А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


М.Жүсіптің «Қанды жексенбі», «Сарыарқаның кімдікі екендігі өлеңінің мазмұны



бет20/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
М.Жүсіптің «Қанды жексенбі», «Сарыарқаның кімдікі екендігі өлеңінің мазмұны

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Көпеев 1906 жылы «Қанды жексенбі» атты өлең жазып, бұл


тақырыпта бірінші болып қалам тартты:
Орысты туған бауыр есептедім,
Жыланды келіп қондым мұжығына,
– деп те ол Қазан төңкерісіне дейін бірінші айтқан. Осының бәрі
Көпеев шығармаларын тексеру, тану үстінде ұзақ зерттеліп, ұзақ
айтылуы керек.
«Бекітілді»
1 хаттама 2022 ж. 27 тамыз
Кафедра меңгерушісі __________ А.Е. Алимбаев


А. Қ. Құсайынов атындағы ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Оқу пәні: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

11 емтихан билеті





  1. Діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар

Діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни білім алып, шығыстық өркениетті мұрат тұтқандықтан замана сыры, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сол көзқарас тұрғысынан қарайды. Сондықтан да, олардың көпшілігі батыстық үрдістен өріс алған Ресейдегі қоғамдық өзгерістердің шынайы себебін, олардың сан қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын ашық айту керек. Бұлардың шығармашылығында ел қамын ойлаған тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген қиналыс бары рас, бірақ бұл тығырықтан шығар нақты жолды олар көрсетіп бере алмады.

Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері нәр алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай, шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыпырасын қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға өздері де өлең шығарып, нәзирашылдық дәстүрді дамыта түсті. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы ақын-жазушылар. Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына негіз болған қазақ поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет Яссауи, Рабғузи, Ахмет Игүнеки т.б. шығармашылықтары мен әдебиеттегі діни сарындар. Жалпы алғанда, діни-ағартушы ақындар өз дәрежесінде қазақ поэзиясының көркемдік деңгейін биікке көтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан баюына елеулі үлес қосты.


Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әртүрлі ақындар еңбек етті. Бірақ шығармасының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық көзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше болғанымен, бұл бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Бірінші белгісі – бұлар – діни мектептерде оқып мұсылманша білім алған ақын-жазушылар. Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы болды. Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрін, көркемдік тәсілдерін өз бойына үйір етіп, өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. Үшіншіден, бұлардың көпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын меңгергендер.


Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, Мәулекей Жұмашев және т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналысып, шығыс, ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нәзирашылдықты дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан аударып, өз бетінше жазған шығарма-дастандарын мынадай топтарға бөлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар: «Зарқұм», « Кербаланың шөлінде», «Сал-Сал», «Мұхамед-Ханафия», «Сүлеймен пайғамбар», «Жұм-Жұма» т.б. Қиял-ғажайып ертегі іспетті қиссалар: «Шәкір-Шәкірат», «Шаһмарал», «Абушахма» т.б. Ғашықтық қиссалар: «Жүсіп-Зылиқа», «Таһир-Зухра», «Ләйлі-Мәжнүн», «Боз жігіт» т.б. Батырлық қиссалар: «Рүстем-Дастан», «Кескен бас», «Ескендір», «Қисса Баһрам» т.б.


Шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды көбірек жазу арқылы қалыптасқан өзгеше әдеби дәстүр қазақ даласына кеңінен қанат жайды. Ол Алатауда да, Атырауда да, Сырда да, Жетісуда да өз жемісін беріп, небір майталман жүйріктерді еліктірген. Ал бұл бағыттағы көрнекті өкілдер діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың өресін биікке көтеріп, әдебиет тарихында өзіне ғана тән ақындық қолтаңбасын қалдырған өнерпаздар.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет