Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығы орман экологиялық жүйесі мониторингі бойынша мынадай қызметтерді: Орман қоры туралы деректер банкін жасап, жүргізеді;
Орман қорын қорғау жөніндегі ақпаратты жинаумен, оны
өңдеумен, талдау жасаумен және берумен айналысады;
Орман пайдалану және оны молықтыру тәртібіне бақылауды,
антропогендік ықпалмен және баска да факторлармен туындайтын
орман қорындағы ағымдағы өзгерістердің есебін жүзеге асырады;
Орман экологиялық жүйесінің мониторингін жүргізу үшін
кажетті ақпаратпен өңірлік орталықтарды жабдықтайды;
Орман мониторингі бойынша өзге де қызметті жүзеге асырады.
Өңірлік орталықтар негізінен әркайсысы өз аумағының шегінде орман мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өңірлік орталықтардың орман шаруашылығы кәсіпорындарының және орман қорғау қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүмыс істейтін ақпаратты өңдейтін өздерінің орталықтары мен топтары болады. Орман қорының жай-күйі туралы жинақталған ақпаратты олар одан әрі жинақтау мен талдау үшін Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына мезгіл-мезгіл жіберіп отырады.
Орман экологиялық жүйесі мониторингі туралы Ереже орман мониторингі мыналарды көздейді: орман мониторингінің мәні:
"1) ауа райы деректерін, ауаның, топырақтың судың ластануы туралы ақпарат, орманды жер үстінде зерттеулерінің нәтижелерін, орман қоры шекараларының өзгеруі туралы мағлұматтар, аэроғарыштық ақпарат және басқаларын алу;
аэроғарыш суреттерін өндеуде, алынған ақпаратты талдау мен
статистикалық және картографиялық ақпарат банктерінің деректерімен
салыстыру, орман қорында болған өзгерістерді анықтау;
шаруашылық қызметімен және табиғи зілзала әсер етпеген
бөліп беру деректеріне көкейтестілік сипат беру; деректердің бөліс
және картографиялық банктеріне өзгерістерді енгізу;
болған өзгерістерді ескере отырып, орман корының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеу;
5) әр түрлі тақырыптық орман карталарын жасау; орман
Қорындағы өзгерістерді талдау мен болжау, сондай-ақ әр түрлі ықпалдардан келетін нұқсанды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады".
Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйелерінің мониторингін жүргізудің құрылымы, мазмұны мен тәртібі туралы Ереженің 6-тармағы орман экологиялық жүйесіне ықпалын байқаудың жер үсті және қашықтық әдістері туралы сөз етеді. Зерттеулерге арналған жер үсті әдістері орманды орналастыру ұйымдарының орманды қорғау мен сақтау қызметтерінің, саланың жобалау және ғылыми ұйымдарының ақпаратын кең көлемде тарта отырып, тұрақты және уақытша сынама алаңдарында (полигондарда) жүргізіледі. Неғұрлым тиімді жұмыс үшін ауа райының деректері мен ауа ортасының, топырақтың және қардың әр түрлі заттармен ластану деңгейі туралы ақпарат беріледі. Қосымша ақпарат ретінде топографиялық-геодезиялық материалдар (оның ішінде жердің сандық үлгілері), табиғат-экономикалық жағдайлар мен шаруашылық қызметі туралы басқа да материалдар тартылады. Байқаудың қашықтық әдісі суретке түсірудің, көп спектрлік сканерлік, әр түрлі сипатта рұқсат етілген жылу инфрақызыл және радиолокациялық аэроғарыштық құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Орман мониторингінің тиісті қүжаттамамен білдірілетін өзінің ішкі нысаны, атап айтқанда, ол мыналарда:
1. орман қорының жай-күйінің, оны орман иелеріне,
көлемдеріне, тұқымдарына, орман түрлеріне және басқаларына
бөлудің тақырыптық карталарында;
2. орман қорының болуы, жай-күйі мен оны бағалау туралы
мәтіндік және статистикалық материалдарда болады.
Мемлекеттік экологиялық сарапшылар — бұл мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті арнаулы білімі және жеткілікті тәжірибесі бар адамдар. Мұндай адамдарды сарапшылық орган тартады. Бұл орайда тапсырысшысының құжаттамасын беретін немесе экологиялық сараптама объектісін әзірлеуші адамдар, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған адамдар мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.
Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т.б. құқығы бар. Экологиялық сарапшының міндеттері қатарына сондай-ақ экологиялық сараптаманың кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді, сонымен бірге өзге де міндеттерін орындауы кезінде заң талаптарын сақтауын жатқызады. Экологиялық сарапшының қызметі үшін сондай-ақ белгілі бір кепілдіктер белгіленген, атап айтқанда экологиялық сарапшының қызметіне келтірілген нұқсанды өтеуге байланысты сот және әкімшілік тәртібінде қандай да бір араласуға тыйым салынады. Экологиялык сараптамаға жататын құжаттамаға тапсырысшылар 35,36-баптарда көзделген белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады, атап айтқанда: мынадай құқықтарға: сарапталатын объектілерге қатысты немесе сараптама
объектілерінің жекелеген талдамалары мен негіздемелері бойынша жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беру; экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкілікті қорытындыларымен танысу; қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргізудің орындылығы туралы мәлімдеу; егжей-тегжейлі зерттеулер мен есептеулерді талап етпейтін түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде енгізу; Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, шарт ережелері не өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметін көрсету кезінде шартты бұзу; экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талап қою құқығына ие болады.