40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы



бет1/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы.
Мәделі Жүсіпқожаұды(1816-1888)
Мәделі Жүсіпқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс өңірінде туған. Ол қазақ топырағындағы әрі батыр, әрі ақын азаматтардың бірі. Арғы атасы Желқожа, әкесі Жүсіпқожа елге мәлім дәулетті адамдар болған. Сол дәулетті пайдаланып Мәделені діни медреседе оқытқан. Ескіше хат танып, ауызша да айтып, шығарып та жүреді. Ол әрнәрседен хабардар болып, кітап оқып, өлең айтып, сал-сері болып өседі.
Құран жаттау оның діни қабілетін жас кезінен-ақ дамытады. Сол кездегі Шығыс әдебиетінің көркем үлгілерін, әсіресе қисса дастандарын жатқа айтады. Халық творчествосын, шығыс классикалық әдебиетін игерген. Оқудан қолы босаған сәттен ескі жазумен, өлең жазумен айтысқа түседі. он бес жасынан суырыпсалмалық өлеңге жаттығады.. Әсіресе, әзіл-оспақ, тақпақ, домбыраға қосып өлең шығарып айтатын болған. Ақындық өнерін қойып, молдалық құрған кезінде де ешкімге сөзбен шалдырмауға көмектесіп отырған. Талай ақын-жазушылармен айтысқа түскен.
Мәделінің Айым деген қызға жұмбақ айтысынан үзінді:
Бауырым деп күймеген,
Бауыры бүтін бар ма екен.
Алыс пенен жақынды,
Жоқтай білген бар ма екен.
Ащы менен тұщыны,
Татпай білген бар ма екен.
Жақсы менен жаманды
Айыра білген бар ма екен.
Жақсы менен жаман сөз,
Айтыспай білген бар ма екен
- деп, сөзге де, ойға да бай екені көрінеді. Ол толғау ақыны. Оның бізге жеткен мұрасы бас-аяғы мың жарым жолдай толғау. Атап айтса, «Ахмет төреге», «Майлы ақынға», т.б. толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Бір жан жақ болыстыққа талас емес», «Еш нәрсе бұл дүниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма», т.б. өлең-жырларында өз кезеңінің алуан шындығын көрсеткен.
«Бір жан жақты болыстыққа талас емес» тоқсан алты жолдық өліңінде болыстыққа таласқан атаққұмар қулар мен ақылсыздығын, олардың ел қамын ойламай дауды қоздырып жүргенін ашына жырлайды. Ақынның осы толғауы 1778 жылы «Түркістан уаляті» газетінің үшінші санында басылған. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жас қайрат» журналында 1924 жылы жарияланған.
Мәделі дәулетті ортадан шыққаннан кейін, ешкімге тәуелді болмаған, ешкімнің сойылын соқпаған. Ақынның нағашысы атақты Шаншар руының белгілі шешені, Қызыл би, әйелі Абылай ханның тұқымы, өмірі соғыспен өткен Кеңесарының қарындасы Қанипа болған. Мәделі ел мүддесін, халықтың ынты­мағын ойлаған ақын. Осы ұлы мұрат жолында ол талай араздасқан ағайынның арасындағы келіспеушіліктерден бастап, бүкіл елдік деңгейдегі үлкен дауларға, келелі мәселелерге дейін белсене араласып, олардың оң шешімін табуына ықпал еткен. Ақын тәжірибелі би ретінде екі рулы елді немесе жаңылысқан дүйім жұртты жарастырып, олардың ортасында бітімгершілікке, араағайындыққа жүрген. Онда «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» демекші, ақын өзінің билік шешімдерін дәлелді сөздермен, поэтикалық терең ойлы толғамдарымен білдіріп, екі жақты өлең-жырмен ақылға келуге шақырады. Мәселен, Ұлы жүздегі дулат тайпасының екі шонжары Байзақ пен Батырбек айтысып, ел арасы бүлініп бара жатқан кезде оларды бірлікке шақырып:
Дұшпандар тың салмай ма шабысыңа,
Тұлпардай әрбір шыққан дабысыңа.
Байзақ, Батырбекпен екі нусың,
От салма өзді-өзіңнің қамысыңа.
Белбеуді бел қышиды шешерінде,
Жылқы мал тебіспейді өсерінде.
Екеуің орта жасқа келіп қалдың,
Тастама жұртқа шала көшеріңде, – дейді аузы дуалы, сөзі уәлі ақын араздасқан ел ағаларына. Бұл жырдың қадір-қасиетін жоғары бағалаған қазақ руханиятының көсемі Ахаң (Байтұрсынов) оны өзінің «Әдебиет танытқыш» атты оқулығына әдеби-теориялық ұғымдарға үлгі-мысал ретінде сонау 1920 жылдарда енгізген.
«Досалы мен Қасымбек датқаны жарастыру» деген өлеңінде де осындай ел билеген адамдар арасындағы ашу-араздықты татуластыруы туралы жайтқа куә боламыз. Оларға ақын: «Досалы, Қасымбек ең төс елінде, Жылқы мал тебіспейді өсерінде, Артыңды шабыс пенен тартыс қылма, Қартайып дүниеден көшеріңде... Ақсуда жасақ жиып тұрысқаның, Жауыңды қашан бірге қуыспадым? Атыссаңдар дулаттың баласы өлер, Жалған ба бір атадан туысқаның? Домалап тасың шықса тау бетіне, Мастанба қолыңдағы дәулетіңе, Ашу-дұшпан тілімен адам өлсе, Кек қалар жеті пұтты әулетіңе!» – деп басу айтып, келісімге шақырады. Бұл ақынның ел бірлігін, жалпы қазақ жұртының ынтымағын ойлаған жанашырлығының айқын айғағы. Бұдан Мәделінің бүкіл ақыл-ой, күш-жігерін салып, халықты қантөгістен сақтағаны, сөйтіп үлкен сауапты іс жасағаны аңғарылады.
Мәделі өте алғыр, өжет, қайратты, тілі қатар жүретін адам болған. Ер жете ел қамы үшін атқа мініп, Қоқан өктемдігіне қарсы күрескен. Әрі батыр, әрі ақын ретінде танылған. Патша отаршылдығына да наразылық білдірген. Елдегі алауыздыққа, жағымпаздыққа қарсы күрескен.
Ақынның көптеген өлең-жырлары, толғаулары, айтыстары қолжазба күйінде Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітапханасының қорында сақталған. Мәделінің шығармашылық қызметіне алғаш баға беріп, мақала жариялап, оқулыққа енгізген профессор Х.Сүйінішәлиев. Кейін ақынның аздаған шығармалары М.Ө.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қызметкерлері құрастырған «ХІХ ғасыр қазақ поэзиясы» атты жинақта басылды (1985ж).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет