№7 Тақырып. Дамыта оқыту технологияларына салыстырмалы талдау

• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу

бет4/5
Дата19.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#35019
түріОқулық
1   2   3   4   5

• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

• теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

• оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

• оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;

• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Дамыта оқыту технологиясында білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс əрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана. Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас. Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. 

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет