4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі0,5 Mb.
#97915
түріБағдарламасы
1   2   3
Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Тасбақа туралы / Тасбақаның арманы / Көмек туралы / Тасбақа/Саяхат туралы

1

Мәтіннің мағынасына сәйкес болатын баламалы дұрыс жауап қабылданады

орманнан / орман

1

Жауаптың кез келген нұсқасы қабылданады.

таудан / тау

1

Барлығы

3







Айтылым


2. Тірек сөздерге сүйеніп, сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып айт.





Тірек сөздер: демалыс, дайындалу, ұшақ, жағажай, суда шомылу, күнге күю, көңілді.

[4]






Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша
ақпарат

2

Білім алушылардың ықтимал жауаптары:
Жаз келді. Біз теңізге баруға дайындалдық. Заттарды чемоданға салдық. Теңізге ұшақпен ұшып бардық. Ол жерде суға шомылдық. Жағажайда күнге күйдік. Демалыс көңілді өтті.

1



Суреттің мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады.
Сурет бойынша мәтін құрастырады.

1


Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.

1

Сөйлем құрылымын сақтайды.

Барлығы

4





Оқылым



  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.




Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды.
Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рақмет айтты.
Достық – үлкен күш.


  • Мәтінге сүйеніп, сәйкестендір.


А) ұя салды.



В) ұяға орналасып алды.

1) Қарлығаш



С) достарын көмекке шақырды.

2) Торғай



D) достарына рақмет айтты.

[4]






Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

1 – А

1




1 –С

1

1– D

1

2 – В

1

Барлығы

4





Жазылым


4. Сурет пен тірек сөздерді қолданып, 3 түрлі сөйлем құрастырып жаз. Тыныс белгілеріне көңіл бөл.

Тірек сөздер: сурет, көрсетті, жауап берді, айтты, әдемі, кеме, сұрады.

  1. ______________________________________________________________________.

  2. ______________________________________________________________________?

  3. ______________________________________________________________________!

[4]



Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушылардың ықтимал жауаптары:
1) Мұғалім сабақ түсіндірді./Мұғалім сурет көрсетті./Балалар жауап берді./ Балалар таң қалды.
2) Мұғалім не көрсетті?/Мұғалім не істеді?/Кеме қандай?/Балалар не істеді?
3) Қандай әдемі сурет!/ Қандай керемет! Қандай тамаша сурет!

1


Суретке сәйкес болатын баламалы дұрыс сөйлемдер қабылданады.
Хабарлы сөйлем құрастырады.

1

Сұраулы сөйлем құрастырады.

1

Лепті сөйлем құрастырады.

1

Сөйлемнің құрылымын сақтайды.

Барлығы

4




5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


6. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет