«6М020800 – археология и этнология» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған емтихан бағдарламасы


 Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата16.10.2023
өлшемі328,38 Kb.
#116005
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
3. Ерте және дамыған ортағасырлық қалалар, қоныстар және тұрғын үйлер (VІ 
– ХІІІ ғғ.). 
Көшпелі және отырықшы тайпалардың, халықтардың өзара қатынастары, 
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның далалары мен қалалары. Қала мәдениетінің 
қалыптасуының автохондық және соғдылық үлгілері. Арыстан-Баб мешітінің, Қожа 
Ахмет Яссауи мазарының құрылысы. Жаңа архитектуралық стильдің қалыптасуы
құрылыс ісінде: кірпіш дайындаумен, қаптау материалдарымен, байланысты құрылыс 
әдістерінің жаңартылуы. 
4. Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның елді мекендері, тұрғын 
үйлері мен қалалары (1734-1917 жж.). 
Кіші, орташа және ірі қалалар. Қалалар 
уездердің, облыстардың және генерал- губернаторлықтардың орталығы ретінде. 
Қалалардың жоспарлары мен архитектурасы. Отырықшы қоныстар мен тұрғын үйлер. 
Тұрғын үйлер, үйдің жеке бөліктерінің қызметі. Құрылыс материалдары мен техникасы.
Елді мекендер мен жылжымалы түрлері, уақытша және мезгілдік. Көшпелі және 
жартылай көшпелі өмір салтымен байланысты қоныстар мен киіз үйлер. Киіз үйдің ішкі
жабдықтары. Киіз үй бөліктерінің даярлануы. Тұрғын үй құрылысымен және оған көшіп, 
кіру салтымен байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар. 
5. Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз дамуы жылдарындағы елді 
мекендері, тұрғын үйлері мен қалалары.
Ауылдар мен селолардың архитектуралық – 
жоспарлануы мен орналасуына революцияның, 1920-30 жж. ұжымдастырудың және 1950 
ж. тың игерудің әсері. Ауыл тұрғын үйлерінің көлемдері мен жоспарлары. Құрылыс 
материалдары мен құрылыс әдістері. Архитектуралық безендіру. Интерьер (бөлменің ішкі 
көрінісі). Үй-жайлардың құрылысы. Тұрғын үйдегі жалпы және жеке жабдықтар. Кіші, 
орташа ірі қалалар. Облыс орталықтары, Солтүстік және оңтүстік астана (Астана мен 
Алматы). Қалаларды салу және жоспарлаудың ерекшеліктері. Қала шаруашылығы. 
Қалалықтардың тұрғын үйлері. Қала типтес кенттер, ауылдар мен селолар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет