9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйретудің әдістемелік тәсілдері



бет14/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйретудің әдістемелік тәсілдері. Тәсіл - әдістің бір бөлігі, оның бөлшегі, әдісті толықтырушы, нақтылаушы. Балаларды қимыл-қозғалыс әрекеттеріне үйрету процесінде әдістемелік тәсілдер әрбір жеке жағдайда міндеттерге және қимыл-қозғалыс материалының мазмұнына сәйкес, оны балалардың игеруіне, олардың жалпы дамуына, дене жағдайына, жасына және типологиялық ерекшеліктеріне қарай іріктеліп алынады. Осыған байланысты үйрету тәсілдері әртүрлі үйлесімділікте бір жағынан, балалар тапсырмаларды қабылдаған кезде барлық анализаторларға жан-жақты әсер жасауды, екінші жа­ғынан, балалардың қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды орындау саналылығын және дербестігін қамтамасыз ететіндей болып ұштастырылады. Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйреткен кезде тәсілдердің үйлестірілуі олардың өзара әрекеттесуімен анықталады. Тәрбиешінің көрнекілік әдіске жататын тәсілдерді, мәселен, үйретудің барлық, кезеңдерінде және әртүрлі жас топтарында қимыл-қозғалыс үлгісін көрсетуді басымырақ пайдалану (бұл кейде практикада ұшырасады) баланың оларды санаға жөнді сіңірмей механикалық түрде қайталануын тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың қабылдауын байыта отырып, тек қабылдау органдарына басым әсер ету бір жағынан қажетті ақыл-ой ынтасын бәсеңдетеді, осы жаттығудың барлық элементтерін санада логикалық бір ізділікпен сақтап қалуға көмегін тигізбейді, кейде оны баланың бұдан былай ықтиярлы орындау мүмкіндігін жояды. Дегенмен, балалардың мүмкіндіктерін ескерместен (әсіресе, кішкентайлар мен естиярларды (орта топ)) тек сөзді басым пайдалану баланы қимыл-қозғалыс бейнелілігін, түйсіктердің, нақтылы-бейнелі ойлау процесінің көр­некілік анықтығын қабылдаудан айырады. Сондықтан тәрбиеші балалар­ды дұрыс қимыл-қозғалыстарға үйретуде жақсы нәтижелерге жетуге ұмтыла отырып, үйретудің әртүрлі тәсілдерін - көрнекілік, сөйлесу және практикалық тәсілдерді өзара байланыстыра пайдаланады. Сөйтіп ол ба­лалардың жан-жақты дамуына, қимыл-қозғалыстарды өз беттерімен игеруіне, оларды тиісті жағдайларда өз беттерінше және шығармашылықпен қолдануына көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет