5.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Сендіру – тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К.Крупская балалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісісн олардың адамгершілік жолында даму ісімен және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қатынасу ісімен тығыз байланысты қарастырады. Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық процестегі көп қырлылығы мен әсерлігін Н.И.Болдырев бастаған педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н.И.Болдырев «Сендіру – баланың сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі»,- деп көрсетеді.
Бұл әдістің психолгиялық негізі – баланың іске асырғысы келетін іс-әрекетінің оның ой санасында ерекше орын алуында жатыр. Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын кешенді түрде жүргізеді. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде: оқу ісін жекелеген ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларды, саяси хабарлар мен айтыстарда кеңінен қолданады. Сендіру әдісі – балаларды иландыру керек, кейбір нәрселерлді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. Н.И.Болдырев: «Сендіру дегеніміз- тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жағымсыз қылықтарынан арытып,жағымды моральдық санасын қалыптастыру мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбиеленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптасырады» - деп көрсетеді.
Сендіру барысында тәрбиеші оқушылар бойында әлеуметтік және адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қалыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес, сонымен бірге таңдап алынға әдіске байланысты. Иландыру материалдары дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында оқушы өз пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады.
Жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі.Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймай, тәрбие ісінде жеке адамның үлі-өнегесі де зор рөл атқарады.
Жағымды өнеге көрсету әдісінің негізінде еліктей жатыр. Еліктеу жоғары мұратқа қол жеткізетің жаңа іс-әрекет түрін қалыптастырады. Еліктеу арқылы жастардың әлеуметтік-адамгершілік қалыптары мен қоғамдық әрекеттері қалыптасады. Оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-адамгершілік тәжірбиесіне, сана-сезіміне қарай еліктеу әрекеті өзгеріске ұшырайды.