40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы



бет15/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Публицистикасы. Сұлтанмахмұт өзі қызмет еткен «Айқап» журналында ел хабарларынан бастап, теориялық мәні бар мақалалар, ауыл тұрмысын суреттейтін очерктер, шағын әңгімелер жазды.
Алғашқы мақаласы: «Зарландым» 1912 ж. жазылды. Зерттеушілер бұл мақаланы әңгіме деп атап жүр. Бірақ мұнда көркем шығармаға қатысты ешнәрсе жоқ. Мақалада автор қазақ даласындағы оқу ісіне тоқтап, қазақ шәкірттері жайын сөз етеді. Қадим оқуының нашар жақтарын айта келіп, қазақ даласына жаңа әдіспен оқытатын мұғалімдер келе бастағанына қуаныш білдіреді. Мақалада жазушы жаңа оқу (усули жәдид) мәдениетке жетудің бірден-бір жолы, бірақ оны ел адамдары түсінгісі келмейді, сондықтан олар балаларын оқуға бергісі келмейді, оларға қалам, дәптер алуға ақшасын қимайды деген ойларын жеткізеді.



  1. Нарманбет Орманбетұлы шығармашылық өмірбаяны. «Ғылым туралы», «Көпті көрген көнемін», «Жасымда көп жорттым жолбарыстай», «Ақыл бір алтынға ұқсас доп-домалақ», «Заман», «Аждаһаның аузында», «Бүл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Кер заман», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңдері

Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918). Қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Қарқаралы уезі) туған. Әкесі ауыл молдасынан алғаш сауатын ашқызған соң Қарқаралыдағы екі класстық орыс мектебінде оқиды. Бір жыл орысша оқыған Нарманбет ары қарай өздігінен ізденіп орысша, мұсылманша білім жинайды. Орыс, тіпті, Еуропаның әдебиетінен, шығыстың мол қазынасымен танысады. Кейін өз аймағында танымал адамдардың қатарынан көрінеді. 1918 ж. Қарқаралы уездік сотының төрағасы болып жүрген кезінде қайтыс болады.
Нарманбет мұрасы кеңестік замандағы қоғамдық идеяларға жат деп «зар заман» ақындарымен қоса (Мұрат, Шортанбай, Дулат) атаусыз жатты.
1990 ж. бастап Нарманбет басқа да қоғамнан аластатылған ақындармен қатар ақталды. (Қараңыз: «Әдебиет пен өнер мәселелері бойынша 30-40 шы жылдар кезеңі мен 50-ші жылдар басындағы қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қорытындысы». «Соц. Қазақстан», 1989, 9 желтоқсан).
Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1939 ж. «Нарманбет өлеңдері» деген атпен 1939 ж. жарық көрді. «Поэты Казахстана» деген атпен 1978 ж. Ленинградта шыққан жинаққа Нарманбеттің екі өлеңі басылды. Қарағанды қаласында ақын өлеңдері кейінгі жылдары жинақ болып шықты.
Нарманбет негізінен ақын Абайға аталас туыстығы болғандықтан оны өзіне ұстаз тұтқан, шығармалары көбінесе лирикалық өлеңдер болып келеді.
1939 ж. шыққан өлеңдер жинағының алғы сөзінде Есмағанбет
Ысмайылов былай дейді: «Нарманбет творчествосында XIX ғ. ақыны мен
XX ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси, экономикалық және
әлеуметтік шындығы, бейнесі айқын көрінеді. Нарманбет ворчествосының негізгі мотиві- халықтың қоғамдық өмірін айтып жырлап беру».
Нарманбет шығармашылығына қатысты біраз сөз қозғаған ғалым Б.Әбдіғазиев: «Нарманбет поэзиясын ұлы Абай дәстүрімен сабақтастырып жатқан ең негізгі нәрсе- ондағы өмір шындығын, қоғамдық құбылыстарды шынайы әрі шыншылдықпен бейнелейтін реалистік тәсіл. Нарманбет жанрлары да өз кезіндегі қоғамдық қайшылықтарды әшкереледі, жандайшап әкімдерді, болыс-билерді аяусыз сынады, халықтың басындағы ауыртпалық бұлтын сейілтуге ұмтылып, бұқараны оқу-білімге шақырды».
Ақынның «Заман», «Аждаһаның аузында», «Бүл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Кер заман», «Сарыарқа», «Сарыарқа сайран жерім-ай», «Шал қайғысы», «Сахараға қарасақ», «Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Жасқаншақ бас» т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген заманды, қоғамды реалистік тұрғыдан көрсетеді.
Әсіресе, «Аждаһаның аузында», «Сарыарқа» өлеңдерінде орыс отаршылдығын ашып айтып, әшкерелейді. Отаршыларды аждаһаға теңейді. Патша үкіметінің аяр саясатын, жерді алу үшін, орыс мұжықтарын қазақтың жеріне қоныстандыруын шындық күйінде көрсетеді:
Базарлы қызықтың тарқап, жер тарылып, қоныс тартылуының бәрі отаршылдық, орыс озбырлығында жатқанын ашына жырлайды.
Тек орыстар емес Сарыарқаның тарылуына қазақтың өзі де кінәлы екенін «Кер заман», «Замана» атты өлеңдерінде көрсетеді.
Бұл қарапайым қазақтың орыс ұлығының алдындағы мүсәпір бейнесі. Орыстың алдына келу үшін ата-баба аруағына сиынатын сорлы қазақ.
«Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің оқиғасы әсер еткен, сол тақырыпта жазылған.
Ағартушылық гуманистік тақырыптағы «Ғылым туралы», «Көпті көрген көнемін», «Жасымда көп жорттым жолбарыстай», «Ақыл бір алтынға ұқсас доп-домалақ» дейтін өлеңдерінде анық байқалады.
«Ғылым туралы» атты өлеңінде туғаннан бастап, 8 жасқа дейінгі өмірін, яғни сәбилік кезеңін жырлайды, үлкен педагогикалық ой айтады.
Оқыған жеткіншекті жас сұңқарға жүйрік тұлпарға теңейді. Бұл таза қазақи теңеу, ұлттық ойлау, ұлттық өрнек, калорит дегеніміз осы.
Баланың болашағы, дана болуы ата-ананың қолында, баланы жастан оқыту әрі-берден соң қарыз: сүндет, парыз деп түсіндіреді ақын. Ақын өлендерінің дені Абай шығармаларының үлгісінде жазылған. Əсіресе заман шындығын, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, əлеуметтік теңсіздік мəселелерін арқау еткен өлеңдерінде Абайдың шыншылдық дəстүріне тəн шынайылық пен өткір сыншылдық айқын аңғарылады [9].
Нарманбет өлеңдеріндегі ағартушылық сарын, имандылық идеясы да Абай үлгісімен астасып жатыр. Ол да халықты білім алуға, ғылым үйренуге үндеді. Ақынның осы тақырыптағы көрнекті шығармалырының бірі — «Ғылым туралы» [10; 65] өлеңі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет