82.
Ас қорыту жүйесінің дамуы, құрсақ қуысы ағза
ларының ішастарға қатынасы.
Адам организмінің негізі дұрыс калануы яғни аталық және аналык жыныс клеткаларының
бірігуі, нәрестенің дамуы, бала туылғаннан кейін оның калыпты өсуі және барлык ағзалар
дың бір қалыпты жұмыс атқаруы коректік заттардың организмде жеткілікті болуына байла
нысты. Өзіміз білетіндей қоректік заттарға майлар , көмірсулар, нәруыздар, сулар , тұздар
, витаминдер , гормондар , микроэлементтер жатады. Қоректік заттар тамакпен организмге
дайын күйінде түспейді . Яғни олар тағамды механикалық және химиялык корыту нәтиже
сінде түзіліп қан мен лимфа жүйесі арқылы ағзаларға жеткізіп отырады. Тағамды корыту
және қоректік заттектерді сіңіру процестері жүретін ағзалар жиынтығын -
асқорыту жүйесі деп атайды. Асқорыту жүйесі ағзаларының функциясы:
1.
Тағамды механикалық, химиялық өңдеу;
2.
Қоректік заттарды сіңіру;
3.
Қорғау яғни асқорыту жолында қанға сіңген улы бөгде заттектерді залалсыздандыр
у;
4.
Толық қорытылмаған және сіңірілмеген қалдықтарды сыртқа шығару. Ас қорыту м
үшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу яғни экскреция қызметін де атқа
рады. Зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығара
ды.
5.
Зат алмасудың барлық түрлеріне қатысу ;
6.
Гомеостаздық функция организмнің ішкі орта тепе-теңдігін реттеу;
7.
Эндокриндік функция эндокриндік клеткалар - гастрин , серотонин , гистамин биол
огиялық белсенді заттектер өндіру;
Қорыта айтқанда, асқорыту жүйесі systema digestorium дегеніміз – тағамды
Ас қорыту жүйесі, ѕуѕtеmа digestorium, тағамды механикалық және химиялық жолмен өңд
еп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, қалған бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын ағзал
ар кешені болып табылады. Адам ағзасында ас қорыту жүйесі systema digestorium ерекше
рөл атқарады, өйткені ол барлық жасушалар мен тіндердің өмірлік белсенділігін қамтамас
ыз етеді. Асқорыту жүйесі мүшелері тамақ компоненттерін қан мен лимфаға сіңіп, ағзаны
ң барлық жасушалары олардың өмірлік белсенділігін сақтау және арнайы функцияларды о
рындау үшін сіңіре алатын қарапайым қосылыстарға механикалық өңдеу және химиялық
бөлуді жүзеге асырады. Адамда ас қорыту жолының үзындығы 8-
10 м құрайды және ол ауыз қуысы , жұтқыншақ , өңеш , асқазан , жіңішке ішек және тоқ і
шек деген бөлімдерге бөлінеді. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту
бездерінен тұрады.
7-
8 күнде ұрықтандырылған жұмыртқаны эндодермадан түтік түрінде дамыту процесінде ба
стапқы ішек қалыптаса бастайды. Эмбриональды дамудың 4-
ші аптасынан бастап ас қорыту жолдарының бөлімдері пайда болады:
алдыңғы ішектің туындылары-
жұтқыншақ, өңеш, асқазан және ұйқы безі мен бауыр, он екі елі ішектің бөлігі;
ортаңғы ішек туындылары- аш ішек, мықын ішек туындылары артқы ішектің туындылары
-тоқ ішектің барлық бөліктері.
Бұл органдардың әрқайсысы тіндер мен мүшелердің нақты құрылымдық және функционал
ды белгілермен сипатталады.
Асқорыту жүйесінің бірінші бөлімі ол ауыз саңылауы rima oris кейін ауыз қуысы cavum ori
s. Ауыз қуысынан кейін аран қылтасы isthmus faucium кетеді, содан кейін жұтқыншақ phar
ynx, өңеш esophagus, асқазан ventriculus, жіңішке ішек (intestinum tenue, тоқ ішек intestinu
m crissum, артқы өтіспен anus аяқталады. Ас қорыту жүйесіне қосымша сілекей бездері, ба
уыр (hepar) , ұйқыбез (pancreas) жатады.
Ендігі кезекте ішастарға тоқталсам, ішастар (peritoneum) – іш қуысының ішкі бетін және і
ш қуысының ағзаларын сыртқы жағынан жауып жатқан, сірнелі сұйықтық бөлетін және сі
ңіру қасиетке ие сірнелі қабық. Ішастарды біз екіге бөлеміз. Олар:
Ішастардың іш қуысының ішкі бетін жауып жатқан бөлігін париеталық ішастар (peritoneu
m parietale), ал іш қусындағы ағзаларды тікелей сыртынан жауып жатқан бөлігін
– висцералық ішастар (peritoneum viscerale) дейміз. Осыған байланысты ағзалардың висце
ралық ішастарға қатысты орналасуының үш түрін ажыратады: интраперитонеалді, мезопе
ритонеалді және экстраперитонеалді.
Интраперитонеалды – ағзалар ішастармен барлық жағынан жабылады. Бұл ағзаларға асқаз
ан, аш ішек, соқыр, мықын ішек, көлденең тоқ ішек; сигма тәрізді ішек; тік ішектің бастап
қы бөлімі; көкбауыр
Б) Мезоперитонеалды – ағзалар ішастармен үш жағынан жабылады, ал төртінші жағы – іш
қуысының қабырғасымен борпылдақты бітісіп жататын адвентиция қабығымен жабылған
.
Бұл мүшелерге жоғарлынған тоқ ішек, төменденген тоқ ішек, бауыр, өт қабы, қуық толған
кезде, жатырды жатқызамыз.
В) Экстраперитонеалды – ағзалар ішастармен тек бір жағынан ғана жабылады, яғни ағзала
р ішастар артында (ретроперитонеалды) немесе ішастар алдында (антеперитонеалды) неме
се ішастар астында (субперитонеалды) орналасады, ал қалған жақтарында адвентиция қаб
ығы болады. Бұл ағзаларға 12 елі ішектің төменденген бөлімі, бүйрек, бүйрек бездері, несе
пағар жатады.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |