсіну, ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.
Әлеуметтік педпгогикада адамды әлеуметтік тәрбилеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды. А.В.Мудрик факторларды 4 бөліп қарастырады:
Мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты;
Макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;
Мезафакторлар – адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар, т.б.) аудиториясына қарастылығы;
Микрофакторлар – отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар, топтар, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.
Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат мәселелері, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беру мәселесі негізгі орын алады. ЮНЕСКО-ның генералдық директоры Федерико Майор 1998 жылы « ЮНЕСКО-ның әлемдегі білім жағдайы жөніндегі ІҮ есебінде» әлемнің болашаққа деген үміті бүгінгі күннің жастары келе жатқан ғасырды қаншалықты дайындықпен қарсы алуына байланысты екеніне тоқтала отырып, келер ХХІ ғасыр алдындағы жастар білімі ресурстар мен біздің қолдауымызды әлі ешқашанда мұншалықты қажет етпегені, жалпыға бірдей келешек алдында тәрбиешілеріміздің маңызы әлі күнге дейін тап қазіргідей артпап еді деп тәрбиеленуші мен тәрбиешілердің өзара бірлескен үрдісіне аса мән береді.
Сондықтан да, біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға – өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми-техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адам бүгінгі даму үрдісінде тұлғаны әлеуметтендіру негізгі орын алады, әлеуметтендіру ұғымы бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсініге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін-өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы. Әлеуметтену ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды,терең мағыналы ұғым.
И.П.Подласый әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа көшіп жүретін баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ тәрбиелік пікіге жол көрсету.