4-тарау. Ересек топ (4 жастағы балалар) 1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



бет3/4
Дата04.12.2022
өлшемі55,79 Kb.
#54803
1   2   3   4
214. Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
215. Музыка.
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.
Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).
Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану.
Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.
Балалар музыкалық аспаптарын тану және атау.
Билер.
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау.
Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану.
Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау.
Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет