3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет8/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Индивид», «даралық», « жеке тұлға» ұғымдарының айырмашылығы неде?

  2. Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деігейлері қандай?

  3. Ұстаз беделі қандай компоненттерден құралады?

  4. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері қалай сипатталады?

  5. Педагогтін кәсіби құзіреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы өз бойыңызда жақсы дамыған деп ойлайсыз?

4 тақырып. ПЕДАГОГТЫҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ


Жоспары:

  1. Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуының шарты

  2. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы.

  3. Педагогикалық рефлексия – өзін-өзі тәрбиелеу негізі.

Негізгі ұғымдар: үздіксіз білім беру, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас стильдері, «Мен- тұжырымдама», сөйлеу мəдениеті, сөйлеу техникасы, өзін-өзі тəрбиелеу, кəсіби өзін-өзі тəрбиелеу, өзін-өзі тəрбиелеу əдістері, педагогикалық рефлексия, өздігінен білім алу, өздігінен білім алу əдістері, өздігінен білім алу құзіреттілігі.


Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын әлемдік деңгейде арттыра түсті. Осындай өзгерістер еңбек нарығында әр адамның бәсеке қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейімделіп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етуде.
Әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Education) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудің мәні ғылымының, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясы әр адам үшін өзінің және қоғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық шағында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Демек, адамның білім алуы уақыт интервалдарымен шектелмейді, ол өз қалауы бойынша өмір бойы өзінің білім деңгейін жетілдіре алады.
Үздіксіз білім беру - тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы және біртұтас өмірлік үрдіс. Үздіксіз білім беру – тұлғаның жалпы және арнайы оқу-тәбие мекемелерінде, сондай-ақ, өздігінен алған білім, білік, дағдыларын жетілдірудің жүйелі танымдық іс-әрекеті.
Үздіксіз білім беру жүйесіне түрлі оқу- тәрбие мекемелерінің типтері (балабақша, жалпы білім беру мектептері), кәсіптік-техникалық колледждер, жоғары оқу орындары (магистратура, докторантура, адъюнктура), біліктілікті жетілдіру курстары, тағылымдамалар, түрлі қызығушылықтарға байланысты құрылған қоғамдастықтар, on-line курстары, семинарлар, тренингтер, дистанциялық оқыту түрлері т.с.с. жатады.
Білім берудің үздіксіз сипатқа ие болуы оның құндылығының артуының дәлелі. Әр мемлекеттің дамуы оның экономикасының дамуымен ғана емес, сонымен қатар, адами капиталының даму деңгейімен, адами құндылықтар сапасымен өлшенуі тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасында барынша барлық мемлекеттердің рейтінгісі жүйелі анықталып отырады.Ол рейтингтегі негізгісалыстырмалы үш өлшемі:
- Адамдардың денсаулығы, өмір жасының ұзақтығы;
- Адамдардың сауаттылық деңгейі, біліммен қамтыллу сапасы;
- Адамдардың өмір сүру деңгейі.
Осы өлшемдерден көріп отырғандай, білім құндылығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының адами даму рейтингісінің негізгі үш субъективті факторының бірі ретінде қарастырылуда. Осы рейтингке қатысқан мемлекеттер адами даму индекстері бойынша төрт үлкен категориялар бойынша жіктеледі: адами даму индекстері өте жоғары, жоғары, орташа, төмен мемлекеттер.
Үздіксіз білім берудің себептері:
- Қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттілігі;
- Білімнің қоғамдық капиталға айналу үрдісі;
- Қоғамдағы тек білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті,құзыретті мамандарға деген сұраныстың көбеюі;
- Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуына байланысты бұрынғы білімдердің тез ескіріп қалуы;
- Жаһандану әсерінен ақпараттармен алмасу жылдамдығының күшеюі.
Үздіксіз білім беру идеясы төмендегідей қағидаларға негізделіп жүзеге асырылады:
- гуманизм принципі;білім алудың қолжетімділігі;
- білім берудің ашықтығы;
- білім берудің жан-жақтылығы т.б.
Білім беру саласында үздіксіз өзгерістер енгізу қажеттігін біз соңғы жылдары Қазақстан мектептерінің білім сапасын анықтайтын және білім нәтижелерінің тиімділігін көрсететін түрлі халықаралық деңгейдегі PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің нәтижелерінен байқап отырамыз. Осындай зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай білім беру сапасын жоғарлату үшін әуелі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет.
Жаһандық өзгерістер аясындағы жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамыту, ерекшеліктері жан-жақты қарастырылуды. Осыған байланысты үздіксіз педагогикалық білім беру үрдісі ерекше өзекті мәселеге айналып, Қазақстан Республикасының жаңа форматты педагогына үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы әзірленген. Бұл тұжырымдаманың негізгі мақсаты- өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жаңа форматты мұғалім тұлғасын қалыптастыру жүйесін анықтау.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра алу біліктіліне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігі байланысты болады. Қазіргі заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстап ғана бәсекеге қабілетті ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз – жаңа ғылыми білімдерді іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабырдай алатын, өзінің кәсәби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.
2. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат таризындағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек философы Сократтың, шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр ал-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектерінен, Мұхтар Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінен бастау алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілігі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны баршамызға мәлім.
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істейтін адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солардың ішінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі елеулі орынды иеленеді, себебі оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзінің тәрбиелік деңгейі өте жоғары болуы керек.
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамыту үрдісінің нәтижесі – оның жеке тұлғалық қасиеттері мен кәсіби-педагогикалық қызмет талаптарының сәйкестілігінің жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізгі қозғаушы күші – өзін-өзі өзгерту мен жетілдіруге деген қажетттілік.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.
Л.С.Выготскийдің: «кез келген тәрбие ең соңында өзін-өзі тәрбиелеуге ұласады» - деген ойы педагогикадағы өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің өзекетілігін дәлелдейді. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін өте төмен бағаласа, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалар мен қарым-қатынас жасау қиынға соғып, көптеген сәтсіздіктерге кездесуі мүмкін.
Өзін-өзі қадағалау әдісі басға адамдармен қарым-қатынас жасаған, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы: кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты дыбыс шығаратын күннің күркіреуі ол адамды сондай қатты ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын обьектіге өзінің қандай қатынаста екеніне байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық үрдіс. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде ұстаздардың ұстамдылығын, шыдымдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет