3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі



бет78/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

9.3. Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігінің тәсілі.
«Форма» ұғымына С.И. Ожегов «белгілі мазмұны бар бір нәрсенің түрі, құрылымы, құбылысы, қарастырылымы, типі», - деп анықтама береді. Оқушылар мұғаліммен бірге танымдық әрекетте немесе қарым-қатынас кезінде тәртіптің мәдени формаларын игереді.
Оқыту әдістері оқушылардың білім алудағы мақсатты, үлкен нәтижелерге жету жолдары болып табылады. Мұғалім нақты түрде жаттықтырушының рөлін атқарады, ол өзінің жұмысын жақсы біледі және оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізеді.
Оқыту индукциялық пен дедукциялық әдістер арқылы құрылады. Индукция - ой тұжырымының жекеден жалпыға өтуін білдіреді. Оның үш түрі бар: индуктивтік қорыту; аналогиялық ( ұқсастыру); тәуелділік себебі туралы пайымдау. Дедуктивті пайымдаудың үш түрі бар: ақиқаттылығы дәелді керек етпейтін - аксиома, логикалық тұжырым, қорытынды. Дедукцияның үш түрі бар: жалпыдан жекеге өту, жалпыдан жалпыға өту, бірліктен жекеге және жалпыға өту. Дедукцияның ережелері түсінуге күрделі және қиын, сондықтан ол білім деңгейі жоғары, дайындығы бар оқушыларды оқытқанда пайдаланады. Дедукция және индукция оқытудың басқа да құралдарымен қатар қолданылады.
Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары: сабақ, экскурсия, практикумдар мен семинарлар, оқушылардың оқу үй жұмыстары, сынақтар, конультация емтихан, факультативті сабақтар және т.б. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары: пәндік үйірмелер, ғылыми қоғам, олимпиадалар, байқаулар және т.б. Мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қала береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсілдері саралау және даралауға бағытталағандығы және әртүрлігі мен ерекешеленуі тиіс. Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірталас, диалогтерге тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тапсырмалар топтық жұмыс түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі практикумдарға, зерттеу сабақтарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар. Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылардың сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі, олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым академиясы, үйірмелер түрлі факультативтер дарынды оқушыларды анықтау және дамытуда кең мүмкіндіктерге ие.
Оқыту тәжірибесі көрсеткендей, оқыту құралдары жүйесін ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі - кабинеттік жүйе. Бұл кабинеттер жүйеде арнайы бір пәннің барлық құралдары (немесе бір мұғалім қолданатын) тек бір кабинетте орналасуы тиіс қажет жағдайда басқа да орындар: лаборанттық, зертханалық, жөндеу шеберханасы қосылады.Оқу кабинеттері теориялық білім мен жаттығулар (семинарлар, есеп шығару, бақылау жұмыстары, тәжірибелік сабақтар) өткізуге арналған. Оқу зертханалық дәрісханаларда тәжірибе жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде оқушыларда түрлі техникалық, кәсіптік, еңбек зерттеу және басқа дағдылар қалыптасады. Кабинеттің жанында қосалқы бөлмелер болуы керек. Зертханада тәжірибелер және басқа көрсетілімдер даярланады, көрнекі құралдар, үлестірмелі материал зертханалық жұмыс құралдары сақталады. Кейде зертханаға басқа да бөлмелерді қосып, құралдар қоятын, жөндеу жұмысына қажет үстел, оқытушылар үшін үстелдер қояды. Бір бөлменің өзі мұғалімдердің барлық жұмыстарына қажет болады, сабақтарға даярланатын уқыттың жалпы көлемін азайтады.
Тақырыптарға түрлі оқыту құралдары арналуы мүмкін: баспа құралдары, кинофильмдер және т.б. Көрсету жабдықтары мен баспа құралдары бір-бірін алмастырмағанымен, түрлі дидактикалық мақсатта олар бірін бірі толықтыра алады. Көрнекі құралдар келесі қызметтерді атқарады: 1) мектептен тыс үдерістермен, құбылыстармен таныстыру; 2) обьектінің қазіргі түрімен, тарихи дамуының сыртқы келбетімен таныстыру; 3) обьектінің іс-әрекет ұстанымдары, құрылымы, оны басқару, техника қауіпсіздігі туралы көрнекілік келтіру; 4) үдеріс немесе құбылыс сипаттамаларын өлшеу немесе салыстыру туралы көрнекі бейнелеу; 5) қолдану, затты жобалау немесе дайындау кезеңдерін белгімен бейнелеу; 6) ғылым тарихымен және оның даму болашағымен танысу.
Көрнекі құралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемді құралдар (аппараттар, коллекциялар, құралдар және т.б.); 2) баспа құралдары (суреттер, плакаттар, портреттер, сызбалар, кестелер және т.б.); 3) көрсетілетін материалдар, видеофильмдер, слайдтар және т.б.).
Техникалық оқыту құралдары - бұл мұғалімге оқушыларды оқу мағлұматтарымен қамтамасыз етуге, еске сақтауға, білімді түсінуге және қолдануға, оқыту нәтижелерін бақылауға алуға көмектесетін қондырғылар. Оларда арнайы ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламалар құруға және сақтауға болады. ТОҚ-тың келесі түрлері бар: ақпараттық, бағдарламандырылған, ТОҚ оқыту, білімді қадағалау, жаттықтырушылар мен аралас құралдар түрлері. Оларға кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графо-проекторлар, бейнефильмдер, дидарлық кешендер, дербес комьпютерлер және компьтерлік жүйелер (сыныптар) жатады. Олар әрдайым жетілдіріліп отырады, мектептегі белгілі бір уақытта жаңа, ТОҚ-ты жалпы қолдануға арналған, сонымен қатар мамандандырылған: шет тілін үйренуге арналған лингафон кабинеттері, физика, математика және басқа пәндерді оқуға арналған кешендер тұрады. Қазіргі заманғы дербес компьютерлер қосымша қондырғылармен жарақталып, мәтінді сызба, мультипликациялық, дыбыспен (сөз және музыка) үйлестіріп, жабдықтауды мультимедия деп атайды. ТОҚ пайдаланбас бұрын оқушыларға оларды қалай қолдануын үйрету керек. Бұл жерде оқыту құралдары игеру пәнінің рөлін атқарады.
Жаңа стандарттар құзіреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет