3-тақырып Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы



бет6/15
Дата11.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#42413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Таза келтірілген құн


Таза келтірілген құн (NPV) – бұл келешек ақша ағынының бастапқы шығындарды алып тастағандағы келтірілген құны. NPV=
    • NPV есептеу мысалы: Кеңсе ғимаратын салу бойынша 1 жылдық жоба құнын бағалау :
    • 1-қадам: Ақша ағынының болжамы
    • Бастапқы инвестиция () = 370
    • 1 жылдан кейінгі сату құны С1= 420
    • 2-қадам: Дисконттау мөлшерлемесін анықтау
    • Егер тәуекел деңгейі осындай балама инвестициялар капитал нарығында 5% табыстылық ұсынатын болса, онда жоба үшін капитал құны r = 5%.
    • 3-қадам: Келешек ақша ағынын дисконттау
    • PV = С1/(1+r) = 420/(1+0,05) = 400
    • 4-қадам: PV-дан бастапқы шығындарды азайту
    • NPV = 400 – 370 = 30
    • Бұл жобаның таза келтірілген құны болып табылады.

Таза келтірілген құн (NPV) – бұл келешек ақша ағынының бастапқы шығындарды алып тастағандағы келтірілген құны. NPV=
Пайданың ішкі нормасы (IRR)
Пайданың ішкі нормасы (Internal Rate of Return, IRR) – бұл, таза келтірілген құн (NPV) 0-ге тең болатын дисконттау мөлшерлемесі, ақша қаражаттарының дисконтталған кірісі олардың дисконтталған шығысына тең болатын салыстыру мөлшерлемесі.
Іс жүзінде кәсіпорын өзінің қызметін, соның ішінде инвестициялық қызметін әр түрлі көздерден қаржыландырады. Авансталған капиталды қолдану ақысы ретінде пайыздар, дивиденттер төлейді, яғни өзінің экономикалық әлеуетін ұстап тұру үшін негізделген шығындар шегеді. Сол шығындардың салыстырмалы деңгейін сипаттайтын көрсеткішті авансталған капиталдың «бағасы» деуге болады. IRR жобаны қаржыландырудың сыртқы көздеріне төленуі мүмкін максималды мөлшерлемені анықтайды, ол кәсіпорынның залалсыздығын (безубыточность) қамтамасыз етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет