4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет37/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

1. Жер және жер қорының түсінігі.

2. Жерге меншік құқығының түрлері.

3. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Жерді қорғау — оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17-тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139-бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес, жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: өндірістің экологиялық қауіпсі зтехнологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бұлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған немесе бұлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндеттерінің барлығы нысаналы болып табылады, оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс объектісі процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген. Жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауға қатысты жүргізілетін бақылауды келесі түрлерге бөлуге болады:

  1. мемлекеттік бақылау;

  2. ведомстволық бақылау;

  3. өндірістік бақылау;

  4. қоғамдық бақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың қатарынан келесі органдар аталған: Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі; Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі; Қазакстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті. Бұл органдар өз функцияларын жергілікті атқарушы органдармен және өзара бірлесе отырып жүзеге асырады. Ереженің күші жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, жергілікті атқарушы органдар құрған жергілікті инспекцияларға да таралады. Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты Қазақстан Републикасының Жер ресустарын басқару жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.

Жер пайдалану құқығы. Бұл институт жер құқығы жүйесіндегі аса маңызды институттардың бірі. Жер пайдалану құқығы – бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.

Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субъектілері болып мыналар табылады:


  1. мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;

  2. ұлттық және шетелдік субъектілер;

  3. жеке және заңды тұлғалар;

  4. тұрақты және уақытша субъектілер;

  5. бастапқы және кейінгі субъектілер.

Жер құқығы қатынастарының субъектілері өз құрамы бойынша бірыңғай емес және жерлердің құқықтық режиміне, санаттарына, пайдалануына, жалға берілуіне, меншік түрлеріне және табиғат объектілерінің басқа түрлерімен байланысына қарай күрделі болып келеді.

Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкін. Жер кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет