Орман мониторингін енгізу Казақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексімен және 2004 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің Қаулысымен бекітілген және қабылданған Орман экологиялық жүйелерінің мониторингін жүргізудің құрылымы, мазмұны мен тәртібі туралы ережемен реттеледі. Орман кодексінің 61-бабына сәйкес орман ресурстарының мониторингі орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану ормандардың биологиялық әр-алуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйі мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесін білдіреді. Жоғырыда көрсетілген Ереже оны ұдайы кешенді байқаулардың, бағалаудың орман экологиялық жүйесінің жай-күйін бақылау мен болжаудың жүйесі ретінде анықтай отырып, орман мониторингінің неғұрлым толық анықтамасын береді. Орман мониторингі мынадай мақсаттарды көздейді: орман қоры туралы тұрақты жаңарып тұратын ақпаратты алу; орман ресурстарын көптеген мақсатқа пайдалану; табиғи және антропогендік ықпал әсерімен орман экологиялық жүйесі жай-күйінің өзгеруін болжау; пайдалану, молықтыру саласындағы тиімді басқару; ормандарды қорғау мен сақтау. Орман мониторингін орман шаруашылығының органдары: яғни Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Орман мониторингін жүргізу үшін орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органы мынадай міндеттерді атқарады: жоғырыда көрсетілген Ережеге сәйкес: орманның жай-күйіне топырақ, геоботаникалық, орман патологиялық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; аэроғарыштық және ауа райын байқау ақпараттарын, қоршаған ортаның ластануы туралы деректерді алуды ұйымдастыру; түскен ақпараттарды есептеу орталықтарында өңдеуді ұйымдастыру, орман қорын картографиялау және ормандарға абиотикалық, биотикалық және антропогеңдік факторлардың теріс ықпалдарын азайту үшін шараларды әзірлеу; орман қорының жер үсті және қашықтық әдістерімен
зерттеулерін жүргізу, оны картографиялау, орман мониторингін
жүргізу үшін деректер банкін жасау мен жүргізу, тақырыптық
орман карталарын жасау жөніндегі зерттеулер жүргізу, әдістемелік
нұсқаулар мен нұсқамалықтарды мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен әзірлеу және бекіту; ұзақ мерзімді және жедел ақпарат пен тақырыптық карталарға сұраным мен қажеттіктерін ұдайы зерделеу және орман қорының жай-күйін бағалау, оларға тиісті пайда болатын халық шаруашыығының және табиғат қорғау кажеттеріне сәйкес келетін деректерді енгізу; орман қоры туралы статистикалық және картографиялық ақпаратты жүйелеуді, зерделеу мен сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жариялауға тиісті материалдарды басып шығару және орман экологиялық жүйесінің мониторингін өткізу жөніңдегі жұмыстарды қаржыландыру". Орман шаруашылығының органдары өз кезегінде орман экологиялық жүйесінің мониторингі қызметін ұйымдастырады. Орман экологиялық жүйесінің мониторингі қызметіне: орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығы; орман экологиялық жүйесі мониторингінің өңірлік орталықтары жатады.