70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі



бет14/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
70-90

Оқушының оқу іс-әрекеті негізінен, ойлау қызметінен тұрады. Білім сапасы оқушының ойлау қызметіне байланысты.

Оқушының оқу іс-әрекеті:

  • ойлау іс-әрекеті;

  • танымдық іс-әрекет;

  • іздену іс-әрекетінен тұрады.

Оқушының ойлау іс-әрекетін қалыптастыру мынандай ретпен жүзеге асырылады:

  • оқушының алдындағы мақсаты;

  • материалдармен әрекеті;

  • материалдар көмегімен оқушы өзі бақылап, байқап, әрекет жасап көргендердің ішінен ізделінді, қасиеттерді бөліп қорытынды жасауға дайындалады;

  • мұғалімнің көмегімен орындаған әрекеттерін анықтаған қасиеттердің дұрыстығын өздігінен тексеріп шығады;

  • оқушы қорытында жасауға үйренеді. Нәтижесінде таза өзінше ойлау әрекетін жүзеге асырады.

  1. Оқу мотивтері екі топқа бөлінеді:

  • оқушы белсенділігін өзі меңгеретін нысанаға бағыттайтын танымдық мотивтер;

  • оқушы белсенділігін басқа адамдармен қатынасы негізінде қалыптастыратын әлеуметтік мотивтер.

Адам танымы байқаудан, сезіп қабылдаудан, нақты аңғарудан, заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін сол заңдарды күнделікті қолданыста қолдануға қарай жүріп отырады.

  1. Оқушының іздену іс-әрекеттері – салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау сияқты интеллектуалдық біліктері. Салыстыру – салыстырылатын тақырыптардың идеясын, мінез-қырларын анықтау; әрбір салыстырылатын кейіпкерлердің өмірде берілетін шындық көрінісін табу; салыстырылатын нысаналардың айырмашылығы мен ұқсастығын қорытындылау.

Талдау, жинақтау – тақырыптан талданатын негізгі бөлшекті бөліп алу. Қарастырылатын нысанаға кіретін бөлшектің құрамын анықтау, талдау жасау.
Абстракциялау – салыстыра қараған үрдістердің жалпы маңызды белгілерін, маңызды емес белгілерінен ажырату.
Нақтылау – анықталған маңызды белгілерін басқа нысанаға қатысты талдап, заңдылықтарды тұжырымдау.
Психологтар: Оқыту материалдарын оқушылардың меңгеруі бес сатыдан тұрады, — дейді. Олар: бағдарлау, материалданған әрекет, сөзбен құбылтып түсіндіру, ой тәсілінің қысқартылуы, ойланып үндемей орындау. Бұлар сатылап оқыту құралына енеді.
Оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалім шеберлігіне байланысты. Ең алдымен – оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру. Мұғалім оқыту үрдісінің негіздерінің теориялық ғылыми жетістіктерін әдіспен шебер үйлестіре білсе, тәжірибеде басшылыққа алса терең білім берері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет