3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет80/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

Құзіреттілік тәсілі. Құзіреттілік тәсілдің масаты дәстүрлі емес типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілі. Жүйелі әрекеттік тәсіл білім алушының оқу-әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өздік ұйымдастыру режимінде оқу процесінде ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жүйелі әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады.
Интегративтік тәсіл. Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл барысындағы оқыту процесі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркем өнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп, қиындықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.
Ойын арқылы оқыту. Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері: ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады. Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.
Жобалау тәсілі. Оқу жобасы - білім алушылармен немесе білім алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыдан шешу әрекетімен және келісілген әдістермен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипатталады.
Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Жобалау әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық, топтық жобалау дайындау бойынша атқаратын іс-әрекеттерін ұйымдастыру ұсынылады. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет