9-дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігі мен құзыреттілігі Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі



бет2/4
Дата30.03.2023
өлшемі36,69 Kb.
#77618
1   2   3   4
Әдіснамалық және кәсіби мәдениет. Әдіснамалық мәдениет білім алушының зерттеушілік іс-әрекетінің қалыптасуы барысында игеріледі. Ол үшін әдіснамалық білім қажет. Әдіснамалық білім зерттеушілік сыни тұғыдан ойлауын қалыптастырады. Әдіснамалық мәдениет ғылыми зерттеу этикасын сақтаумен сипатталады. Ғылыми зерттеудің этикасын бұзудың түрлеріне: 1) Плагиат яғни, ұрлау – біреудің шығармасын толық немесе жарым-жартылай өз атымен ұрлап пайдалану.
2) Мәліметтерді бұрмалау формалары: зерттеуші мәліметтер жинамайды, тек оларды даярлап шығарады; соңғы нәтиже жақсы болу үшін мәліметтердің бөлігін жасыру мен өзгертулер енгізу; кейбір белгілі көлемдегі мәліметтерді жинақтау мен жетіспейтін қорытынды мәліметтерді жинау арқылы толықтыру; егер шыққан нәтиже күткен нәтижемен сәйкес келмесе, өзінің барлық зерттеулерін жасыру. Сонымен қатар зерттеушінің шығармашылық сипаты да әдіснамалық мәдениеттің құрылымын анықтайды. Кәсіби педагогикалық мәдеинет – арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс-тәсілдерін итеру деңгейі. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінде қалыптасатын болашақ маманның жеке тұлғасына тән қасиеттері кәсіби біліктері мен білімі, кәсіптік деңгейінің қалыптасуына бастама болады.
Кәсіптік бейімделу – кәсіптік іс-әрекеттің мазмұнын ұғына отырып, оның сипатына, ыңғайына икемделу, кәсіби міндеттерді орындау. Маманның кәсіптік іс-әрекетке бейімделуі оның бойында, жалпы оның ұғымында кәсіптік идентификацияның бар-жоғымен байланысты. Оқытушы педагогикалық мәдениетте үш аспект арқылы қарым-қатынасқа түседі: 1) кәсіпті игеру, процесте педагогикалық мәдениетті үйрену, мәдени – педагогикалық сфераға тәжірибелік әрекет арқылы қосылу; 2) педагог педагогикалық құндылықтырды жинақтаушы және таратушы ретінде; 3) педагогтің педагогикалық шығармашылық әрекетінде өзін-өзі жетілдіруі, педагогикалық мәдениетті қалыптастыруы.
ЖОО оқытушысының кәсіби қабілеттерінің құрылымы:
1. Гностикалық компонент: жалпымәдени және арнайы білім және іскерліктер: пәндік, педагогикалық, психологиялық, методикалық;
2. Конструктивті-проективті компонент: ойша модельдеу, курсты құрылымдау, мазмұнды іріктеу, оқытуды ұйымдастыру формаларын таңдау, ғылыми қабілет: мәселені көру, басқа мәселелермен байланысты анықтау, гипотезаны тұжырымдау, мәселенің өлшеу кпитерийлерін белгідеу, сипаттау, ғылыми фактілерді синтездеу т.б.
3. Ұйымдастырушылық компонент: оқыту үрдісін ұймдастыру және оқытушының өзін-өзі ұйымдастыруы: өзін және өзінің уақытын, студенттердің жеке, топтық және ұжымдық танымдық әрекеттерін, ғылыми жұмысқа жұмылдыру т.б.
ЖОО оқытушысының педагогикалық ойлауы. Педагогикалық ойлау – оқытушы жеке тұлғасының кәсіби сапасы, оқыту мен тәрбиеге қатысты рефлексия деңгейі және кәсіби құзіреттілікті арттыру факторы.
Жаңа педагогикалық ойлау, ғылыми-педагогикалық ойлау, сыни тұрғыдан ойлау (рефлексия)
Сыни ойлаудың объектілері: 1. Глобальді білім беру концепциялар, жобалар, идеялар мен тұрғы, ұстанымдар және оларды білім беру үрдісінде жүзеге асыру жолдары. 2. Оқу бағдарламалары, оқу құралдар, оқу материалдың ірі нұсқалары және оларды оқу үрдісінде пайдалану әдістері. 3. Жеке лекция, семинар мен практикалық сабақтарды, СОЗЖ және СҒЗЖ ұйымдастырудың әр түрлі формаларын өткізудің әдістемелік нұсқаулары. 4. Коммуникативті компонент: әлеуметтік перцепция («чтение по лицу»), студенттің жеке тұлғасын, психикалық күйін түсіну, олармен қарым-қатынаста өзін ұстай білу, психологиялық тұрғыда өзінің сөз сөйлеуін тиімді құру. 5. Оқу сабақтардың үзінділерінің ерекшеліктері: студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдерін, оқу материалын көрнекілік негізінде ұсынудың әр түрлі формаларын пайдалану т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет