9.1. Оқыту құралдары туралы түсінік. Оқыту құралы дегеніміз - бұл жаңа білімді меңгеру. Оқу құралы мен әдістері бір-бірімен тығыз байланыста болады, бір-бірімен үйлесімділікте қолданылады, сондықтан олар білім беру теориясында бірыңғай тұжырымдаманы құрайды. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы белсенділіктерінің әрекеттесуінде әрдайым қарым-қатынастар және субъектілердің әрекеттері байланысады және соның нәтижесінде әдістер мен құралдар оқушылардың оқуына жағымды әсер ету үшін қарым-қатынас және әрекет әдістері мен құралдарына бөлінеді.
Оқыту құралдары қызметін атқаратын объектілерді әр түрлі негіздерге байланысты мына түрлерге саралауға болады: іс-әрекеттер, субъектілермен, білім деңгейіне әсер етуімен, басқа да қабілеттерді дамытудың түрлі тәсілдерімен, олардың оқудың үрдісіндегі тиімділігімен ажыратылады.
Объектілірдің құрамына байланысты оқыту құралдары материалдық және идеалдық болып бөлінеді. Материалдық оқыту құралдарына-оқулықтар, кестелер, макеттер, бөлмелер, жиһаз, оқу кабинеті жабдықтары, көрнекі құралдары, микроклимат, сабақ кестесі және т.б. оқытудың материалдық-техникалық жағдайлары енеді.
Идеалдық оқыту құралдарына - мұғалім мен оқушылардың жаңа білімді алу үшін қолданылатын меңгерілген білімдері мен іскерліктері жатады.
Қазіргі оқыту құралдары көбінесе жаңа оқу әдістерін қолдануды көздейді. Солай, техникалық оқу құралдары құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсету арқылы оқу жұмысының әдістерін елеулі өзгертеді. Олар кітаптарға қарағанда оқушылардың қабылдауын тиімді ұйымдастырады және бағыттайды, оқушылардың қызығушылығын ынталандырады, жұмысқа жауапкершілігін арттырады, оқу ақпараты көздері мен өлшемдері қызметін атқарады. Білімді бақылау мен оқушының өз білімін өзі бақылауына мүмкіндік жасайды.
Тұтас педагогикалық үдерістің оқыту құралдары – іс-әрекет түрлері (ойын, таным, еңбек, қарым-қатынас). Іс-әрекеттік тәсіл.Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұнында білім алушының білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабылдауы жатыр, бұл өз кезегінде оның білімінің, біліктерінің және кең ауқымды дағдыларының белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді. Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» сияқты категорияларға топтастырылған. Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше ізденуді, түсіндіруді, талдауды түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды қолданады.