3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі



бет6/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалім еңбегінің ажырамайтын, бөлінбейтін, үнемі қатар жүретін тұтас педагогикалық процесті басқарудың негізгі шарты. Бұл іскерліктің өзіндік ерекшеліктері бар: жұмыс түрін анықтау, мақсатын белгілеу, жұмыстың орындалуын талап ету, тапсырма беру, тапсырылған жұмысты бақылау, орындалуын ұйымдастыру, орындалған жұмысты қорытындылау, бағалау, есеп беру, іске қызығушылықпен кірісу, басқаларға жағымды ықпал жасау, басқаларды бір іске жұмылдыра алу іс-әрекеттерінен құралады.
Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. Зерттеушілік іскерлік мұғалімнің әрбір әлеуметтік-педагогикалық құбылысқа ғылыми тұрғыдан қарауын, ғылыми болжам жасай алуын, жобалау және эксперимент жүргізе алуын, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізе алуын, сонымен қатар озық тәжірибені де, өзінің тәжірибесін де жинақтай білуін, оларға ғылыми-теориялық, практикалық талдау жасау алуын және мектеп өміріне енгізе білуін қамтиды.
Педагогтың жобалау (проективтік) іскерлігі - оқыту және тәрбие үдерістерінің перспективалық міндеттерін терең түсіне отырып, оған жетудің стратегиялары мен тәсілдерін меңгергендігі. Мұғалімнің оқыту және тәрбиелеу үрдісінің жаңа жобасын құрастырып, оны іске асырудың тәсілдерін негіздеуі, бұл жобаның орындалуында ата-аналардың, оқушылардың қатысуын қарастыруы, қоғаммен байланыстылығын, әлеуметтік маңыздылығын түсінуі маңызды болып табылады.
Педагогтың рефлексивтік іскерлігі. Өз іс-әрекеттерін бақылап бағалау, өзіне сырт көзбен қарап іс-әрекет нәтижелерінің тиімділігін талдау, өзін басқалармен салыстыра отырып нені өзгертудің қажеттілігін түсіну арқылы педагогтың кәсіби тәжірибесі жетіле түсетіні анық.
Қарастырылып отырған іскерліктер бір-бірімен тығыз байланысты келеді және өзара бірін бірі күшейтіп отырады.
Педагогикалық шеберлік дегеніміз не? Шеберлік – кез келген маманның өз тәжірибесінде ең тиімді әдістерді пайдаланып, жоғары нәтижелерге қол жеткізе алу қабілеті. Осыған орай А.С.Макаренкоо «шеберлік – қол жеткізуге болатын нәрсе, шебер-ұста, шебер-дәрігер болатын сияқты, педагог та керемет шебер бола алады» - дейді.
Ал қазіргі педагогика ғылымында «педагогикалық шеберлік» ұғымының түрлі анықтамалары көп кездеседі. Педагогикалық шеберлік ұғымына контент-талдау кестесін қарастырып көрейік (Кесте 1) .


Кесте 1. « Педагогикалық шеберлік» ұғымына берілген анықтамалардың контент талдауы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет