3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Қазіргі педагогикалық технологиялардың әр түрлі тұрғыдан жіктелуі



бет98/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
14.4.Қазіргі педагогикалық технологиялардың әр түрлі тұрғыдан жіктелуі.Педагогика ғылымында мен практикада педагогикалық технологиялардың алуан түрлі нұсқалары кезедеседі.Технологиялардың көптүрлілігі және көлемділігі оны жүйелеуді және топтастыруды қажет етеді.Бұл мәселемен А.Я.Савельев,В.Безрукова,Г.Ю.Ксензова,Г.К.Селевко,В.В.Юдин және басқа ғалымдар айналысқан.
Технологиялардың жіктелуін нақтылауда қазіргі уақытта макротехнологиямен микротехнологияларды бөліп қарастырады.Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық үрдіс стратегиясы мен дамуын анықтайтын,ұжымдық шығармашылық іс әрекет,ынтымақтастық,дамыта оқыту,тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру технологияларын жатқызады.
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзіндік жіктеуін ұсынады:
1)Педагогикалық қарым-қатынасты ізігілендіру демократияландыруға негізделген технологиялар
2)Оқушылардың іс әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар
3)Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі технологиялар
4)Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар ( П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы»)
5)Баланың табиғи дамуына сүйенетін,халық педагогикасының әдістерінің пайдаланатын табиғи үйлесімділік.
6)Альтернативті технологиялар:Р.Штинердің вальдорф педагогикасы,С.Прененің еркін еңбк технологиясы және тағы басқа.
7)Кешенді технологиялар А.М.Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі.
14.5.Педагогикалық технологиялардың түрлері және сипаттамалары.
1)Тұлғалық бағдарлық білім беру технологиялары гуманизм идеясына негізделген және тұлғаны басты құндылық ретінде бағалайтын технологиялар.Педагогикалық теорияда барық технологиялар оқушы тұлғасын дамыту,а бағытталған,дегенмен тұлғалық-бағдарлық технология негізгі ерекшелігі мұғалім мен оқушы тұлғаларынынң ізгілік қатынасқа негізделуінде,оқушының оқу ортасын ізгілендіруде.Педагогикадағы бұл бағыттың өкілдері :Ш.А.Амоношвили,В.В.Сериков,Ю.И.Турчантнова,И.С.Якиманская,А.А.Бисенбаева т.б.
Осы бағыт бойынша оқу үрдісі мен оқушының өздігінен оқу үрдісі ажыратылып қарастыралады,яғни оқушының оқу арқылы тұлғалық қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып,оының жеке даралығына,темпераментіне,мінезіне,өзіндік қарым қатынас стиліне,ұқайталанбастығына,оқу үрдісін оқушыға барынша қолайлы етіп берілуге басымдық беріледі.
Тұлғалық бағдарлық оқыту технологиялары мынандай тұжырымға негізделеді:
1.Білім алу арқылы адам өзін-өзі қалыптастыру,өзінің қайталанбас жан екенін сезіну,өзінің болашағына өзі жауапты екенін түсіндіру
2.Мұғалім тарапынан оқушыға қамқорлық,құрметпен сыйластық танытылып,өзі-өзі өзіектендіру,өзін-өзі тәрбиелеу тетіктерін қалыптастыру
3.Гуманизм идеялары негізінде оқушылардың қоғам,мәдениет,әлеуметтік ортаның белсенді мүшесі ретінде құндылықтық бағдарларын қалыптастыру.
4.Оқушының интеллектуалдық әлеуетін ашуға,шығармашылық қабілеттерін дамытуға,қажеттіліктерін жүйесін дұрыс анықтауға үйрету.
5.Тұлғалық-бағдарлық технологияларын қолдануда түсіндіруден түсіндіруге,монологтан диалогка,сырттай бақылаудан өзіндік бақылауға,сырттай бағалаудан өзін-өзі бағалауға басқаруға ауысудың талап етуі.
6.Оқушыларға өз бетінше шешім қабылдауға,өздігінен оқу траекториясын анықтауға мүмкіндіктер және еркіндіктің берілуін қадағалау.
2)Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары.Оқытудың ұжымдық түрлері ертеден қалыптасқанымен,оның ерекшеліктері мен арнайы зерттелуі А.Г.Ривин,В.К.Дьяченко еңбектерінде қарастыраылады.
Аталған қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында ұжымдық-танымдық іс әрекет технолгиясы топтық,шағын топтық,жеке,жұптық оқыту түрлерін,жұптар мен шағын топтар құрамының ауыспалы болуын,оқушылардың өзара бірін-бірі оқытуларын,өзара бірін-бірі бақылау мен бағалауларын,өзара көмек көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Оқушының оқу-танымдық үрдісіне қолайлы ортаны колаборативті орта деп атайды.
Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырудың үлкен педагогикалық шеберлікті және шығармашылықты қажет етеді.Әуелі оқушылармен бірігіп топтық жұмыс ережелерін құрастырып алғанабзал.Бір сабақ минут-минутына дейін ойластырып,балалардың топтық жұмыстарынжоспарлап,коллаборативті ортаны қалыптастыру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші.Осындай сабақ жоспарын құрудың өзі қызықты шығармалық үрдіске айналады.
Топтық жұмыс ережелері құрастыру және оны оқушылар үшін тартымды қылып көрсету маңызды.Құрастырылған ережелер барлығына бірдей көрінетіндей ,оқылатындай және суреттермен бейнеленіп тұрғаны дұрыс.Балалар өз пікірінің бағалы екенін сезініп,өз күштеріне деген сенімдері арта түседі.Топтық жұмыс ережелерін юалалардың өздеріне құрастыру мұғалім үшін өте ұтымды қадам,себебі олар өздері ұсынған ережеге қарсы шыға алмайды.
Қазіргі кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау формалары да көп қолданылады.Сондықтан ережелердің өзін сабақ үстіндегі объективті өзара бағалауға,жауап беру тәртібіне,уақытты ұтымды пайдалануға,сөйлеу әдебіне,тыңдау мәдениетіне қатысты бекітіп алуға болады.Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін анықтап алу,бағалау тиімділігін арттырады.
Дәл осылай сыныптағы оқушылардың топтарға бөлінуін,топта әрқайсысына жеке рөлдердің бөлініп берілуін алдын ала ойластырып алған жөн.Топтық жұмысқа әр оқушыға рөлдерді таратып беруәдістемесі жақсы нәтижелер көрсетуде.Мысалы,сыныпта 30 оқушы болса,оларда 6 адамнан 5 топқа бөлу қажет дейік.Топтарға бөлудің өзі сан алуан түрлері белгілі.Ең қарапайым әдіс ретінде балаларға 1-5 ке дейін санату.1-ші номердегілер – 1 ші топқа,..5-ші номердегілер 5топқа топтасады.Енді әр топ орналасқан партаға рөльдері жазылған карточкалар қойылады.Әр топ мүшелер рөльдерді кездейсоқ суырып алып отырып,сол рөл бойынша қызмет атқарады.Бұл рөлдердің әр балаға ауысып келіп отыруы оларды әр қырынан танытуға бағытталып,әзірленген.Мұғалім өз шығармашылығына,оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін дамыту қажеттілігіне байланысты басқада рөлдерді ұсына алады.
Осылайша оөлдерді үлестіру арқылы әр оқушының оқу белсенділігін арттыру,үнемі жауапқа дайын болып отыру,оларды әр тақырып мазмұнын талқылау ағымында ұстап отыруға болады.Топтық жұмыстың маңызды ерекшелігі-топтағы әр адамның жеке қасиеттерін,көшбасшылық қасиеттерін аша білу мүмкіндігі.Осы рөлдерге байланысты тапсырмаларды да түрлендіріп отыруға болады.Мысалы тақырыпты толық талқылаған кейін әр топтан оптимистер мен скептиктерін шығарып оптимистер және скептиктер тірсін өикізуге болады.Ол үшін тақта алдында әр топтың оптимистері бір қатарға,скептиктері қарама-қарсы екінші қатарға бөлініп тұрады.Әр топ өз пікірлерінің қарсыластарының пікірінен маңыздырақ екенін мысалдармен дәлелдеп шығуға тырысады.Оптимистер тақырыптың практикалық құндылығы,ұтымды жағымды жақтарын ашып көрсетсе,скептиктер керісінше,олардың айтқанына күмән тудырып,кедергілерді көрсетіп,жауаптарынжоққа шығаруға тырысады.Егер жауап беру қиындап бара жатса әр топтан скептиктер шығып сөйлеулеріне болады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясының мақсаты – оқушылар арасындағы қарым қатынас мәдениетін жасқарту.
3)Проблемалық оқыту технологиясы.
Прблемалық оқыту идеясы оқушылардың ақыл ойын дамытуда оқыту қызықты танымдық үрдіске айналдыруға байланысты пайда болған.Бұл идеялар Я.А.Коменскийдің,И.Г.Пестлоцийдің,Ф.А.Дистервег,К.Д.Ушинскийдің және т.б. пндагогтардың еңбектеріндегі зерттеу өзегіне айналған.Сонымен қатар 20 ғасырда шетелдік педагогика проблемалық оқыту идеясы американдық психолог Д.Ж.Дьюдің еңбектерінде оқушыларды белсенді оқу іс әрекетіне қатыстыру,оқу проблемалырының шешімдерін өздігінен іздеткізу тұрғысынан зерттеліп дами түсті.
ТМД елдерінде проблемалық оқыту технологиясының зерттелуі М.А.Данилов,В.П.Исипов,И.Я.Лернер,А.В.Брушлинский,М.И.Махмутов,А.М.Матушкин т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.Бұл зерттеулер нәтижесінде оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай,керісінше сол білімге өздерінің ізденістері арқылы,алдарына қойылған проблемалық ситуацияларды шешу арқылы жеткізудңғ маңыздылығы негізделді.Дәстүрлі оқытуда балалардың ізденіс жұмыстарынынң айқын көрінбейтіні алаңдатушылық туғызады.Білім инемен құдық қазғандай балаларды ізденіске,шығармашылыққа тапқырлыққа,ой еңбегіне деген қызығушылықтарын оятып ынтыландыра алуы болатын керек.
Проблемалық оқытудың негізгі элементі проблемалық ситуация.Проблемалық оқу ситуациясын шешу арқылы балалар өз қателіктерінің себептерін түсінетін болады.Осындай ізденіс үстінде оқушылар өз пікірлерін негіздеу үшін фактілермен аргументтерді келтіріп,өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеуді үйренеді.Сонда ғана қол жеткізген білімері нақты сенімдеріне айналып,білім беріп естерінде сақталады.Осылайша білім берудегі үстірттілікпен формализимнен біртіндеп арылуға болатыны анық.
6) Сайттар, буклеттер жасайтын бағдарламаларды, редакторлармен жұмыс жасай алу, электрондық кітапханалар мен веб сайттарға сілтемелерді пайдалана отырып, сабақ тақырыбына қажетті қосымша материалдарды пайдалана алуы;
7) Интернет желісінде блог, форумдар жүргізу, оқушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен кәсіби желілік қоғамдастықтарда on-line жұмыс жасай алуы, желілік журнал, күнделіктер жүргізуі;
8) Интернет кеңістігінде оқушыларды дистанциялық олимпиада, сайыстарға, викториналарға қатыстыруы;
9) Арнайы Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn және т.б. интернет платформаларында on-line түрінде біліктілікті жетілдіру курстарына қатысуы.
Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігіне қойылған талаптар жылдан-жылға жаңарып, өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет