31. Жырау мен ақындар шығармаларының арасындағы байланыс


Асан Қайғының Жәнібек ханға арнауларының тарихи, көркемдік мәнін ашып көрсетіңіз



бет21/23
Дата29.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#40711
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
58. Асан Қайғының Жәнібек ханға арнауларының тарихи, көркемдік мәнін ашып көрсетіңіз.

Фольклор және жазба әдебиетімен қатар Жәнібек хан турасында ақын-жырау поэзисында, негізінен оның бейнесі Асан толғауларында жырланған. Асан Қайғы Сәбитұлы «ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басы аралығында өмір сүрген қоғам қайраткері, ақын, жырау, би». Асан Қайғы қазақ халқының басын құрап, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды қолдап, солардың ақылшысы болған. Жәнібек ханның тұсында Асан әбден қартайып, тоқсаннан асса да жырау туралы деректер мен халық әңгімелерінің бәрінде оны осы Жәнібек құрған жас хандықтың мұңын мұңдап, сол хандыққа қараған қазақ елінің жоғын жоқтаған жырау ретінде көрсетіледі.


Асанның «Жәнібекке айтқаны» деп аталатын 33 жолдан тұратын толғауы Әлкей Марғұлан материалдарынан алынып, Х.Сүйіншәлиев әзірлеуімен алғаш «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты 1967 жылы жарық көрген жинаққа енгізілген. Кейін 1989 жылы М.Мағауин мен М.Байділдаев құрастыруымен шыққан «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына бұл толғаудың он бір жолы қысқартылып, жаңадан он алты жол қосылып, барлығы 39 жол болып, бұрынғы атауы алынып тасталғандықтан шартты түрде «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің...» деген алғашқы жолының атауымен жаңа нұсқасы енгізілді.
Толғаудың бізге жеткенше жинаушылар қолында, әр басылымдарда шашылған бөліктері соңғы нұсқасында бас аяғы жинақталып, композициялық құрылысы жағынан әрқайсысы ханға деген ренішті, белгілі бір ойды білдіретін, «Мұны (оны) неге білмейсің?!» деген рефренмен аяқталатын жеті тирададан және жыр соңындағы қорытынды бөліктен тұратын, біршама қалыпқа түскен сыңайы бар. Дегенмен әлде де үш бөлігі ішіндегі ой қайталанып, не бірінің ішіндегісі екіншісінде араласып жатады.

Сонымен Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі туралы ой-пікірлер мен пайымдауларды жүйелеп, мынадай кейбір қорытындылар жасауға болады:


Біріншіден, Асан толғауларында бір қарағанда хан мен жыраудың арасы тым қашық, бір-бірімен түсініспестіктері көп көрінгенмен екеуін жақындастыратын түпкі мақсат бір – жас мемлекетті нығайту, айнала қаптаған жаудан сақтау, ал жолдары әр басқа.
Екіншіден, толғаулардағы кейбір эпизодтардан, сөз саптауларынан Жәнібек ханның хандықты көршілес елдермен терезесі тең дәрежеге жеткізердей өзіндік жолы, тіпті алғашқы қадамдары жасалған бағдарламалық жоспары да бар деуге болады. Олар: қала, қорған, сарайлар салу, шеберлер шақыртып көрші елдермен қарым-қатынас жасау, отырықшылықа ойысу. Жыр мәтінінен осы келтірілген жанама деректер, уәждер, хан мен жырау қатынасынан суыртпақталатын ой-тұжырымдардың бәрі ханның өз заманының жаңаша ойлауға бағыт алған, істерінде реформаторлық әрекеттердің нышаны бар билеушісі екендігін дәлелдейді.
Үшіншіден, Жәнібек хан заманының ұлы жырауы, абызы, данышпаны Асан бабадан жерін, елін сүю, ел басқару, халықпен қатынасу, адамгершілікті қастерлеу сияқты мәселелер бойынша тәлім алған, көзі жетіп, діттеген ойын жүзеге асыруда, кейде Асан пікіріне қарамай, табандылық көрсетуі, оның ұлы жырау шәкірті екендігін нықтай түседі. Сондықтан жыр жолдарынан оның басты қасиеті ойшылдығын, үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашылдығын атауға болады. Талдау кезінде оның қарадан шыққан қызға үйленіп, адамгершілігін, жай халықтай аңшылық, құсбегілік құмарлығы, тіпті «қымыз ішіп қызаруы» оның халыққа жақындығын, қарапайымдылығын байқатады.
Төртіншіден, , Жәнібек ханның жеке басы қасиеттері ішінен оның батырлығы мен ерлігіне бөлек тоқталып өту керек. Себебі жырда ханды қайта-қайта сынай отырып, жырау оны «Өзің – Жәнібек, елден асқан батырсың!» – деп, бұл қасиетін ерекше атайды. Сол кездегі абырой атағы кімді де болса имендіретін Асан атадан бастап, ханды қоршаған айналасы, тіпті барша ел бағытының атам заманнан қалыптасқан жолмен жүруін қалағап отырса да, Жәнібек жалғыз өзі жаңа прогрессивтік, реформаторлық жолды таңдап, нағыз ерлік жасап отыр.
Бесіншіден, жоғарыдағы талдаулардағы тұжырымдарды жинақтай келе Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі, біздің пайымдауымыз бойынша, толғаулардың жанрлық ерекшелігі бейне жасауға онша бара бермейтінін ескере отырып, Қорқыттан басталатын сегіз ғасыр ішіндегі жыраулар поэзиясындағы, ханның алғашқы біршама толық тұлғалық кейпі суреттелетін бейне деп ұйғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет