6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет8/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне аздап мочевина кристалын салып, балқып ақ ұнтақ биурет пайда болғанша қыздырады. Суытып, оны 0,5 мл 10%-тік NaOH-пен ерітеді де үстіне 2 тамшы 2%-тік CuSO4 ерітіндісін қосады.
Екінші пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, үстіне 0,5 мл 10%-тік NaOH пен 3 тамшы 2%-тік CuSO4 ерітіндісін қосады. Екі пробиркадағы ерітінділердің түстерін салыстырады.
Тәжірибеге желатинді қосып жасауға болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:



  1. зертханалық сабақ.

    1. «Белоктар», «Ферменттер» тақырыбы бойынша аралық бақылау.




  1. зертханалық сабақ.

    1. Сүттегі казеиннің сандық мөлшерін анықтау (титрлеу әдісімен)

Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
1. 25-50 мл-лік конус тәрізді, бүйірі томпақ және табаны жалпақ колбалар, бюретка, пипеткалар, сүзгі қағаз.
2. 0,04 М күкірт қышқылы (H2SO4), 0,1 н күйдіргіш калий (КОН), фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісі, сүт.
Жұмыстың орындалу барысы.
Конус тәрізді екі колбаның әрқайсысына 10 мл-ден сүт, үстіне 40 мл-ден дистильденген су құйып араластырады.
Бірінші колбаға шайқай отырып бюреткадан 0,04 М H2SO4 ерітіндісін ақ іртік (казеин) пайда болғанға дейін тамшылатып құяды. Қоспаны сүзгі (фильтр) қағазы арқылы сүзеді (сүзгіде сүт құрамындағы казеин мен май қалып қояды). Колбада мөлдір фильтратқа фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісінің 2 тамшысын қосып, 0,1 н КОН-пен қызғылт түс пайда болғанға дейін титрлейді.
Екінші колбаға бірінші колбаға жұмсалған мөлшердегідей 0,04 М H2SO4 ерітіндісін құйып, үстіне 2 тамшы фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосады да, 0,1 н КОН ерітіндісімен қызғылт түс пайда болғанға дейін титрлейді. Сүттегі казеиннің проценттік мөлшерін мына формуланы пайдаланып есептеуге болады:







(а-в) • с







Х

=

----------



0,55







100







Мұнда:
Х – казеиннің проценттік мөлшері;


а – 1-ші, казеині жоқ колбаны титрлеуге жұмсалған КОН мөлшері;
в – 2-ші, казеині бар колбаны титрлеуге жұмсалған КОН мөлшері;
с – 1-ші колбадағы ерітіндінің жалпы көлемі (мл);
0,55 – казеиннің %-тік мөлшеріне шағып есептеуге арналған коэффициент.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет