Міржақып Дулатов шығармашылығының XX ғасырдың басындағы əдебиетте алар орны
Ақын өлеңі – адамдар арасындағы жай бақастық, өзара айты- сты арқау етпеген, саяси астары кең, əлеуметтік мағынасы терең дүние. Міржақып сөзін арнаған “Көсемдердің”, “Шешендердің”, “Данышпандардың” кімдер екенін оның кейінгі бір тұста жазылған мақаласынан тап басып танимыз. “Сарыарқа” газетінде “Мадияр” бүркеншік есімімен жарияланған “Кім қас, кім дос” атты мақалада: “Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыңшы болып, бірі елді алдап, жол тосып, жолаушы тонап соғылғандар” (1918, No31) деп оларды бір сəт бас-басына атап өтеді.
Жалпы алғанда, Міржақып Дулатов поэзиясы қазақ əдебиетінде алғаш болып азатшыл сарынды алып келуімен, өршіл үнді азаматтық пафосымен ерекшеленеді. Оның өлеңдері жадағай ақылгөйлік, мағынасыз үгіт, күнделікті тірлік күйбеңін жырлаудан таза. Əр өлеңі халқының бостандық пен теңдікке жетер бағытын айқындап, əр сөзі оқырман жүрегінен жол тауып жатуы осының айғағы.
Ахмет Байтұрсынов поэзиясындағы азаматтық сарын, азатшыл рух. «Маса» жинағы. Аудармалары.
ХХ ғ. бас кезінде аудармада, әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М.Сералин, Б.Өтетілеуов, Ғ.Қарашев аудармаларының, газет-журналдардағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар – А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов Шығыс пен Батыс елдерінің әдебиеттер үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға көп қызмет етті.А.Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ахметтің ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы танылды. Ол орыстың классикалық жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Санк-Петербург 1909 жылы императорлық ғылыми академиясының баспаханасында жеке кітап етіп шығарды. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді.
А.Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айта келіп, былай дейді:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсанып қоңырайма, құрбыларым!
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,
Күй қайда үздік шығар топты жарып.
Ат тұрмас аяғында желі болса,
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.
Бар болса сондай жүйрік қоуар деймін,
Естілсе құлағында дүбір барып.
Әйтпесе арық шауып оңдырар ма,
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып.
«Қырық мысалды» Мұхтар Әуезов «қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі» деп бағалаған еді.
Крыловты кезінде Абай да аударған. Байтұрсыновтай көп емес, академиялық жинақта Абайға телініп жүргендері 12 мысал. Бірақ, Байтұрсынов аты атаусыз қалып, оның әдеби мұрасына тыйым салынған кезде, Крыловтың аудармашысы ретінде тек Абайды ғана білдік. Сондықтан Абайдың кейбір басылымдарына Ахмет аудармалары кіріп кеткен кездері болды. Бірақ, мәселе мұнда емес. Біз үшін ең қызықтысы, ең мәндісі – бірін-бірі білмей, Крыловты өздігінен аударған екі данышпанымыздың өлең стилі, сөз өнері бөлек болуы. Аудару принциптері де қазақтың тосаң құлағына етене еніп, жеткізу шеберліктері де айна-қатесіз бірдей десе де болады. Түпнұсқа мазмұнынан ауытқымай, соны өз сөздерімен жеткізуге емін-еркін тырысқан екі ақынның орысшасындағы көркемдік бөлшектерді түсіріп алмай, соншалықты ұқыпты беруге ұмтылған ұқсастығына қайран қаласың. Мысалы, Крыловтың атақты «Қарға мен түлкі» атты мысалын Абай екі рет аударған. Екеуінің өлең өлшемң де, көлемі де бірдей. Бірі – жеті, бірі – сегіз буынды жыр үлгісінде. Ал, Ахмет Байтұрсынов он бір буын қара өлеңмен төрт жолдық шумақтар арқылы баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: |