Сұраныстың қисығы– бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. суретте көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р)– тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға-жоғары (өсуі); солға- төменге (азаюы)
5.1.сурет.- Сұраныстың қисығы.
5.2. сурет.- Сұраныс қисығының жылжуы.
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
Бірін бірі алмастыратын және бірін- бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін- бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.