ҚБМұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
«Шолиер табақшасы» Жасыл табақша – «Маған сабақ өте ұнады»
Сары табақша – «Маған сабақ ұнады, бірақ 1-2 сұрағым бар»;
Қызыл табақша – «Мен сабақта қиналдым»
Үйге тапсырма
Құтқару қызметі
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Ғимараттар қираған жағдайларда зардапқа ұшыраған адамдарды іздеу адамдардың тұрған орнын тауып анықтауға және жағдайын білуге,олармен байланыс жасауға,қажет көмектің көлемі мен сипатын анықтауға бағытталған іс-әрекеттің бүкіл жиынтығы болып шығады.Қиратқыш әсердің болған уақытында (оның алдын алған уақытқа) байланысты ішінде қамалып қалатын неғұрлым ықтимал тұстар мыналар: қиратқыш әсер кенеттен болғанда қираған жайлар мен мен үйінділер астында.
Зардапқа ұшырағандарды іздестіру кезінде қажет шаралар :құтқару жұмыстарының бүкіл учаскесін,соның ішінде үйінді басқа тұстарды ,жартылай қираған және зақымданған ғимараттарды,олардағы үй-жайларды (пәтерлер,жертөлелер,баспалдақ тұстары,шатырлар және т.с)мүмкіндігі болса жетуі қиын жерлерді ,сондай-ақ жеке тұрған және қоса салынған қорғаныш құрлыстарын түгел тексеру,зардапқа ұшырағандар тұрған жерлерді анықтап,белгілеу,мүмкін болса,олармен байланыс орнату,адамдардың жағдайын анықтау жатады.
Құтқару жұмыстарының учаскесін көзбен тұтас тексеру.
Учаскені (объектіні,ғимаратты) көзбен тексеру жүргізу үшін бөлінген бөлімше байланыс және жеке қорғаныш құралдарымен,саперлік құралдармен,зардапқа ұшырағандардың орнын белгілеу құралдарымен ,алғашқы медициналық көмек құралдарымен жарақталады. Табылған (дауыс білдірген)зардап шеккендерден қандай жағдайда тұрғандағы,жандарында не жақын жерлерде басқа адамдардың бар-жоғы сұралады,оларға көрсетілетін қажетті көмектің (медициналық көмектің) көлемі бүкіл тағайындалған аумақтағы іздеуді баяулатпайтын болса және зардап шегушілердің жағдайы арнаулы бөлімшенің көмегін күтуге мүмкіндік беретіндей болса тек өте-мөте қажет көмек қана көрсетіледі.