А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» шығармасының мазмұны



бет9/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» шығармасының мазмұны

Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір- біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхар жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодалдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. "Қалқаман - Мамыр" дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. "Қалқаман - Мамырдың" түрлі нұсқалары бар.


«Бекітілді»
6 хаттама 20 қаңтар 2023 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев
А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

5 емтихан билеті





  1. Қазақ әдебиетіндегі діни шығармалар

Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталады. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі дамуына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері сол кезеңде қалыптасты. [5]
Орта ғасырда негізі қаланған ислами әдебиетті жүйелеуде ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет және сопылық астар алған әдебиет.
Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, даму тарихының көрнекті тұлғалары Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік”, Ахмет Ясауидің “Диуани хикмет”, Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы”, Ахмет Йүгнекидің “Ақиқат сыйы”, Бурхануддин Рабғұзидың “Қиссасул әнбия” (немесе кейде “Қиссасур Рабғұзи”), Сейф Сарайдың “Гулистан бит-түрки” сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген жәдігерлердің шығармалары - соның жарқын дәлелі. Бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тарихына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын маңызды шығармалар болып табылады.
Сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, біздің дәуірімізге дейін жеткен Асан, Қазтуған, Досмамбет, Шал ақын, Шалкиіз (ХV-ХVІІІ ғ.ғ. ) жыраудан бастап, Шәді төре Жәңгірұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Кердері Әбубәкірге (ХІХ ғ.) дейін зар-заманда ұлттың ұрангерлері болып, ел ұйытқысына айналған ақын-жыраулар болған. Мысалы, Шал ақынның:
«Ат аспанда, нұр періште» деген сөз бар,
Құдайым жақсы десе, ұжмақ етер.
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.
Нәпсің бір көкжал бөрідей,
Иманың бағлан қозыдай,
Егер тыю салмасаң, Иманынды жеп кетер.[6] – деген. Бұл атақты тұлғалар қазақ қоғамның рухани тәрбиесі, әдептілік, құқықтық, діни қағидаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру істеріне араласты. Түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет шеңберінен шығып, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, біртұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой-ағымына айналды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет