Міндеттерге: экологиялық сараптамаға қажетті материалдардың сапалы
дайындалуы мен берілуін қамтамасыз етуге; экологиялық сараптама субъектілеріне сарапталатын объектілер жөнінде қажетті материалдар мен консультациялар, мәліметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге; қоғамдық пікірді ескере отырып, сараптама объектісін одан әрі іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға; белгіленген тәртіппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге; сараптама қорытындысыңда баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемшіліктер мен жаңсақтықтарды дер кезінде жоюға; сараптама органдары белгілеген мерзімде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге міндетті.