9-10 практикалық сабақтар тақырыбы


Ахмет Байтұрсынов жəне қазақ əдебиетіндегі ұлт-азатшыл бағыт



бет2/14
Дата17.10.2023
өлшемі71,16 Kb.
#116916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия) (копия)

Ахмет Байтұрсынов жəне қазақ əдебиетіндегі ұлт-азатшыл бағыт.

Ахмет Байтұрсынов поэзиясы азатшылдық рухымен даралана- ды. Ол ақын ретінде қазақ поэзиясына күресшілдік сарын əкеліп, азаттық жырдың озық үлгісін шашты. Оның өлеңдерінің ұлт- азатшыл рухы-мəңгілік жоғалмас ақындық үлгі болып қала бермек.
Ахмет өлеңді тікелей шығармашылықпен айналысқысы келіп, не болмаса ақындық атқа ие болу үшін жазбаған. “Жеті қырлы, бір сырлы” Ахметтей тұлғаның қадір-қасиетін, сыр-сипатын айқындай түсетін оның ақындық өнері –замана шындығынан, өмір талабынан туған құбылыс.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының басты міндеті ұлт-азаттығының тірегі ұлттық сананы ояту бол- ды. Олар өз шығармашылығында отаршылдыққа қарсы ашықтан- ашық пікір айтып, азатшыл күрес идеясын өркениетті елдердегі саяси күрес тəсілімен ұштастыруды мақсат тұтты. Ағартушылық, өнер-білім барлығы ең алдымен ұлт-азаттығы үшін қызмет етуі ке- рек деген берік байламдағы ой-идеяны насихаттады. “Мақсаты тіл ұзстартып, өнер шашпақ” болған Абайдың ағартушылық бағыттағы ой-толғамдарын жаңа арна – азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық, жікшілдік мүдделерді көздемей, ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды. “Елім”, “Жерім” деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы негізгі ұстындарға айналдыруды көздеді. Яғни бұл бағыттағы ақын- жазушылар шығармашылығында “елшілдік” (М. Əуезов) сипат ба- сым болды.
Бұл бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа əлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда бо- луы жан-жақты əсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен айналысқандықтан да, өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық идеяларын ту етіп көтерді. Ал өздерінің са- яси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мəселе ретінде сая- си тəуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты да- муы, өркендеуі ұлттық салт-дəстүрлерді сақтай отырып, өзге өркениетті елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-ағартуды, өнер-білімді ел тəуелсіздігі жолындағы са- яси күреске пайдалануға əрекеттенді. Əдеби шығармаларында ұлттық сананы оятуды, күрескерлік рухты көтеруді басты мақсат тұтты. Сондықтан да олардың шығармаларындағы көркемдік əдіс-тəсілдер азатшыл оймен ұштасып жатты. Ұлт-азаттық əдебиет бағытының өкілдері қандай да бір əдеби шығарма бол- масын, оған ұлттық мұрат тұрғысынан талап қойды.
Халықты саналы іс-əрекетке үндей отырып, таптық қайшылықты емес, ұлттық бірлікті жырлап, ұлт тұтастығын сақтауды көздеді. Бұл бағыттың негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев шығармашылығында Ресей империясы отаршылдық езгісінің бүкіл сипаты толыққанды ашылды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің И. Крыловтан алған мысалдарында қазақ қоғамының өткір мəселелерін қозғайтын мысалдарды таңдап, оларда ұсынылатын түйін-тұжырымдар арқылы ел санасын оятуға баса күш салды. Ал өзіндік төл өлеңдерінде ұлт-азаттығына үндеп, тəуелсіздік мəселелерін айбынды рухпен жырлай алды.
Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым, елім, Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып, Талауда малың, Қамауда жаның,
Аш көзіңді, оянып, –
деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың түп-тамырын даналықпен көре біліп, ұлт санасын “ояту” идеясын алға тартады.
Өз ұлтының енжарлығы мен жалқаулығы, өнер-білім іздеп сілкінбеуімен күрескен А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінде ұлт-азатшыл бағытты бастаған төл поэзиясында аударма арқылы насихаттаған ойларын айқындай түсіп, өршіл де төңкерісшіл сарындағы жалынды жырлар туғызады. Сөйтіп, қазақ əдебиетіндегі жаңа бағыттың бастауы іспетті “Маса” жинағы 1911 жылы дүниеге келді. Ол – Ахметтің ақындығын кеңінен паш етіп, өз тұсындағы қазақ ақындарының алдыңғы қатарына шығарған туынды.

  1. Қырық мысал” жинағының төл туындылық сипаты.

«Қырық мысал – төл туынды». Ахмет Байтұрсынұлының ұшан-теңіз тағылымды еңбектерінің арасында «Қырық мысал» жинағының орыны ерек. 1909 жылы жарық көрген «Қырық мысал» аудармалар жинағын А.Байтұрсынұлы орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударғандығын білеміз. Әйтсе де, ұлт ұстазының аударған қырық мысалын оқып отырсаңыз, қазақ тіліндегі сөздік қордың молдығы мен тазалығына көз жеткізесіз. А.Байтұрсынұлы мысалдарды қазақы қалыппен баяндай келіп, халқымыздың бай фольклорымен, әсіресе, мақал-мәтелдерімен ерекше тұжырымдайды. Ақын мысалдарының түпнұсқадан анағұрлым көлемді болуына әрқайсының соңғы шумақтарына ғибраты мол түсінік беріп отыруы себеп болған. Мысалы, «Екі Бөшке» туындысында бірінде заты бар, ал бірі бос күйінде көшеде келе жатқандығы айтылады. Заты бар бөшкенің ақырын, ал бос бөшке болса елдің мазасын алып салдырлап келе жатады. Осыны айта келіп ақын 4 шумақты ғибратнама қалдырады. Соңғы түйінінде:
«...Байқамас оны ешкім жақындаспай,
Істес боп, ой сынасып, ақылдаспай.
Бөшкеде не зат барын кім біледі,
Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай?!»
Бұл секілді мысалдардың бірнешеуін келтіре аламыз. Мәселен, «Өзен мен Қарасу», «Аңдарға келген індет», «Кісі мен Арыстан», «Қартайған Арыстан», «Арыстан, киік һәм түлкі», «Маймыл», «Емен мен Қамыс» мысалдарының соңғы 3 шумағы, «Қасқыр мен Тырна», «Екі Бөшке» мысалдарының соңғы 4 шумағы ғибратты, ой саларлық түйінге құрылған. Көбінесе мысалдың ой-түйінін беретін кезде тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде қолданады:
«Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген»,
«Осындай әуре болған жаннан қапты». («Өгіз бен бақа»);
«Ұялған тек тұрмайды» («Сары шымшық»);
«Болмаса қайратыңа ебің серік,
«Опа жоқ құр айласыз мықтылықтан» («Емен мен қамыс»);
«Садақа бастан құлақ» деген мақал,
«Бейшара жан сауғалап тұра қашты». («Арыстан, киік һәм түлкі»);
«Залымдар айран ішіп аман кетіп,
«Момындар тұтылып жүр шелек жалап» («Аңдарға келген індет»);
«Күнәлі біреу ойдан, біреу тілден» («Қарашекпен мен қой»);
«Жақсыны жақсы деген мақтау емес,
«Жаманды жаман десең, болмайды өсек» («Есек пен үкі»).
Ахмет Байтұрсынұлының осы секілді қазақы мақал-мәтелдерді қолдана білуі дәстүр жалғастығы мен жанр ерекшелігін танып, өзіне тән даралығын айқындай түскендей. Әйтсе де, ақын мақал-мәтелдерді орынсыз қолдана бермейді. Кейбірінде мысалдың ыңғайына байланысты оларды өзгертіп те отырады. Мәселен, «Айран ішкен құтылар, шелек жалаған тұтылар» деген қазақ мақалын ақын «Аңдарға келген індет» мысалында:
«...Залымдар айран ішіп аман кетіп,
Момындар тұтылып жүр шелек жалап»,
- дейді.
А.Байтұрсынұлы мысалдарында ақын болуымен қатар ойшыл ретінде де көрінеді. Тұрмыстық көріністерді дәл бере білу арқылы өмірдің шынайы суреттерін нақтылай түседі. «Сарышымшық» мысалында әсірелеу қалпымен күлкі тудырса, оның артқы жағында зілдің жатқанын байқаймыз:
«...Балық жеп, сорпа ішіп тойынбаққа,
Аш пенен көбінесе арық келді.
«Бір соғым пұлсыз астан» дейтіндер бар,
Қасығын қолдарына алып келді».
Бұл арқылы дайынға жүгірер «піскен асқа тік қасық» болар күлкілі топты астарлы иронияға келтіріп отырғандай. Негізінен, ақын мысалдардың сюжетін И.А.Крылов арқылы беріп отырғанымен, ондағы бозбала, сорпа, соғым, я бөлең, я нағашың, я жиенің, т. секілді туған тіліміздің байлығын білдіретін сөздерді қолдану арқылы сюжетті қазақ даласына еркін енгізіп жібергендей. Ахметтанушы ғалым Ө.Әбдиманұлы: «Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы тақырыпты, ой-өзекті ғана алып өзінше еркін жырлауға, қазақ өмірін тығыз байланыстыра отырып ой айтуға ұмтылған. Ол, әсіресе, қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мәселелерге келгенде өзіндік бағыт ұстанып, негізгі желіні дамыта отырып, жаңғыртып, өз уақытына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді мақсат еткенін аңғару қиын емес» - дейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет