4. студенттердің таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер



бет10/15
Дата07.01.2022
өлшемі96 Kb.
#18149
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Зерттеу кезеңдері:

1) факті, не құбылыстарды бақылау, зерттеу; 2) зерттелетін мәселелерді анықтау; 3) мәселені шешу жөнінде жорамал айту; 4) зерттеудің жоспарын жасау; 5) зерттеу; 6) нәтиже; 7) оны қолдану туралы ұсыныс. Студенттің шешетін мәселелері оқу бағдарламасына ену керек. Студенттің зерттеуі ғалымның зерттеуіне ұқсас, күрделі болмау керек. Оларды әдіскер-ғалымдар жасайды.

5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі

Дедуктивтік әдіс арқылы оқытушы ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны студент меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. Бірақ студенттердің дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда оқытушы оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы студент өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу жазғанда белгілі грамматикалық ережелер қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет