40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы



бет16/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бұл бала — бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып
Ата-анасы болмасын жүзі қара.
Сегіз жастан баланы оқыт дейді,
Ғылым, өнер көңіліне тоқыт дейді.
Оқытпаса обалы ата-анаға,
Қарға қылып, қараны шоқыт дейді.
Оқыса бала деген сұңқар болар,
Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.
Қиыр ұшып, қиыннан тоят тілеп
, Көрінген жан құрметтер іңкəр болар.
Ақын халқының ұлы болу үшін тек қана өз басының білімді болуың жеткіліксіз деп қарайды.
«Қасірет — бір үлкен тау» [10; 65] атты өлеңінде:
Тəуекел деген бір басқыш,
Тұтқасы қолға тимесе,
Табан тимей таясыз.
Бауырында бір кен бар –
Ғылым сабыр — сары алтын
Тəптіштеп егер білмесең,
Халыққа қалай жаясыз… — дейді. Нарманбеттің ойынша, ғылымды үйретудегі басты мақсат — ол алған біліміңді халықтың керегіне жарату, басқаны үйрету.Нарманбеттің «Көкті көрген көнемін», «Жасымнан көп жорттым мен жолбарыстай» сияқты өлеңдерінде Абай гуманизміне тəн сипаттар мол ұшырасады. Мысалы, «Көкті көрген көнемін» [10; 66] деп аталатын өлеңінде:
Жазасыз жанды жаулама!
Аш тазыдай жалақтап.
Адам ұлын құрмет қыл,
Жұртыңа түзу қызмет қыл,
Қатарыңнан озасың
Бəйгі атындай адақтап, — деп өзінің имандылық мұратын жайып салады.
Ақын сөздерінің бейнелілік сипатына келетін болсақ — ол аса жоғары. Мəселен, «Замана» [11; 152] атты өлеңінде:
Бай озды, қамал бұзған батырдан да,
Ақша озды, бұл заманда ақылдан да,
Жетіліп жанның бəрі ербеңдеді,
Япырм-ау, дария тасып,тартылған ба!?
Ақша озды, бұл заманда ақылдан да,
Дарақы тентек озды, мақұлдан да,
Дариға-ай, надан басып, көңіл жасып
Именшек білген адам, қатыннан да.
Бай озды, қамал бұзған батырдан да,
Табылмас, жау қаптаса шақырғанда,
Басы бұлбұл, аяғы дүлдүл болды,
Мақтанып, өз үйінде лапырғанда.
Көптен аз қорқады екен ақырғанда,
Түйме алтын түкірігі қақырғанда,
Ахуалын замананың ойлай-ойлай,
Жүрегім қарс айрылды-ау аһ ұрғанда! — дейді. Осынау өлең жолдарындағы əлеуметтік өмірдің шындығы, қоғамдық қайшылықтың кескіні айқын да нақты. «Ақша» мен «ақыл» ұғымдарын бейнелі түрде қатар ала отырып, Нарманбет замана келбетін, адамдар психологиясын көз алдыңа əкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет