6В05105--генетика мамандығының «биохимия» пәні бойынша 1-15 зертханалық жұмыстары



бет4/20
Дата15.02.2023
өлшемі57,34 Kb.
#68054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 1 мл белок ерітіндісін, екіншісіне 1 мл желатин ерітіндісін құйып, екі пробиркаға 10%-тік сахароза ерітіндісінің 1 мл-ін қосады. Ерітінділерді араластырып, пробирканы аздап жантайтып ұстайды да, оның қабырғасына пипеткамен концентрлі күкірт қышқылының 1 мл-ін жайлап тамызады. Белок пен сахароза ерітіндісінің арасында қызыл-күлгін түсті сақина пайда болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


5. Адамкевич р е а к ц и я с ы
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Пробиркалар, штативтер, пипеткалар, спиртовкалар.

  2. Мұзды сірке қышқылы (СН3СООН), концентрлі күкірт қышқылы (Н24).

  3. Концентрлі (немесе 1%-тік) белок ерітіндісі, 1%-тік желатин ерітіндісі.

Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 1 мл белок ерітіндісін, екіншісіне 1 мл желатин ерітіндісін құйып, екі пробирканың әрқайсысына, концентрлі (мұзды) сірке қышқылының 1 мл-ін қосады. Пробиркалардағы тұнбаларды жайлап қыздырып ерітеді де, пробирканы шайқалтпай жантайтып ұстап, оның қабырғасына пипеткамен концентрлі күкірт қышқылын (тең көлемде) тамыза отырып қосады. 5-10 минуттен соң белогы бар пробиркадағы сұйықтың екі қабатының арасында қызыл-күлгін түсті сақина пайда болады.
Тәжірибені 0,1%-тік триптофанмен жасап көруге болады.
Жұмыстың қорытындысын жазу:


6. Нингидрин реакциясы.
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:

  1. Су моншасы, пробиркалар, штативтер, пипеткалар.

  2. 95%-тік ацетондағы 0,1%-тік нингидриннің ерітіндісі.

  3. Белок ерітіндісі, 1%-тік желатин ерітіндісі.



Жұмыстың орындалу барысы: Екі пробирканың біріншісіне 2 мл белок ерітіндісін, екінші пробиркаға 2 мл желатин ерітіндісін құяды. Екі пробиркаға 3 тамшыдан ацетондағы нингидрин реактивін қосып, су моншасында 70°С-да бірнеше минут қыздырады. Реакция жүрген пробиркаларда ерітінді күлгін-көк түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет