4 Дәріс Тақырыбы: Химиялық байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Мақсаты


Химиялық байланыс төмендегі жағдайда түзіледі



бет2/11
Дата17.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#117059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Химиялық байланыс төмендегі жағдайда түзіледі:
1) электрондардың ядро айналасында қозғалыс нәтижесінде;
2) ядролардың арасы жақындағанда және ядролар арасындағы теріс зарядталған бөлшектердің тығыздығы артқанда;
3) ядролар арасында арақашықтық төмендегенде;
4) толық энергия төмендегенде.


Химиялық байланыстың қасиеттері
Химиялық байланыс мына түсініктермен сипатталады:
1) байланыс ұзындығы;
2) валенттік бұрыш;
3) байланыс энергиясы.
Байланыс ұзындығы деп молекула түзетін атомдар ядролары арасындағы арақашықтықты атайды. Мысалы, Н-Н арақашықтығы. Байланыс ұзындығы молекула түзетін заттардың табиғатына байланысты.
Екіатомды гомоядролық молекулаларда неғұрлым байланыс саны жоғары, ядролық арақашықтық соғұрлым төмендейтінін айтуға болады. Бұл химиялық байланыс түзуші атомдар арасындағы электрондық тығыздықтың жоғарылауымен түсіндіріледі. Мысал ретінде Н2, О2, N2 салыстыруға болады.
Екі атомды гетероядролық молекулаларда байланыс ұзынды- ғы екінші атомдық радиусына тәуелді. Мысалы, HF, HCl, HBr, HI қарастырса.
Гомоядролық молекулаларда бір байланыстың ұзындығын біле тұрып, кез-келген байланыс ұзындығын анықтауға болады.
Ядро арақашықтық химиялық байланыстың маңызды сипаттамасы, оған қосылыстың көптеген қасиеттері тәуелді.
Байланыс энергиясы деп осы байланысты үзу үшін жұмсалатын энергия мөлшерін айтады. Екі атомды молекула үшін молекуланы атомдарға ыдыратуға жұмсалатын диссоциация энергиясы.
Мәіметтер негізінде, неғұрлым ядролар арасындағы арақашықтық жоғары болса, байланыс энергиясы соғұрлым жоғары болатындығын айтуға болады. Гетероядролық А-В типтес молекула А-В арасындағы байланыс энергиясы А-А мен В-В арасындағы байланыс энергияларының арифметикалық орташа шамасынан жоғары болатындығын түсіндіру үшін Полинг электртерістік ұғымын қолданған.
Көпатомды молекуланың байланыс диссоциациясының энергиясы деп белгілі байланысты бұзу үшін жұмсалатын энергияны айтады.
Валенттік бұрыш деп химиялық байланысатын ядролар арасындағы бұрышты айтады.
Топ бойынша элементтердің атомдық радиустары артқан сайын бұрыштың шамасы төмендейтіндігін көруге болады.
Н2О Н2S H2Se H2Te
104,5º 92,2º 91,0º 89,5º

NH3 PН3 AsH3 SbH3


107,3º 92,2º 91,8º 91,3º




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет