А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» шығармасының мазмұны



бет12/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» шығармасының мазмұны

Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелігі» – көлемі жағынан ұзақ әңгіме деңгейіндегі ағартушылық-әлеуметтік сипаттағы шығарма. Оның ағартушылық реализм көркемдік әдісінің аясында жазушы адамдардың өмірлік мұрат жолындағы күрескерлігін танытуды көздеген және сол заманның мүмкіндігінше авторлық идеясын орындап шыққан. Шығарманың тақырыбы – адамның әлеуметтік ортадағы жан-жақты ізденуге, жетілуге мүмкіндік иеленетін бостандық, идеясы – адамдардың тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастағы ең озат адамгершілік қасиет сапаларын иелену мүмкіндігін таныту.
Басты кейіпкер – Ғайникамал. Әкесі Ғайсаның егде жасқа келген кездегі туған перзенті Ғайникамал отбасының үлгілі тәлім-тәрбиесімен қалыптасып, одан кейін арнаулы мұғалімнен ауылдас кедей балаларымен бірге білім алады. Жазушының дәстүрлі эпикалық баяндауынан кейіпкердің рухани деңгейі анық: «Сонда Ғайникамал қасындағы бірге оқыған қазақ балаларының жалқаулығына, оқымайтындығына қапа болып, он жасында-ақ ойлап, өлең жазушы еді һәм жаңа шыққан романдарды және Ибраһим Құнанбайұлының жазған өлеңін бек көп оқушы еді».
Ғайникамалдың жаңашыл тұлғасы оқиғаның шиеленісуі кезеңінде әуелден айрықша байқалады. Үш жігіт қызды бір-біріне қимай, өзара таласқа түскен кезде, Ғайникамалдың үшеуінен де бас тартып, өзінің білімімен деңгейлес адамды ғана қалайтынын ашық айтқаны және өзімен рузани жағынан теңдес ақылды, оқыған жігіт Мұхаммедғалиді таңдағаны кейіпкер қыз бейнесінің шоқтығын көтере түседі.
Романның идеялық жаңашылдығы Ғайникамалдың әкесі Ғайса арқылы да айқын көрінген. Ғайса – қыз баланың рухани кемелдену тұғырында болуын тілейтін ізгілік иелерінің жинақталған тұлғасы. Қыз баланы жастайынан атастырып қойып, бағын байлауға қарсы болған осындай озық ойлы әкелер арқылы қазақ ортасында жаңашылдық көзқарасты насихаттау – автордың негізгі суреткерлік ұстанымы. Романның көркемдік түйіндері арқылы автор қазақ қыздарының жан дүниесіндегі рухани еркіндікті сүйетін, өзіндік өнегелі істерімен өмірге ізгілік нұрын шашатын көркем жинақталған тұлғасын ұсынған.
Қорыта айтқанда, Тайыр Жомартбаевтың әдеби мұрасы қазақ халқының рухани мәдениетіндегі жаңашыл, ағартушылық эстетика идеясын ұстанған бағыттың көркемдік көрсеткіштері қатарында бағаланады. Оның шығармалары Абай дәстүріндегі қазақ әдебиеті дамуының жаңа ізденістердегі талпынған өркениеттік бағдарын да өз дәрежесінде таныта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет