№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата14.02.2017
өлшемі3,76 Mb.
#4099
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Ғылыми жұмыстың негізін халықаралық қатынастарды сараптаудың дәстүрлі 
теориялары 

 либерализм және саяси реализм бағыттары негізге алынды. Либералды 

 
идеалистік  көзқараста  тұжырымдалған  мемлекетаралық  қатынастардағы 
халықаралық  құқық  нормаларының  жетекшілік  рөлі,  яғни  ондағы  демократиялық, 
әділеттілік  принциптері  мен  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  басымдылықтары, 
егемендікті  құрметтеу  және  өзара  тиімді  ынтымақтастық  Қазақстан  мен  Ресей 
қатынастарының қазіргі сипаты болып табылады. 
Ұлттық  мүдде,  күштер  тепе-теңдігі,  басымдылық  ұғымдарын  негізге  алған 
саяси  реализм  бағыты  мемлекеттер  арасындағы  ынтымақтастық  байланыстарын 
зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.  Бұнда  ынтымақтастық  мәселелері  мемлекеттің  ұлттық 
мүддесі  шеңберінде  қарастырылады.  Мемлекеттер  арасындағы  ынтымақтастық 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
143 
қолайлы халықаралық орта құру қажеттілігінен туып, өзге елдермен достық, татулық 
қатынастар орнатуды көздейді. Саяси реализмнің көрнекті  қайраткерлерінің бірі  А. 
Уолферстің  белгілеуінше,  мемлекетаралық  ынтымақтастықтың  ішкі  және  сыртқы 
қозғаушы  күші  болады.  Бірі 

  мемлекеттің  өз  ішіндегі  жағдайын  жақсартуға  деген 
ұмтылысы  болса,  екіншісі 

  сыртқы  қауіпке  бірлесе  қарсылық  көрсету.  Жоғарыда 
аталып өткен екі ынта Қазақстан-Ресей қатынастарынан да байқалады. 
Сондай-ақ,  өзара  байланыстылық  теориясын  ерекше  атап  өтуге  болады.  Бұл 
бағыт  мемлекетаралық  қатынастар  кеңістігін  ресми  байланыстар,  өзара  әріптестік 
жиынтығымен  қатар,  бейресми  қатынастар  тұрғысынан  да  қарастырады.  Бейресми 
қатынастарға сыртқы саяси элиталардың, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдар 
арасындағы тығыз байланыстармен сипатталады. 
Сонымен  қатар,  тақырыпты  зерттеу  барысында  жалпылау,  сараптау,  жүйелі 
тәсіл, салыстыру, хронологиялық және құжаттарды талдау әдістері қолданылды. 
 
КАЛҚӨЗ Ақжұлдыз, 
№110 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, Жаңақорған қыстағы, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БҮРГЕНБАЕВА Гүлстан Сейдуллаевна, 
№110 мектеп-лицейі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АНАҚАРЫС – ҰЛТТЫҚ ШЕШЕНДІКТІҢ ЕЖЕЛГІ КӨСЕМІ 
 
Шешеннің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес. 
Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген 
әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезінген шешен 
даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне 
бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, 
жақсылыққа кенелтеді. 
М.Т. Цицерон 
Біз  11  сыныпта  шешендік  өнердің  қыр-сырын  оқи  отырып,  оның  тарихы 
туралы,  өз  заманының  тәуелсіздік  жолындағы  күресіндегі  бірден-бір  құралы 
болғандығын  көреміз.  Қазір  еліміз  өз  тәуелсіздігін  алып,  дербес  мемлекет  болғалы 
шешендік өнердің де қажеттілігі де артып келеді. Дегенмен біз өткенімізді біліп, оны 
саралап,  сараптап  алмайынша  болашағымызды  біліп  жарытпайтынымыз  бесенеден 
белгілі. 
Ұлттық  шешендіктің  бастауын  біз  сонау  ғұн,  сақ  шығармаларынан,  Орхон 
ескерткіштерінен оқып білеміз. Біз оқып білген шешендердің қайсысы болмасын әрі 
қолбасшы,  әрі  би,  әрі  батыр,  әрі  жырау  болғаны  белгілі  және  халық  арасында  аты 
аңызға айналған тарихи тұлғалар. Мысалы, ежелгі туындылардан Алып Ер Тұңғаны, 
Анахарсисті – Анақарысты, Томиристі – Тұмар қызды т.б. оқып білеміз. 
Мені  дұшпандарынан  өз  елін,  өз  жерін  қорғай  жүріп,  түркі  шешендігінің 
тамаша  үлгісін  көрсеткен  скиф  елінің  ханзадасы  әрі  ділмар  шешені  Анақарыс 
Қоңырұлының  –  Гнурұлының өмірі қызықтырды, бірақ мектеп бағдарламасында аз 
қамтылғандықтан өз бетімше зерттеп, аз ғана еңбегімді сіздерге жолдап отырмын. 
Анақарыс  ата-бабасынан  тектілік  дарыған  хан  тұқымынан  екен.  Жастайынан 
эллада  тілін  біліп  өсуіне  анасының  әсері  болған.  Шешендік  өнерге  құштарлығы 
соншалық,  жастайынан  шешендік  кеңестерге  қатысып,  билердің,  шешендердің 
тәрбие-тағылым  алып  отырған.  Анақарыс  әскери  өнердің  қыр-сырын  жетік 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
144 
меңгерген  әскери  шенді  адам  болған,  жауынгерлік  өнері  шайқастарда  талай  рет 
сыналған.  Ерекше  шешендігімен  көзге  түскен  ол  скифтердің,  элладалықтардың 
салты  мен  дәстүрі  туралы  жазды  және  әскери  өнер  туралы  800  өлең  жазды.  Білім 
іздеп, ол дүниенің төрт бұрышын аралаған. 
 
Анақарыс Қоңырұлы біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 594 жылы эллиндер 
еліне  (Элладаға)  аттанады.  Эллиндер  елінде  ол  талай  ғұламалармен  бірге  түрлі 
пікірталастарға, пікір алмасулар мен ойталқыларға қатысқан.  Әлемдік философияға 
танымал  әйгілі  «жеті  ғұламаның»  бірі.  Плутархтың  «Жеті  данышпанның  сауығы» 
деп аталатын еңбегі  де осыны баяндайды. Әңгіме желісінде жеті  данышпан сауық-
сайран үстінде патшаның атақ-абыройы туралы өз пікірлерін айтады. 
Анахарсистің  сөзі  өзінен  басқа  алты  данышпаннан  –  Солон,  Биант,  Фалес, 
Клеобул, Питтак, Хиландардан асып түспесе кем түспеді. Анахарсистің: «Оған қоса 
барша  жұртының  ішінде  жалғыз  данагөй  жалғыз  өзі  ғана  болып  жүрмесе»,  -  деген 
сөзі патша ғана ақылды болса, билеген жұртының ішінде оның қадірін, қасиетін кім 
түсінеді, кім бағасына жетеді дегенге сайып тұрған жоқ па? 
Анахарсистің  төменде  келтірген  афоризмдерінен  сөз  өнерінің  шеберлік 
шыңын, шешендіктің табиғатпен үндестігін байқаймыз. 
Тіл туралы. Жақсылық та – тілден, жамандық та – тілден. 
Асыл сөз туралы. Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі. 
Жалған сөз – желге ұшқан сөз. 
Мінез-құлық туралы. Ақымақтардың арасында ақылды болу да – ақымақтық. 
Ашуланған адам алдымен өз басына жамандық тілеп алады. 
Достық туралы. Даланың заңдары тек достық пен бауырластыққа негізделген. 
Ақыл-ой туралы. Ақыл атасы – ақиқат. 
Жақсы мен жаман туралы. Жақсы жасалған құмырсқаның илеуі мен құстың 
ұясы да жайлы мекен, жақсы тұраққа жатады. 
Уақыт туралы. Дүниеде уақыттан жасы үлкен ешкім де, ештеңе де жоқ. 
Мәдениеті  мен  әдебиеті  дамыған  өркениетті  елдердің  барлығы  да  сөз  өнеріне 
бағынған, бағалаған. Тіпті ежелгі Грекияда шешендік өнерге баулитын арнайы білім 
ордалары болған. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
145 
Эллада  ғалымдары  мен  ойшылдары  өз  еңбектерінде  үнемі  оқыту  мәселеріне 
қатты  мән  беріп  отырған.  Ал  шешендік  сөздердің  қазақ  халқы  тарихымен  тығыз 
байланысты екенін білеміз. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен де – тілдің құдіреті, 
тіл түйгенді тіспен шеше алмайтындығын дәлелдеген де – тілдің құдіреті. 
Біздің  ертеңімізге  жол  сілтеп,  ой  тастар,  кеңес  берер  ұлы  адамдар,  олардың 
шешендігі  туралы  қаншалықты  білсек  те  көптік  етпейді.  Сондықтан  ұлы 
данышпандардың  шешендік  сөздері  туралы  мектеп  бағдарламасына  неғұрлым  көп 
енгізсе, одан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз белгілі. 
 
Әдебиеттер 
1 «Әдеби әлем» порталы. 
2 Тұрсынова Г.Т., Қасымбек А.А. 11 сынып. Қазақ тілі. – Алматы: Арман-ПВ, 
2007. 
 
МУСА Карина Болатбекқызы, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ИБРАИМОВА Алмагүл Мешітбайқызы, 
Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінің мұғалімі
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ КИЕСІ – ДОМАЛАҚ АНА 
(1373-1456) 
 
Мақсаты: Қазақ халқының қасиетті абыз анасы Нұрия ананың өткен өмірі мен 
асыл  қасиеті,  киелі  ғұмыры  арқылы  өскелең  ұрпақ  бойына  үлгі  өнеге  болар 
жолдарын паш ету. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
146 
Зерттеу барысы мынадай жоспар бойынша жүргізілді:  Тарихтағы Домалақ 
ана  кім?  Қасиет  қонған  ана  жайлы  мәліметтер;  Бәйдібек  батырмен  өткізген  өмірі; 
Домалақ  ана  жайлы  тарихи  шындықтар  мен  ақиқат  деректер;  Домалақ  ана  өшпес 
мұра; Тарихи мұраларды зерттеу. 
Мейірімнен  жүрегі  жаратылған  Нұрила  анамызды  айтқанда,  қазақтың  елі  мен 
жерінің  тұтастығын  қалыптастыру  жолындағы  аты  аңызға  айналған  Бәйдібек 
Қарашаұлының  аты  бірге  аталады.  Көне  тарихи  тұлғалардан  тараған  ұрпақтардың 
бірі  –  Қараша  бидің  баласы  –  Бәйдібек  баба  өзінің  түп  атасы  Үйсіннің  тарихи 
тізбегін үзбестен осындай кең аймақта тайпалық одақ құрып, сол мекендерде үрім-
бұтағының туын тігіп кеткен тарихи тұлға. 
Ол  дәулеті  шалқыған  байлығымен,  ұлысты  басқарған  парасаттылығымен 
белгілі. Жетісуды, Арыс өзенінің алыбын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған 
елді басқарған. Қан майданда қол бастаған. Бірақ қаншама аңыз, әңгіме болғанымен, 
оның  өзегінде  сом  алтындай  жарқырап  тарихи  ақиқат  жатады.  Әрбір  мысалдан 
тарихи дерек көрініп тұрады. 
Бәйдібек  бабамыздың  да,  оның  өзіне  дейінгі  аталарының  да  тарихы 
болғандығын,  өзінің  өмір  тарихының  нақтылығы,  орда  ұстап,  отау  көтергендігін 
және  ұлдары  мен  қыздарының,  кейінгі  үрім-бұтағының  әр  ғасырларда  халық 
тарихының алтын діңгектері болып, Алаштың Ұлы көшінде келе жатқандығы. 
Бәйдібек  бабамыздың  қай  жылдары  туылғаны  мен  қайтыс  болғаны  туралы 
нақты  дерек  жоқ.  Кейінгі  кездері  жазып  жүрген  шежірелер  тарапынан  шындыққа 
келмейтін қисынсыз дәлелдемелер жиі көрініс тауып  жүр. Халық үшін қызмет еткен 
дұрыс шығар. 
Қазақ  шежіресін  Төле  би,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  сияқты  кемеңгер 
даналардан  артық  білмейтін  шығармыз.  Міне,  сол  кісілердің  шәкірті  болған,  ақыл-
кеңесін  естіген  әрі  қызметтес  болған  Шапырашты  Қазыбек  бек  Тауасарұлының 
жазып қалдырған пікірлерімен санаспауға болмайды. Ол кісінің атасы Матай да сол 
замандағы оқыған-тоқығаны бар, білікті кісі болған. Сол сияқты жазба деректері де 
болғандығын  айтады.  Бізден  үш  ғасырдан  астам  ерте  өмір  сүрген  бұл  аталарымыз 
шежірені  дұрыс  білетініне  ешкім  таласа  қоймас.  Әрі  ол  кісілер  Бәйдібек  бабаға 
бізден гөрі жақын өмір сүрді ғой. 
Қазыбек  бектің  айтуы  бойынша,  Бәйдібек  бабамыз  609  жылдары  дүниеге 
келген. Бектің ойынша Жоңғар шапқыншылығы кезінде Албан, Суан, Шапырашты, 
Дулат тайпалары іргелі ел болып, санының бірнеше он мыңдаған болғанын білеміз. 
Тіпті жоңғарларды қуа бастаған кезде Шапырашты тайпасының өзі  – малшы, бала-
шағадан бөлек 7 мың сарбаз шығара алған. 
Сонымен біз Бәйдібек бабамыздың VI-VII ғасырда дүниеге келген деген пікірге 
тоқталамыз.  Оның  үш әйелі  болған.  Бірінші  әйелі  Сары  бәйбіше  Байтоқты  атты  ұл 
туып,  одан  Түргеш  дүниеге  келеді.  Екінші  әйелі  Зеріптен  туған  Жалмамбеттен 
Шапырашты,  Ошақты,  Ысты  өрбиді.  Үшінші  әйелі  елге  әулие  Домалақ  ана  деген 
атпен белгілі Нұриладан Тілеуберді, одан Албан, Суан, Дулат тараған. 
Домалақ  ана  қазақ  даласына  VII  ғасырда  жеткен  Араб  халифатының  әскери 
өкілдерінен  бұрын  бейбіт  мақсатпен  келген,  ислам  дінін  уағыздаушыларының  бірі 
болған  араб  дегдарының  қызы.  Өзі  де  елді  имандылыққа  шақырып,  жас  кезінен 
сәуегейлігімен  танылған.  Осындай  игі  ісімен,  тартымдылығымен  Бәйдібек 
бабамыздың назарына іліккен. 
Шайқы  Мизамбекқызы,  Нүрила  –  қазақ  халқының  абыз  аналарының  бірі  6-7 
ғасырда  өмір  сүрген.  Бәйдібек  батырдың  үшінші  әйелі  Албан,  Суан,  Дулаттың 
анасы. Шын аты – Нүрила, өзгені де баласындай көрген төңірегіне аналық мейірімін 
шашқан  барынша  кішіпейіл,  алдағы  күннің  жайын  ойлап,  айтар  сөзі  ақиқатқа 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
147 
айналған  болжампас,  көрген  қасиетін  құрметтеген  үрпақтары  сол  заманның  өзінде-
ақ  оның  атын  атамай,  жаратылысынан  бойы  болғандығына  қарағанда  «Домалақ 
анна», «Домалақ ене» атап кеткен. 
 
 
Домалақ ана кесенесі 
 
Нүрила Мақтым Ағзам қожаның немересі Мақтым Ағзымның жалғыз ұлы Әли-
Сылан  ержүрек  батыр  болды.  Әкесі  әскерден  келмеген,  анасынан  тағы  айырылған 
Нүрила  нағашы  атасында  тәрбиеленеді.  Домалақ  ананың  өмірі,  адамгершілігі 
жайында кезінде Әбілқазы Баһадүрхан жазған. «Инсаният-и диһнат маме» деген сол 
кітабы араб, парсы, түркі тілінде басылады. Иранның «Даролфонуи» кітапханасында 
1653 жылғы басылымы әлі сақтаулы. 
Домалақ  ананың  қадір-қасиеті  ертеден-ақ  танылған.  Ел  аузында  ол  туралы 
аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-
үйір  жылқысы,  келе-келе  түйесі,  отар-отар  қойы  өрген,  шығыс  пен  батысқа 
керуендер жүргізген асқан бай адам болған. 
Бірде  Алатау  асып  келген  қалып  жау  Қаратау  жонын  жайлап  отырған 
Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған 
ел азаматтары ауылда болмса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек 
елден  жасақ  жиып,  қасына  үлкен  әйелі  Сары  бәйбішеден  туған  алты  ұлын    алып, 
жауға  аттанғалы  жатқанда,  Нұрила:  «Бай-еке,  малдың  құты,  жылқының  иесі  құла 
айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей 
өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, 
өз  отауының  белдеуінде  матамен  байлаулы  тұрған,  жүген-құрық  тимеген  шу  асау 
айғырды көрсетіпті. 
Бірақ,  жауға  кектенген  батыр  әйелінің  тілін  алмай,  жасағын  бастап,  жүріп 
кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда 
жасанып  келген  жау  аттанға  ілесіпатқа  қонған  аз  жасаққа  теңдік  бермепті.  Осы 
соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада 
алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінейді 
дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің 
қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ 
ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
148 
Нүрила  1373-1456  жылдары  өмір  сүрді.  Нүрила  араб  сөзінен  қазақшаға 
аударғанда  «Алланың  нұры»  деген  ұғым.  Нағашы  атасы  Мақтым  Қожаның  түсінде 
болып  «Нүрила  әулие  әйел»  атанады  дейді.  Білегін  алғаш  кім  ұстаса,  соның  жары 
болады деген белгі беріледі. Нүрила он жасында су алуға барғанда құдықтың ішіне 
байқаусызда  түсіп  кетеді.  Суық  суда  дірдек  қағып  тұрған  жас  қызды  Бәйдібек  би 
құдықтың  қасына  келіп,  үңіліп  қараса,  абыржып  тұрған  қызды  көреді.  Қауғаны 
жіберіп,  дереу  ішіне  түс  деп  бұйырады.  Нүриланы  білегінен  ұстап,  құдықтан  алып 
шығады. 
Бұл оқиғаны ешкімге айтпай көп жүреді, құда түскендерге көнбейді. «Білегімді 
ұстаған – Бәйдібек, менің болашақ күйеуім сол болмақ», - дейді. 1397 жылы он тоғыз 
жасында Бәйдібекке күйеуге шығады. 
Нүрила  анамыз  Бәйдібек  атамыздың  бірінші  әйелі  Сарықыздан  көп  қорлық 
көреді. Нүрила екі  қабат болып босануға таянғанда Нүриланың түсіне Қожа Ахмет 
Хазірет кіріп: «Ұл табасың, есімін Тілеуберді қой»,  - дейді. Сары бәйбішенің тоғыз 
ұлы  болса  да,  Нүриланың  ұлы  Тілеубердінің  көзін  жоюға  адам  жұмсайды.  Адам 
көнбей  ақыры  өзі  барып,  ұйқыдағы  сәбиге  пышақ  салады.  Пышақ  тайқып  тиіп, 
сәбидің сол жақ шүйдесін сүйегіне жетпей қиып өтеді. Тілеуберді сол кезден бастап 
Жарықшақ болып аталып кетеді. Араб және парсы тілдерінде бұл есім «Шарықшах», 
яғни шығыс патшасы деген мағынаны білдіреді. 
Сары  бәйбішенің  шектен  шыққан  қылығы  үшін  «Жүзге  жетпе,  жүзге  жетсең 
күзге жетпе» деп налиды. Нүрила анамыздың аузы дуалы еді, қарғысы қабыл болып, 
Сары  үйсін  ұрпағы  жасы  өспей  қалды.  Сары  бәйбішенің  тоғыз  ұлы  тасқын  суға 
тоғытылып, қараңғы түнде бәрі қырылып қалады. 
Бәйдібек  атамыз  1419  жылы  қайтыс  болып,  сүйегі  Балабөгеннің  төбесіне 
қойылады. Нүрила өмірінің соңғы жылдарын Ташкентте өткізеді. Бір күні түс көреді, 
түсінде  Бәйдібек  өзіне  шақырады.  Ұлы  Жарықшақты  шақырып,  Қаратауға  қайта 
оралғысы  келетінін  айтады.  Бұл  хабар  ұлысбегі  Дулатқа  жетеді.  Нүрила  анамыз: 
«Мен  ақырғы  сапарға  жиналып  отырмын.  Қаратауға  аман  жетіп  өлсем,  Бәйдібек 
бабаның қасына қоярсың, егер жолда өлсем, сүйегімді сүйреме», - дейді. 
Олар үш күн жүріп, Балабөген жағасына жетті, Нүрила ана өзенге бетін жуып, 
аз ғана су жұтты. Дәрет алып, бесін намазын оқуға кірісті, Аллаға сиынып, сәждеге 
бас қойды. Кенет:  «Сүбіхана раббия алла»,  -  деп сәждеге басын апарған ана басын 
көтермеді.  Нүрила  анамыз  1456  жылы  мамырдың  25  жұлдызында  бейсенбінің 
кешінде қайтыс болды. 
«Домалақ  анна»  әулиенің  күмбезін  Дулат  Бұхардан  ұста  әкеліп  салдырады. 
1906-1908  жылдары  Ресейден  келген  орыстар  күмбезді  бұзады,  адамдарды  мылтық 
атып қорқытып, кірпіштерін алып кетеді. 
1957 жылы Нүрила анаға жаңадан күмбез орнатылады. Бұрынғы нұсқаларымен 
салыстырғанда  күмбез  әлдеқайда  кіші  болды.  Күмбезді  қайта  салуға  Иран  ұстасы 
Бәшир  Хусейн  және  елден  Достай  Келімбетов  қатысты.  Халық  күмбездің 
шырақшысы  етіп  әуелі  Әбдірәсіл  Беркінбайұлын,  кейін  Байтас  Досалыұлын 
сайлады. 
Жаңа  үлгімен  салынған  Үлкен  Қаратаудың  Қостұра  бөктерінде  тұрған  Әулие 
Ананың  аппақ  жұмыртқадай  әсем  ғимаратына  бас  иіп,  тағзым  етіп  келушілердің 
қатары бұрын да, қазір де толастар емес. 
Бәйдібектің бейіті Қаратауда. Бабамыздың сүйегі осы Қаратаудың басынан кең 
сай  арқылы  төмен  қарай  сыңғырлап  аққан  мөп-мөлдір  Балабөген  өзенінің  орталық 
аңғарындағы  биік  төбенің  нақ  үстіне  қойылған.  Үлкен  әрі  биік  етіп,  күмбездетіп 
салынған  есткерткіш  қазір  осы  Бәйдібектің  есімімен  аталған  өз  ұрпақтары  тұратын 
ауылға және сол төңірекке ерекше бой көрсетіп, сән беріп тұр. 

№№7-12(85-90), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014          ISSN 2307-017X 
                         – M   n  čn h  ss  dov n j – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
149 
Ауыл Қаратаудың бел ортасында орналасқан. Балабөгеннің жоғарғы аңғарында 
Бәйдібек  ауылынан  алты  шақырым  жерде  енелі-келінді  Зеріп  пен  Сыландының, 
ортасында  Бәйдібек  пен  Мараудың,  Жарықшақтың,  төменгі  аңғарында  Домалақ 
Ананың  осы  бір  өзеннің  алабына  шоғырлана  орналасқан  мазарлары,  бұл  күндері 
олардың  өткен  жолдарын  рухани  қастерлеуші  ұрпақтың  бас  иіп,  көрісер  қасиетті 
орнына  айналған.  Ұлы  бабалар  мен  аналардың  жатқан  орны,  олардың  әруағын 
қастерлеуші жұрт, қазақ елінің әр атырабынан үздіксіз келіп жатады. Олардың есімі 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өскен халқымен бірге жасай бермек. 
Дархан  адамгершілігі  мен  ақыл-парасаты  ел  ауызында  аңыз  боп  айтылған 
даңқты  ана  өмірден  үзілді.  Ол  бүкіл  Жетісу  өлкесі,  Шымкент,  Әулиеата,  Ташкент 
өңірлерін мекендеген елдер ұрпағының түпкі анасы еді. 
Нүрила  –  Бәйдібек  бабамыздың  үшінші  әйелі.  Бәйдібектің  Нұриладан  туған 
Тілеуберді  (Жарықшақ)  деген  бір  ұлы  болған.  Одан  Албан,  Суан,  Дулат  тарайды. 
Нұрила Тілеубердіден кейін 1402 жылы бір қыз перзент табады. Оған Қызайым деп 
деп есім қояды. Қызайымның бітім-болмысы, ақыл-парасаты анасы Нүрилаға тартып 
туады. 
Бәйдібек шежіресі: Бәйдібек баба. Бірінші  әйелі  Қызыл бидің қызы Мараудан 
(Сарыбәйбіше). Сарыбай (Сарыүйсін). Түргеш (Сарыүйсін атанған). 
Екінші  әйелі  Шынтас  бидің  қызы  Зеріптен:  Қалмағамбет,  Жалмамабет 
(Оразәлі, халық аузындағы «Ораздының оғынан сақта» деген сөз осыдан қалған). 
Қорытынды.  Домалақ  ананың  бойындағы  мынадай  қасиеттерге  тоқталсам: 
адамгершілік,  шыдамдылық,  парасаттылық,  адалдық,  ұстамдылық,  ақылдылық, 
даналық, көрегендік. 
«Қазіргі  заман  қыздарының  бойынан  осындай  қасиеттерді  көре  аламыз  ба?»  - 
деген сұрақ туады. Ұлы аналарымыз туралы оқып, осы қасиеттерін үлгі тұтып өскен, 
меніңше, «қазақ қызы» деген атқа лайықты. Өткенді оқып, өнеге тұтқан жастардың 
болашағы  әрқашан  жарқын  болмақ.  Менің  бұл  ғылыми  жұмысты  қолға  алуымның 
себебі  де  осы  болатын.  Әлі  де  бұл  еңбегім  жалғасын  табады  деп  ойлаймын.  Ұлы 
аналардың ұлы істерін оқу, сол сара жолмен жүру үшін үлкен демеу. 
Мені  өз  елімнің  тарихы,  тарихи  оқиғалары  қызықтырады.  Тарих  мен  үшін 
қызықты  білім  көзі.  Өйткені  ол  бүкіл  адам  баласының  басынан  өткен  заманалар 
туралы шежіре шертеді. Оны білу кімге де болса қажет. Тарихты білу алдымен өзің 
туып-өскен  өлкеңді,  еліңді  оқып-үйренуден  басталады.  Елі  үшін  еңбек  еткен,  үлгі 
болған  тұлғаларды тану  ұрпақ үшін өте маңызды. Өмірден өткен бабаларымыз бен 
асыл  аналарымыздың  ақыл-парасатын,  тәрбиесін  үлгі  тұту,  жалғастыру  кейінгі 
ұрпаққа мұра етіп қалдыру баршамызға аманат деп түсінемін. 
Домалақ  ананың  кесенесіне  барғанда  көп  ойлар  мазалады.  Біз  қолда  бар 
алтынның  қадіріне  жете  бермейміз-ау,  кесенені  бір  көріп,  бата  алып  кетуге  сонау 
шет елдерден келетіндер қаншама. Қасиетті орындарды қашанда қазақ қастерлеген, 
қасиетіне  жете  білген.  Бүгінде  өсіп  келе  жатқан  жастар  осы  үрдісті  жалғастырып, 
тарихты  оқыса.  Теңіз  түбінде  жатқан  маржандай  барлық  асыл  қазынамыз  тарихта 
екенін түсінер еді. 
Домалақ  ана  жайлы  әлі  де  болса  ел  ішінен  көптеген  деректер  жинақтауға 
болады. Іздену, талмай еңбектену, соны жарыққа шығару ұзақ еңбек екенін сеземін, 
сезе тұра осы істі әрі қарай жалғастырамын деген ойдамын. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет