50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

Литература 

1. Ксензова Г.Ю.. Инновационные технологии обучения и  воспитания. – М: Просве-

щение, 2005. – С .128. 

2. Анисимов  В.В.,  Грохольская  О.Г.,  Никанндров  Н.Д.  Общие  основы  педагогики.  – 

М: Просвещение, 2006. – С. 422. 

3. Мынбаева А.К., Садвокасова З.М. Инновационные методы обучения, или  Как ин-

тересно преподавать. – Алматы: Гылым. 2007. – С. 284. 

 

 



113 

 

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ПРОГРАММАЛАУ БОЙЫНША 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ДИСТАНЦИЯЛЫҚ 

БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫНДАЛУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 

 

К.М. Мұхамедиева, Г.Ш. Нұрғазинова, А. Молдажанова  



ПГПИ, г. Павлодар 

 

Аталмыш  мақалада  оқытудың  кредиттік  технологиясын  жүзеге  асыру 



барысында студенттердің өздік жұмысы жүйесінде дистанциялық білім беру 

технологиясын  қолданудың  ерекшеліктері  көрсетіледі,  педагогикалық 

жоғарғы 

оқу 


орындарының 

ақпарат 


мамандықтарының 

негізінде 

программалауды  оқып  білу  барысында  оларды  жасау  технологиясы  және 

пайдалану әдісі қарастырылады.  

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  барлық  жоғарғы  оқу 

орындарында  еліміздің білім  беру  интеграциясының бірыңғай  әлемдік білім 

беру  кеңістігіне  қабілетті  бола  алатын  Болондық  келісімге  сәйкес  оқытудың 

кредиттік  технологиясы  еңгізілген.  Оқытудың  кредит  жүйесінде  студент- 

тердің  орындайтын  өздік  жұмысының  көлемі  ұлғаяды,  бұл  студенттердің 

өздігінен  білім  алу  және  оқуға  өздігінен  ұйымдастырылу  қабілеттерін 

дамытуға мүмкіндік береді.  

Программалау  курсы  ақпарат  мамандығында  оқитын  студенттің 

дайындығында ерекше орын алады, себебі оның негізгі міндеті студенттерді 

кәсіби  есептерді  алгоритмдеуге,  салалар  бойынша  ақпараттық  жүйелерде 

программалауға үйрету болып саналады. Программалау практикалық бағытта 

болғандықтан,  программалау  бойынша  студенттің  өздік  жұмыстарының 

жүйесі  әдістемелік  қамсыздандыру  технологиясы  мен  оларды  орындау 

қадағалауынан ерекшеленуі тиіс.  

Студенттің  «Программалау»  пәнін  оқу  барысындағы  өздік  жұмысының 

жүйесі  оқу  есептерін  шешуді  қамтамасыз  ететін  жұмыстың  түрінен  тұрады. 

Оларға  тестер,  бақылау  жұмыстары,  рефераттар  түрінде  бақыланатын 

программалау  тақырыптарының  тізімі  бойынша  теориялық  жұмыс,  есеп, 

есептік-графикалық  жұмыс  түріндегі  программалау  бойынша  іздеу  және 

шығармашылық  оқу  есептерін  шешу,  жалпы,  оқу  және  кәсіби  тұрғыдағы 

программалық құралдарды құру жатады.  

Программалау  бойынша  студенттің  өздік  жұмысы  (СӨЖ)  мақсатқа 

бағытталған,  іштей  мотивтендірілген  танымдық  қызмет,  оқу  сабақтарының 

кез  келген  ұйымдастырылған  нысанында  тікелей  басқарылатын,  субъекттің 

өзімен  бақыланатын  және  құрылымданатын  жұмыс  ретінде  қарастырылады. 

Өздік  жұмысын  тиімді  ұйымдастыру  –  студенттің  өзіндік  танымдығының 

дамуының  белгілі  бір  деңгейін  ұйғарады,  сондай-ақ  өздік  жұмысы,  оның 

нысаны,  өткізу  технологиясы  танымдық  өздігінен  жұмыс  жасау  қабілетін 

дамытуға әрекет етеді. Программалау бойынша СӨЖ жүйесінің құрылымдық 

элементі  болып  мақсатқа  бағыныңқылық,  мазмұн,  әдістер,  нысандар, 



114 

 

процесс,  түрткілер,  өзіндік  ұйымдасу,  критерийлер  мен  деңгейлер,  нәтиже 



болып  табылады.  Өздік  жұмысы  мазмұндық  және  ұйымдастырушылық 

аспектіде жұмыстың бір түрі ретінде процесс болып саналады.  

Программалау  бойынша  қарастырылатын  СӨЖ  жүйесінде  процесс 

оқытудың  дистанциялық 

технологиялар 

түрінде  ұсынылған 

және 

технологияландырылған.  



Информатикадан  СӨЖ  жүйесінде  дистанциондық  технологиялар  келесі 

кезеңдерден  тұрады:  оқыту  процесін  жоспарлау,  компьютерлік  оқыту,  кері 

байланыс, мониторинг.  

Программалау  бойынша  компьютерлік  оқытудың  мазмұны  қоғамның 

талабымен  айқындалады  және  компьютерлік  сауаттылыққа  қол  жеткізуге 

бағытталып  қана  қоймай,  есептеуіш  техника  құралдарын  техникалық, 

бағдарламалық  және  ақпараттық  қамсыздандыру,  сондай-ақ  ақпараттық 

технологиялар аясында аса терең білім алуға бағытталған.  

Программалау курсының мазмұндық ерекшеліктеріне жатады: 

– Ақпараттық  компонент  –  кез  келген  бейіндегі  маманды  жетекші 

құрамдық техникалық даярлау болып саналады.  

– Модельдерді  жасау  принциптерін  түсіну  –  шынайы  процестер  мен 

табиғи  құбылыстарды  адекватты  бейнелейтін,  компьютерді  зерттеу  және 

зерттелінетін құбылыстар туралы жаңа білімді алу құралына айналдыратын, 

яғни компьютерді тану құралына айналдырады. 

– Басқа  пәндермен  пәнаралық  байланысы.  Курсты  оқу  барысында 

алынатын  білім,  білік,  дағды  басқа  пәндерге  де  енеді.  Информатика 

саласынан  деректерді  тереңдету  процесі  мен  ЭЕМ  қолдану  аясының 

кеңейтілуі табиғи жалғасу табады.  

– Жалпы ғылыми, әдіснамалық сипаты бар, іргетасы жаңа қаланған білім 

(ақпарат,  әлемнің  ақпараттық-жүйелік  бейнесі,  формализация,  ақпараттық 

модельдеу және т.б.). Программалауға оқыту деректер мен білімдерді реттеу, 

құрылымға  салу,  жүйелеу  дағдысын  дарытуға,  заманауи  технологияларды 

қолдануға қажетті зерттелінетін процестер және шешімдерді пайдалану үшін 

ақпараттық  модельдеудің  мәнін  түсінуге,  деректерді  ұсыну  тәсілдерін 

түсінуге мүмкіндік береді. 

Программалау бойынша теориялық жұмыстардың [4; 6; 8] және 050111 

«Информатика»  мамандығы  үшін  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартын  талдау  «Программалау»  курсы  мазмұнының  негізгі  бағыттары 

болып саналады: 

– алгоритмдер; 

– программалауға кіріспе (императивтік программалау); 

– деректердің құрылымы; 

– программалық қамсыздандыру жобасының технологиясы; 

– ЭЕМ архитектурасы; 

– программалаудың  парадигмалары  (функционалдық,  продукциялық, 

хорновиялық, объективті-бағыттауыш); 

– компьютерлік графика; 



115 

 

– операциялық жүйелер; 



– деректер базасы және ақпараттық іздеу; 

– жасанды интеллект; 

– анализ және жүйелерді модельдеу; 

– дискреттік математика

– теориялық программалау. 

Программалау  бойынша  практикалық  тапсырмаларды  орындау  күрделі 

және  көпсатылы  тапсырмаларды  жасау  барысында  оқытушы  студенттің 

тапсырманы  орындауын  дер  кезінде  қадағалауын  қамтамасыз  ететін, 

әдістемелік  жұмыстың  қамсыздандырылуы  негізінде,  есептерді  шешуде 

оқытушы тарапынан жетекшілік етілетін нақты жүйені ойластыру тиіс.  

Осы  ереженің  толығымен  жүзеге  асырылуы  программалау  бойынша 

студенттің  өздік  жұмысының  жүйесіне  дистанциондық  болып  табылатын 

ақпараттық-коммуникативтік 

және 


педагогикалық 

технологияларды 

пайдалануда базаланатын технологияларды енгізу қажеттілігісіз мүмкін емес.  

Программалау  бойынша  студенттің  өздік  жұмысының  жүйесінде 

дистанциондық  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  ерекшеліктерін 

қарастырайық.  

Дистанциондық  оқытудың  сипаттамалары  А.А. Андреевтің,  Е.С. Полат- 

тың,  В.П.  Тихомировтың  және  т.б.  жұмыстарында  қарастырылады  [3,9]. 

Е.С. Полат  [9]  анықтама  бойынша  «дистанциондық  оқыту  –  бұл  оқытушы 

мен оқушы кеңістікке бөлінгендегі қашықтықтан оқытылу» деп көрсетеді.  

А.А. Андреев  [3]  дистанциондық  оқытуды  оқытушы  мен  оқушының 

өзара және спецификалық дидактикалық жүйеде жүзеге асырылатын кеңістік 

пен  уақыттың  орналасу  инварианттың  құралдарымен  мақсатқа  бағытталған, 

интерактивтік өзара әрекеттің ұйымдасқан процесі деп анықтама береді.  

Дистанциондық  білім  беру  технологиялары  (ДБТ)  –  оқушы  мен 

педагогтің  қашықтықта  немесе  жартылай  қашықтықтағы  өзара  байланысы 

барысында ақпараттық және телекоммуникативтік технологияларды қолдану- 

мен жүзеге асырылатын білім беру технологиялары деп түсіндіріледі [9]. ДБТ 

қолданумен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру кейс-технологияларды 

пайдаланумен,  желілік  технологиялардың  көмегімен  (дистанциондық 

оқытудың  электрондық  жүйелерінің  негізінде),  ТВ-технологиялар  немесе 

аралас технологиялар бойынша іске асырылуы мүмкін [1].  

Дистанциондық  білім  беру  технологияларының  ең  басты  сипаты  – 

ойластырылып орындалған өздік жұмысқа нақты бағытталуы.  

СӨЖ  жүйесінде  дистанциондық  технологиялар  оқушылардың  интел- 

лектуалдық  (зияткерлік)  даму  деңгейін,  олардың  осы  пәннен  дайындығын, 

қабілеттері  мен  бастамаларын  есепке  алуының  негізінде  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді.  

Дистанциондық  білім  беру  технологияларын  қолдану  оқу-танымдық 

қызметін  белсендіру,  индивидуализациялау  және  саралауға  басым  бағыттай 

отырып,  студенттердің  өздік  жұмысының  жүйесін  ұйымдастыру  әдісін 

өзгертеді [7].  



116 

 

Қорытындылай  келе,  дистанциондық  білім  беру  технологияларын 



қолдана  отырып,  программалау  бойынша  студенттердің  өздік  жұмысының 

нәтижесі болып табылады: 1) танымдық өзіндігінің дамуы, 2) программалау 

бойынша  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру  және  оларды  кәсіби  қызметте 

қолдануға дайындық. 

Сонымен  студенттердің  өздік  жұмысының  жүйесін  ұйымдастыру  өзара 

тығыз байланысты 2 аспектіден тұрады: оқытушының оқыту технологиясын 

және  студенттің  өздік  жұмысын  орындау  процесінде  өзіндік,  оқу-танымдық 

жұмысын жобалау.  

Жұмыстың жүйесі көп мақсатты және күрделі болғандықтан, оқытудың 

кредиттік  технологиялары  аясында  студенттердің  өздік  жұмысы  жүйесінде 

оқытушыларда  дистанциондық  білім  беру  технологияларын  пайдалану 

мәселелері  пайда  болады.  Мұндай  қысқартуда  оқытушы  дистанциондық 

оқытудың тьюторының рөлін сомдайды.  

Тьютор  деп  жаңа  типтегі  оқытушыны  –  оның  жұмысының  кез  келген 

аспектісін бөліп  көрсететін  – бұл оқушыларға жаңа әдістемелік материалды 

дайындауы және консультациялық-ақпараттық қызметі, оқушылармен жұмыс 

жасаудың байланыс  түрлері  және  оқытудың  белсенді  әдістерін  пайдалануды 

[З.Ш. Атаян, М.В. Моисеева және т.б.] жиі айтады.  

Тьютор  көп  көлемде  педагогикалық  нәтиже  алу  үшін  өзінің  техно- 

логиялық,  ұйымдастырушылық,  әлеуметтік-экономикалық,  психология- 

лық және ақпараттық-коммуникативтік мүмкіншіліктерін көре білу дағдысын 

көрсетеді [5]. 



СӨЖ  жүйесінде  дистанциондық  білім  беру  технологияларын 

пайдалануға  оқытушылардың  дайындығының  негізгі  бағыттарын  көрсету 

үшін: 

Әдебиет құралдарының анализі мен оқытушылардың жұмыс тәжірибесі 

бізге  дәстүрлі  жүйеде  және  тьюторларда  оқытушылардың  жұмысының 

салыстырмалы сипаттамасын жасауға рұқсат берді (кестені қараңыз) 

Сонымен, оқытушылардың дистанциондық білім беру технологияларын 

пайдалануға  дайындығы  дегеніміз  білім,  білік,  дағдыларды  қалыптастыру 

және  байыту,  сондай-ақ  СӨЖ  жүйесінде  дистанциондық  білім  беру 

технологияларын  қолдану  аясында  жұмыстарды  жемісті  орындау  үшін 

қажетті  орнатуларды  қалыптастыру  болып  саналады.  Бұл  жағдайда 

дайындықтың нәтижесі болып оқытушының тьюторлық қызметке дайындығы 

келеді.  

Программалау  бойынша  СӨЖ  жүйесінде  дистанциондық  білім  беру 

технологияларын  пайдалануға  оқытушылардың  дайындығының  мазмұны. 

Пәнге  оқытуда  дистанциондық  білім  беру  технологияларын  қолдану 

программалау  бойынша  дистанциондық  курсты  жасау  барысында 

байқалынады.  

Дистанциондық  технологияларды  пайдалану  барысында  программалау 

бойынша  оқу  процесінің  негізгі  құрылымдық  бірлігі  болып  дистанциондық 

курстың  модульдік  құрылымына  сәйкес  тақырыптарды  оқып  білу  бойынша 


117 

 

сабақтардың  блогы  саналады.  Курс  модулін  оқып  білу  бойынша 



студенттердің  өздік  жұмысы  аудиторлық  және  аудиториядан  тыс  болып 

бөлінеді, оның көлемі оқу процесінің кестесімен анықталады. Программалау 

бойынша  аудиторлық  сабақтарды  ұйымдастыру  заманауи  жоғарғы 

мектептерге  дәстүрлі  болып  кеткен  нысандармен:  дәрістік  және 

лабораториялық сабақтар бойынша ұсынылады.  

 

Кесте. Дәстүрлі оқыту жүйесінің және тьютордың оқытушының жұмысының 



салыстырмалы сипаттамасы 

 

Оқытушы (дәстүрлі жүйе) 



Тьютор (дистанциялық білім беру технологиясын 

қолданумен оқытудың кредиттік жүйесі) 

Оқытады 


Көмектеседі, қолдайды 

Курстың мазмұнын жеткізеді, 

программалау бойынша оқу 

материалын мазмұндайды 

Программалаудан оқу материалын оқып білу және 

меңгеру бойынша студенттердің өздік жұмысын 

түзетеді, оларға бағыт береді. 

Программалау курсы 

мазмұнының принципиалдық 

көзі болып табылады 

Көп дәрежеде программалау курсының әдістемелік 

бағыттарын жүзеге асырады. 

Оқушылармен тікелей 

қатынаста болады. 

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды 

пайдаланып, студенттермен қашықтықта қатынас 

жасайды. 

Семинарларды өткізу 

барысында оқушыларға 

қарағанда аса белсенді 

ұстанымды жиі алады.  

Семинарларда (тьюториалда) ақпараттың бірден – бір 

көзі ретінде бастайды; студенттердің өздерінің белсенді 

қатысуын ынталандырады. 

Ақпараттық технологияларды 

ақпаратты іздеу үшін 

қолданады. 

Ақпараттық технологияларды оқу материалдарын алу 

және іздеу үшін, тұрақты кері байланысты жүзеге асыру 

үшін, программалау бойынша СӨЖ орындау 

барысында қолдау көрсету үшін кеңінен қолданады. 

Студенттермен жиі иерархия 

немесе «білгіш – білмес» 

қатынасын орнатады.  

Әріптестік қатынастарға талпынады, үнемі 

студенттердің мотивациясын ескереді. 

Үй жұмысын және өздік 

жұмысының тапсырмаларын 

әзірлейді. 

Дистанциондық білім беру технологияларын 

қолданумен және студенттердің танымдық өздігін 

дамытуды ескерумен СӨЖ жүйесін жобалайды.  

Аудиторияда тікелей ағымды 

және қорытынды бақылауды 

жүзеге асырады. 

Студенттердің курстың бақылау нүктелерін өтуін және 

үй тапсырмасын, СӨЖ тапсырмаларын орындауын 

қадағалайды, дистанциондық режімде алдағы жұмысын 

түзетеді.  

 

Жаңа  материалды  оқып  білудің  басым  көпшілік  нысаны  оқу  есептерін 



шешу  барысында  қолдануға  мүмкіндік  беретін  теориялық  материал  ретінде 

қарастырылатын  дәріс  болып  саналады.  Дәрісте  модульдің  ақпараттық 

материалының  мазмұны  оқытуды  ұйымдастырудың  фронталдық  формасын 

пайдаланумен  түсіндірмелі-көрнекі  әдісті  пайдалануды  ұйғарады.  Күндізгі 

дәрістік  сабақты  компьютерлік  курспен  басқарып  аудиториядан  тыс  өздік 

жұмысына ауыстыру мүмкін емес. Модульдің материалын жалпы мазмұндап 



118 

 

шолу 



кезеңінде 

біліктілік 

лекторында 

дистанциондық 

курспен 

салыстырғанда көптеген қосымша ресурстары бар: тарауда аса маңызды мен 

оқылатынды  ерекше  мазмұндау  мүмкіншілігі,  аудиторияның  материалды 

меңгеру деңгейіне байланысты дәрістің жоспарын өзгерту және т.б. Күндізгі 

дәрістік  сабақтың  кемшілігі  –  аудиторияның  әрбір  тыңдаушысымен  жедел 

кері байланыстың төмен деңгейі [7].  

Дистанциялық  курстың  басқаруымен  модульдің  материалы,  теориялық 

материалы  мен  аудиториядан  тыс  жұмысы  лабораториялық  сабақтың 

басталар  алдында  студенттердiң  бiлiмдерiнiң  теңестiруiне  мүмкiндiк 

туғызады.  Курстың  теориялық  материалының  өздік  жұмысы  күнделікті 

дәрістен  және  өзіндік  ойлау  қызметінде  игерген  дәлелдердің  негізінде 

ғылымның түсініктерін терең меңгеруге көмектесетін жаңа білімді меңгеруге 

мүмкіндік  туғызады.  Көптеген  ғалымдар  тап  студенттің  өздік  ойлау 

жұмысының  нәтижесінде  танымдық  қызметтің  тәсілдерін  меңгеруі 

байқалынады, шығармашылық ойлау қабілеті қалыптасып, дамиды [5]. 

Лабораториялық  сабақ  программалау  бойынша  мақсатқа  бағытталып 

таңдалынған оқу есептерін шешуден тұрады.  

Модульдің  практикалық  бөлігін  оқып,  зерделеу  кезеңінде  минималды 

қалыптастырылатын, 

дистанциондық 

курстың 

жетекшілік 

етуімен 

дағдылардың  жиыны  МЖББС  сәйкес  келетін нақтылы практикалық  есептер 

орындалады. Білім мен дағдыны меңгерудің жеке процесі модульдің базалық 

негіздерін  қалыптастыру  кезеңінде  СӨЖ  басқарудың  жеткілікті  техникалық 

мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі. Оқытушы студенттердің өзіндік танымдық 

жұмыстарына  тікелей  жетекшілік  етеді,  есептерді  шешу  барысында 

қиындықтардың пайда болу барысында оларға кеңес береді, топтың күрделі 

есептерді шешуіне назар аударады.  

Минималды  жинақталған  дағдыны  аяқтап  жетілдіру  аудиториядан  тыс 

уақытта  аяқталады.  Студенттерге  шығармашыл  оқу  тапсырмалары  беріледі, 

бұл тапсырмалар аудтиторлық уақытта оқу тапсырмаларын шешу процесінде 

қалыптасқан білік, дағдының негізінде орындалады.  

Сөйтіп,  оқытушы  үшін  жұмыстың  қиын,  ауыр  бөлігі  –  программалау 

бойынша  тапсырмаларды  жасау.  Осындай  оқу-танымдық  тапсырмалар  үш 

класпен  беріледі:  а) нақты-практикалық,  b) ақпараттық-іздеу,  с) оқу-таным- 

дық жұмыстың сипатына сәйкес келетін шығармашыл – репродуктивті, іздеу, 

Ю.К. Бабанскийдің классфикациясы бойынша шығармашыл. Бірінші кластың 

тапсырмалары жалпы деңгейлік тапсырмаларға жатады және курс модулінің 

дағды  кешенін  қалыптастыруға  бағытталған.  Екінші  және  үшінші  кластың 

тапсырмалары  модульді  оқып  зерделеудің  дамыған  деңгейіне  жатады. 

Күрделілігі  жоғары  оқу  есептерді  көп  деңгейлі  есептер  деп  көрсету  тиімді, 

күрделілігі  өспелі  дәрежесімен,  ақпараттық-іздеу  және  шығармашыл 

тапсырмалармен үйлесімді. Мұндай есептердің мазмұны студент қызметінің 

мотивациясын  арттыруға  кәсіби  бағытталған  болуы  тиіс  [7].  Олар  білімнің 

кәсіби  қолданбалы аясында  ақпараттық  жүйелерді,  кәсіби, құрал-саймандық 


119 

 

бағдарламаларды,  сондай-ақ  педагогикалық  программалық  құралдарды 



құруға бағытталған. 

Оқытушы  сондай-ақ  телекоммуникацияларға  негізделген,  оларға 

жататын  телеконференциялар,  форумдар,  өзіндік  танымдық  қызметті  ұйым- 

дастырудың коллективті формаларын пайдалану мүмкіндігіне ие болу керек. 

Программлау  курсының  СӨЖ  жүйесінде  оқытушы  мен  оқушының 

арасындағы  кері  байланыс  кеңес  беру  нәтижесінде,  электрондық  пошта 

көмегімен,  мыңдаған  хабарламалармен  алмасу  жүйесі  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Студенттің  жеке  жетістіктеріне  байланысты  оқытушымен  кері 

байланыстың  көлемі  әрдайым  азайып  отыруы  тиіс.  Студенттің  өзіндік 

қабілеті үлесінің ретті өсуі өзін-өзі қадағалауға жауапкершілік және өз ісіне 

өзі анализ жасауының артуына ықпал етеді.  

Сонымен,  программалауды  оқу  барысында  дистанциондық  білім  беру 

технологияларын  пайдаланудың  принципиалдық  артықшылығы  –  оқытудың 

кредиттік  шарттарында  студенттердің  өздік  жұмысында  оларды  қолдану 

болып табылады.  

Студенттердің  өздік  жұмысы  жүйесінде  түсініктерді  анықтап  білу, 

дистанциондық білім беру технологияларының рөлі мен орны педагогикалық 

институттың  ақпараттық  мамандықтарының  программалау  бойынша 

студенттердің  өздік  жұмысының  мысалы  ретінде  жасау  технологиясы  мен 

оларды  пайдалану  әдісін  ғылыми  тұрғыда  негіздеуге  мүмкіндік  берді. 

Сондай-ақ,  педагогтердің  программалау  бойынша  СӨЖ  жүйесінде 

дистанциондық  білім  беру  технологияларын  пайдалануға  дайындалу 

проблемасын  ашық  көрсетті.  Осы  салады  оқытушылардың  дайындығы 

жоғарғы  оқу  орнының  ақпараттық-білім  беру  ортасында  жүзеге  асырылуы 

мүмкін,  бұл  программалаудың  дистанциондық  курсын  оқытумен  параллель 

іске асады. 

 

Әдебиет 

1. Қазақстан  Республикалысының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты «Дистанциялық оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелері» (ҚР МЖБС 5.03.004-

2006). 


2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 

Жоғарғы  кәсіптік  білім.  Бакалавриат.  Мамандық  050111  –  Информатика.  ҚР  МЖБС 

3.08.261-2006.  –  Астана:  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі, 

2006. 


3. Андреев  А.А.,  Солдаткин  В.И.  Дистанционное  обучение:  сущность,  технология, 

организация. – М.: Изд-во МЭСИ, 1999. – 196 бет. 

4. Вирт Н.О. Алгоритмы + структуры данның = программы. – Мир, 1985. – 406 бет. 

5. Закотнова  П.В.  Подготовка  преподавателей  вуза  к  деятельности  в  системе 

дистанционного обучения: Дис. ... канд.пед.наук: 13.00.08. – Омск, 2004. – 185 бет. 

6. Кнут Д. Искусство программирования для ЭВМ. Т.1.: Основные алгоритмы.  – М.: 

Мир, 1976. – 736 бет. 

7. Макарчук  Т.А.  Применение  дистанционных  технологий  в  системе  самостоятель-

ной работы студентов по информатике (На примере экономических и энергетических спе-

циальностей  классического  университета)  :  Дис.  ...  канд.  пед.наук:  13.00.08.  –  Благове-

шенск, 2004. – 175 бет. 


120 

 

8. Нұрбекова  Ж.К.  Теоретико-методологические  основы  обучения  программирова-



нию: Монография. – Павлодар, 2004. – 225 бет.: ил. 

9. Полат  Е.С.  Концепция  дистанционного  обучения  на  базе  компьютерных  телеком-

муникаций // www.ioso.iip.net/distant. 

 

 



ДАМУЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР 

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛУІ МЕН 

ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН 

ҚОЛДАНУ  

 

А.А. Муханова, Г.Б.Туралина  



ПМПИ, Павлодар қаласы 

 

Балалар денсаулығын қорғау – бұл мемлекеттің мәселесі. Сау балалар – 



сау қоғам.  

Өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  дене  тәрбиесі  –  бұл  жасөспірімде  дене 

шынықтыру  мен  спорт  білімін,  біліктілігін  және  дағдысын  қалыптастыру, 

дене  шынықтыру  мен  спорт  сабақтарының  жүйелілігіне  үйрету,  денсаулық- 

тың,  ақыл-ой  мен  физикалық  жұмысқа  қабілеттіліктің  жоғарғы  деңгейін 

қамтамасыз ету мақсатымен санитарлық-гигиеналық біліктілік пен әдеттерін 

баулу, дағдыландыру.  

Әрбір нақты мекеме түрінің дене шынықтыру сабақтарында түзете-орын 

толтыратын арнайы да, ортақ та міндеттері шешіледі.  

Арнайы  (түзету)  білім  беру  мектебінде,  мектеп-интернатта  ақыл-ой 

кемістігінің  әртүрлі  ауыр  дәрежесі  бар  балалар  оқытылады:  болмашы  ақыл-

ой  кемістігімен  –  дебилдық  және  шамалы  (орташа)  ақыл-ой  кемістігі 

имбецилдықпен.  Олардың  барлығы  дене  шынықтыру  сабағына  қатысады, 

қала, мектеп спорттық іс-шараларға да қатысады.  

Ақыл-ойы  кем  көптеген  балалар  топтарының  түрлі  дене  тәрбиесіне 

арналған мерекелік іс-шараларға қатыспауы моториканың бұзылысына және 

дене бітімдерінің дамымауына байланысты болады.  

Дамуында  кедергілері  бар  балаларға  арналған  арнайы  түзету  мектеп- 

терінің оқушыларына дене тәрбиесімен айналысу арнайы бағдарламалармен 

енгізілген.  Дене  тәрбиесімен  айналысу  қазіргі  таңда  психомоторика  мен 

сенсорлық  үдерістердің,  сауықтыру  мен  реабилитацияның,  бейiмделу  мен 

терапияның даму құралы ретінде қолданылады.  

Дене  бітімінің  дамуында  психикалық  ауытқулары  бар  адамдарға, 

мүгедек  адамдарға  жан-жақты  көмек  көрсету  үшін,  дене  жаттығуларын 

кешенді түрде жасау көмектеседі.  

Ақыл-ойы кемістігі этиология, патогонез, психикалық және клиникалық 

белгілер  бойынша,  ауру  кезеңінен,  аурудың  ағымына  байланысты 

өзгешеленедi.  Барлық  жағдайларда  жалпылама  психикалық  нерв  жүйесінің 

дамымауынан  және  ОЖЖ  зақымдануынан  (Г.Е. Сухарева,  М.С. Певзнер, 

В.В. Лебединский)  болады.  Физикалық  және  психикалық  дамымау  кемістік 



121 

 

түрінде  және  жүре  пайда  болған  негізде  болып  бөлінеді.  Қорытындысында 



соматикалық  қызметтері  де  дамымай  қалған  болып  қалады  (жүрек  ауруы, 

эндокриндік  бездің  қызметінің  бұзылуы,  қуық  жүйесі,  асқазан). 

Интеллектуалдық  жетіспеушілік  мүгедектікті  анықтауға  негіз  болуы  мүмкін 

(Е.М. Мастюкова, Л.М. Шипицына). 

Ақыл-ойы кем клиникалық градациясы бар балалардың дене бітіміндегі 

кемістігі  мен  психикалық  даму  ерекшелігінде  кемістік  бар  балалардың 

моторикалары мен дене дамуларында түрлі кемшіліктер болады. Олигофрен 

балалардың  қарапайым  қозғалыс  қызметтерінің  қалыптаспауы  ми 

қабаттарының  зақымдануынан  болады;  моториканың  күрделі  бұзылуы 

қозғалу  анализаторының  зақымдануынан,  сонымен  бірге  сөйлеу  қызметінің 

зақымдануынан болады. 

Дене шынықтыру бұл жерде емдік модуль ретінде қарастырылуы керек.  

Оқу-педагогикалық  және  медециналық  құжаттарды  талдау  нәтижесі 

көптеген  ақыл-ойы  кем  барлық  жастағы  оқушылардың  дамуында  түрлі 

кемшіліктер  бар  екенін  көрсетті,  бұл  жағдай  екінші  кемістікті  күшейтеді, 

балалардың танымдық қызметіне үлкен кедергі жасайды.  

Бақыланады:  

– сөйлеу  қызметінің  бұзылуы  (бастауыш  сыныптарда  –  22%,  жоғары 

сыныптарда  –  14%).  Көп  жағдайда  бұл  тілдік  қызметтің  бұзылуы  алалия, 

дислалия түрлері, жалпы тіл дамымаушылық (ЖТД);  

– есту кедергісі бар (2–3% балалар);  

– көру кедергілері бар (14–18% тексерілген балалар;  

Жоғары  сыныпта  жоғарыда  көрсетілген  көрсеткіштер  орташа 

жоғарылайтыны дәлелденген.  

Анализ  қорытындысы  бойынша  дамымау  кемшіліктері  және  сома- 

тикалық  денсаулығы  бойынша,  ақыл-ойы  кем  балалардың  қозғалыс 

дайындықтары бойынша дене шынықтыру топтарына бөлінеді: медициналық 

классификация бойынша олар үшеу: негізгі, дайындық және арнайы.  

Жасөспірім  ағзасының  физикалық  және  моторлық  даму  деңгейі 

морфологиялық  көрсеткіштермен  анықталады.  Морфологиялық  көрсет- 

кіштерге жатады:  

– дене салмағы (кг); 

– бойы (см);  

– кеуде тұсының тыныш және дем шығару кезіндегі көлемі (см);  

– дененiң массасына қолдардың күшiнiң қатынасы (кг);  

– дене бітімінің пропорционалдығы. 

Антропометриялық 

мәліметтер 

моторлық 

тестілерді 

орындау 

нәтижелерімен  толықтырылып  отырады:  екі  аяқтың  итеруімен  қашықтыққа 

секіру  (см);  жүгіру  30  м  (с)  (1–4  сынып  оқушылары),  60  м  (с)  (5–10  сынып 

оқушылары);  допты  алысқа  лақтыру  (см);  допты  көздеп  лақтыру  (тигізу 

саны); жатып жаттығу жасау (көлемі). Алынған мәліметтерді балалардың өсу 

ерекшеліктерінен ауытқуларына байланысты орташа арифметикалық есеппен 

түзету мектептерінің оқушыларын дене бітімдерінің дамуларына байланысты 


122 

 

топтарға бөлінеді, олар жоғары, жақсы, ортадан жоғары, орта, ортадан төмен, 



төмен деп бөлінеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет