Табанның шаршы бұлшыкеті m. quadratus plantae өкше сүйегінен calcaneus басталып, баш
пайларды бүккіш ұзын бұлшықеттің сіңіршесіне flexor digitorum longus барып бекиді. Қыз
меті бақайларды бүгу.
Құрттәрізді бұлшықеттер mm. lumbricales жіңішкелеу келіп, башпайларды бүккіш ұзын бұ
лшықет сіңірінің аралығында орналасқан төрт бұлшықеттен тұрады. Үстіңгі беті башпайл
арды бүккіш қысқа бұлшықеттермен беттессе , төменгі беті табанның сүйек аралық бұлш
ықеті мен беттесіп орналасқан . Бұл бұлшықеттер башпайларды бүккіш ұзын бұлшықет сі
ңірінен m.flexor digitorum longus басталып, ІІ - V бақайлардың проксималді бунақтарының
табандық бетімен ортаңғы және дисталді бунақтарының сырткы бетіне барып бекиді. Қыз
меті II - V бақайлардың проксималді бунақтарын бүгеді, ал ортаңғы және дисталді бунақта
рын жазады.
Сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei өз кезегінде екі топ бұлшықеттерге бөлінеді: үш
табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares және төрт сыртқы сүйекаралық бұл
шықеттер m. interossei dorsales.
Табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares III – V табан сүйектерінің медиаль
ды беттерінен басталып , ІІІ - V бақайлардың проксималді бунактарының негізіне барып б
екиді. Қызметі ІІІ- V бақайларды ІІ - ге әкеліп, осы бақайлардың проксималды бунақтарын
бүгу. Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei dorsales екі көршілес табан сүйект
ерінің бір - біріне қараған беттеріне басталып, бірінші сүйекаралық бұлшықет екінші бақа
йдың медиалды бетіне, ал қалған үшеуі ІІ - ІV бақайлардың латералды беттеріне бекиді. Қ
ызметі III және IV бақайларды екіншіден әкетіп, бақайлардың проксималді бунақтарын бү
гу, ортаңғы және дисталді бунақтарын жазу.
Достарыңызбен бөлісу: