31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Бұқар жыраудың «Айналасын жер тұтқан» жырының мазмұны, көркемдігі



бет20/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
55. Бұқар жыраудың «Айналасын жер тұтқан» жырының мазмұны, көркемдігі

56. Шал ақынның қызбен, жігітпен, кемпірмен айтыстарының ерекшеліктері

Әйгiлi жазушымыз, Шалақынтанудың ерен майталманы, үздiк бiлгiрi Мұхтар Мағауиннiң деректерiнде Шал ақынның айтыс өнерiнiң де үздiгi болғандығы айтылады. Оған"Өске мен Шал ақын”, "Шал мен кемпiрi”, "Бәйбiше мен Шал ақын”, "Шал ақын мен қыз” атты айтыстары куә болмақ. Ал, қақтықпалы, соқтықпалы шағын қақпақылдар, қамшы қағыстар өрiс алған Шалдай жүйрiк ақындар кем де кем. Айтыстарының бәрi де өмiрдiң шын көрiнiсiн ашық айтып, адамның құмарын қандыра бiлетiн озық ойлы, алмас кездiктей өткiр тiлдi әзiлге бай келедi. Өлеңдерi де көтерем ұйқас емес, буыны берiк төрткүл дүниенiң тұтқасындай төрт буынды ұйқаспен шұбыртпалы әрi құтыртпалы сомдалады. Шал ақын ғылым, бiлiмдi уағыздап, өзi ұстанған фәлсә-фасын алға тарта бiлдi. "Кедейлiк ер жiгiтке намыс емес”, "Жоқ болсаң қызыл бүйi үйiң болар”, "Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса”, "Ашу - дұшпан болғанда, нәпсi - жауың” десе ұлағатты ұлылыққа бой ұрған дана дер едiк

57. Жыраулық поэзияың қалыптасу тарихының алғышарттарын сипаттаңыз.

Жырау – ақпа-төкпе импровизатор, өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді, көкейкесті мәселелер турасында толғанған. Халық қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі – жырауларды өзгелерге қарағанда аса қадір тұтқан.

XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігі сарай маңында көрінеді. Мұндай сипатты Шығыс, Орта Азия елдерінің ақындары өмірінен де байқаймыз. XVII ғасырда патша сарайында ертекші, әңгімешілер ұстаған. Сөзі өтімді, халыққа беделді мұндай адамдарды ел билеушілер тірек етпеуі, өз маңында ұстамауы мүмкін емес еді.

Жыраулар әлеуметтік мәні зор, ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп сан қилы тақырыпта өлеңдер шығарды. Бұл сипаттар Тәтіқара, Көтеш, Шал шығармаларынан, XIX ғасырдағы ақындар мұрасынан айқын аңғарылады.


Халқымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер – жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындардың төл шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы мүмкін. Жыраулар мен ақындар жырларды тудыра отырып, өзі де қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратып отырған. Бұл дәстүр қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ноғай т.б. халықтарда күні бүгінге дейін сақталып, дами түсті.

XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар елдік, ерлік, өмір, дін, заман хақында толғанған. Олар шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық-дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, атамекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған.

Ақын, жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих іздері сайрап жатыр. Әр дәуірдің ірі, іргелі оқиғалары, көрнекті адамдары тарихи тұрғыда нақты, дәлдікпен көріне қоймаса да, жыраулар мен ақындардың өз басы жағдайлары, жыр жолдарында кездесетін адамдармен қарым-қатынасы, олардың сыртқы һәм ішкі бейнесінің кейбір көріністері, сол замандағы бірқатар оқиғалар хақындағы деректер анық байқалады. Мысалы, Асан қайғы жырламаса Жәнібек хан, Шалкиіз жырламаса Темір, Әзике, Мансұр билер, Махамбет жырламаса Жәңгір хан поэзия жолдарында қалмас еді. Мысалы, Тәтіқараның «Кеше тоқыраулы судың бойынан», Бұқардың «Ал, тілімді алмасаң» толғауларынан Абылай өмірінің кейбір деректерін, Үмбетейдің «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуінен» қалмақ пен қазақ арасындағы шайқас көріністерін тани аламыз.

Ақын, жыраулар хан қасында болып, оның мәртебесі мен мерейін асыруға қаншама қызмет еткенмен, өмір шындығын жырлаудан ауытқи алмаған, реті келгенде хан мен бектің ұнамсыз қылық, ыңғайсыз істерін де ашық айтып, батыл әшкерелеп отырған. Замана шындығын, дәуір сырын бейнелеген жолдар ақын, жыраулар мұрасында аз емес. Мұндай реалистік элементтер «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» сияқты Асан толғауларында, «Би Темірге айтқаны», Ақтамберді, Бұқар, Шалкиіз т.б. ақын, жыраулар мұраларында да мол. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет