78. Қан және оның маңызы. Қан жасаушы органдарды атаңыз


Жүректің автоматизмі қызметі деп-автоматизм



бет3/13
Дата15.12.2022
өлшемі403,78 Kb.
#57592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Жүректің автоматизмі қызметі деп-автоматизм қызметіне синоатриалды түйін және жүрекшелер мен қарыншалардың (пейсмекерлер) өткізгіштік жүйесі қатысады.
78) Қан –жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру.Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап,оларды қорыту арқылы сақталады.Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі.Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады.Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак,мочевина,фенол,индол,кетондар улы заттар пайда болады.
Сонымен,адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты.Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
адамның қанайналым жүйесі бұл сүйек кемігінен, перифериялық қаннан, көкбауырдан, лимфа түйіндерінен және бауырдан тұратын ағзаның функционалды жүйесі.
Оның құрамына қанның барлық ұлпалар арқылы өтуін ұйымдастыратын, қоректік заттар, оттегі, көмірқышқыл газы, гормондар сияқты әртүрлі материалдарды тасымалдауға мүмкіндік беретін бірқатар органдар кіреді. Ол жүректен, тамырлардан, артериялардан және капиллярлардан тұрады


  • 79) Қанның формалы элементтері, олардың қызметтері

Плазма белоктары әр түрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан кұрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әр түрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрүмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауда зор роль атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғаныш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген канның ұю процесіне катысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.

Қан – ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы.


Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6,5-7 % құрайды.
Қан плазмасы – құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) – формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында темір бар ақуыз бар – гемоглобин. Ол эритроциттердің басты функциясы – газдарды, алдымен оттегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.
Қан қалпына тез келетін тіндер қатарына жатады. Қанның формалық элементтерінің физиологиялық регенерациясы қан жасаушы ағзалары арқылы бұрынғы жасушаларды жою және жаңасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сүйек кемігі адам мен өзге сүтқөректілердегі негізгі бөлік болып табыады. Адамда қызыл немесе қан жасаушы сүйе кемігі негізінен жамбас сүйектерде және ұзын түтікше сүйектерде орналасқан.
Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз.Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады.
➢ Түйіршікті лейкоциттерге 
нейтрофилдер (45–75%),
эозинофилдер (1–5%)
базофилдер (0–1%) жатады. 
➢ Түйіршіксіз лейкоциттерге 
лимфоциттер (18–30%),
моноциттер (2–9%)
•Түзілуі: лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі.
•Тіршілік ету ұзақтығы 2–5 тәулік.
•Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады
Қызметі: Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді. Лейкоциттер қылтамырлардың (капилляр) қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегімен олар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады. 
Лейкоциттер қызметі денеде қорғаныс, деструктивті, регенеративті, ферментативті функциялардыорындайды.
Қорғаныс қасиеттері агранулоциттердің бактерицидтік және антитоксикалық әсерімен, қанның ұюы мен фибринолиз процестеріне қатысумен байланысты.
Шеткергі қандағы лейкоциттердің пайызы лейкоциттік формула деп аталады, оның әртүрлі бағыттарға ауысуы организмде болатын патологиялық процестерді көрсетеді. Оң жаққа жылжу бар-нейтрофильді лейкоциттердің ескі түрлерінің ұлғаюымен бірге қызыл сүйек кемігінің функциясының төмендеуі. Солға жылжу қызыл сүйек кемігінің функциясының артуының салдары болып табылады, қандағы лейкоциттердің жас түрлерінің саны артады. Әдетте, лейкоциттердің жас және ескі формалары арасындағы қатынас 0,065 құрайды және регенерация индексі деп аталады. Бірқатар физиологиялық сипаттамалардың болуына байланысты лейкоциттер көптеген функцияларды орындай алады. Ең маңызды қасиеттер-амебоидты ұтқырлық, көші-қон (зақымдалмаған тамырлардың қабырғасына ену мүмкіндігі), фагоцитоз.


80) Ағзадағы жылу денеге қан арқылы таралады. Терідегі жүйке талшықтарының тітіркенуінен зат алмасу қарқыны өзгереді. Мысалы, сыртқы орта температурасы көтерілсе, зат алмасу бәсеңдейді де, қантамырлар кеңейеді. Теріге көп мөлшерде қан ағып келіп, теріде температура көтеріледі де бұл кезде сыртқа көп жылу бөлінеді. Осылай ағза өзін қызып кетуден қорғайды. Егер сыртқы орта температурасы ағзаның дене температурасынан төмен болса, қантамырлар тарылады. Бұл кезде теріге қан аз келеді де, ағзада жылу сақталып, өзін тым салқындап кетуден сақтайды. Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелей жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет