10.2.Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған.Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар. Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т.Огородников, И.Н. Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В.Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М.Яковлев, А.М. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н.Борисов), оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М.Кирюшкин).
М.И.Махмутов ұсынған сабақ құрылымы сабақты ұйымдастыру , жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейлеріне қарай бөлінеді.Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип- жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, 2-тип-білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, 3-тип-білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип- аралас сабақтар; 5-тип- білімді,іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары. Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады. Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасына қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсініктері жатады. Себебі, ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бөліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың білімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары – сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.
10.3. Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.Сабақтың құрылымдық бөліктерінің өзара әрекеті-ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұғалім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И.Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған. Сабақтың дидактикалық құрылымы бұрынғы материалды қайталауда емес, мұғалімнің түсіндіруі немесе мәселелік жағдаят жасау, бұрынғы мәселелерді шешу болжамын ұсыну барысында жаңа түсінікті енгізуден басталуы мүмкін. Ұсынылған болжамды дәлелдеуде сабақтың басында алдыңғы сабақта оқылған білімді қолдануға қажет өззектендіру жүруі мүмкін.
Аралас сабақты өткізудің реті – ұйымдастырудың сәті, үй тапсырмасын тексерту, өткен материалды оқушыдан сұрау, жаңа материалды оқып-үйрену, оны бекіту және үйге тапсырма берумен аяқталады.
10.4. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальді формалары.Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың жаппай түрі деп – мұғалім мен оқушылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп талқылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында сыныптастарының және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің белсенді болуына көмек береді. Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығарма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмаларды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, сыныпты біріктіре отырып табысқа жетуге баулу керек.
10.5. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастырудың дара түрі.Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен мен оқу мүмкіншіліне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орындайды дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, шығарма жазу, мазмұндама реферат, баяндама даярлау болуы мүмкін. Дара жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолданылады.
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің дара және дараланған екі жолы ерекшелінеді. Алғашқысы – жалпы сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі – оқушылардың оқу-танымдық әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып табылады. Ол әрбір оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлығына, оқу мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы.Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
сынып оқушыларыны сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;
әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғалімнің басқаруымен шешеді.
Топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүмкіндіктері ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топтың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін-бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқуышылардан құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семинар-сабақ, бинарлы-сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
10.6. Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады. Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы «пайда болған» сабағын көруге болады. Тақырыптық жоспарлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұорғыда ұсынған педагог М.И.Махмутов болды.
Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау.Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтың мақсаты – бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушылардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын материалды іріктейді, қорытынды сұраұтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сұрақ құрылымын анықтайды. Сабақ жоспарында сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидактикалық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша мазмұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек бөлімдер өзектендіріледі, жаңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдайлары оларды қолданудың даңдылары, оқушылардың оқу әрекетін бақылау және түзету, білмеуден білуге қарай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу танымдық және практикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
Оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
Оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқытуғ жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.