65. Мектеп және балабақша ғимаратына қойылатын гигиеналық талаптар


Балалардың тамақтануын бақылау және ұйымдастыру



бет5/10
Дата09.05.2023
өлшемі37,45 Kb.
#91309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
71. Балалардың тамақтануын бақылау және ұйымдастыру. .
Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азыктың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді. Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздарының мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасының өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7, жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек. Балалардың тамағында сүт, айран, көкөніс, жеміс жеткілікті мөлшерде болса, олардың организміне қажетті минерал заттары мен витаминдер толық мөлшерде болып, жастардың жақсы өсіп, денсаулықтары дұрыс қалыптасады. Балабақшаларда дұрыс тамақтанудың негізі-бұл ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген нормалар. Тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар "мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"мемлекеттік құжатында көрсетілген. Әр түрлі жас топтары үшін олардың нормалары әртүрлі. Егер сіздің балаңыз 1 жастан 3 жасқа дейін болса, оған күніне орта есеппен 53 г ақуыз, 53 г май және 212 г көмірсулар қажет, ал 3 жастан 6 жасқа дейін — сәйкесінше 68 г, 68 г және 272 г. Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты. Балардың азығында көкөніс, сүт, айран үнемі болуы керек, өйткені оларда витаминдер мен минерал тұздары жеткілікті шамада болады. Белокты тағамдарды балаларға түске дейін берген жөн, себебі ол жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ал кешкілікте ол өте аз мөлшерде болуы тиіс, өйткені баланың ұйықтауына бөгет жасайды. Ұйықтар алдында 1,5-2 сағаттай бұрын сүт, жеміс сияқты жеңіл тамақты ғана берген дұрыс Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер бойынша балаларға арналған азық-түлік жəне оның құрамдас бөліктері тағамдық құндылық пен қауіпсіздіктің гигиеналық нормативтеріне сай болуы керек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет